Жүректің ақауы

Жүректің ақауы

 

Жүректің қарапайым 8 ақауларының сипаттамасы:

1.Қолқа қақпақшасының кемістігі-жеткіліксіздігі. Қолқа қақпақшасының   толық жабылмау салдарынан диастола кезінде қанның біраз бөлігі қайтадан жақ қарыншаға құйылады.  Ол барып қолқаның р.о. нүктесінде диастолалық шуыл тудырады.

Клиникалық белгілері:

  • жүрек түрткісі күшейеді;
  • диастолалық шуыл тындалады;
  • жүрек шекарасы ұлғаяды;
  • мойын көк тамыры толқынданады;
  • тамыр соғу қысымы көтеріледі.

Бұл кемістіктің өтегішітік қабілеті (компенсация) жақсы. Ал бір себептерден ол мүмкішілігі нашарласа, онда:

сол жақ қарынша кеңейін қанға толады;

сол жақ жүрекшеден келетін қан толық кабылданбайды,
қарыншаға симайды;

кіші қан шеңберінде кан іркіледі;

ентігу, көгеру, ісіну белгілері білінеді.

2.    ҚОЛҚА ТЕСІГІНІҢ ТАРЫЛУЫ.

Систола    кезінде    қолқаның   тар    тесігінен    қан    қатты қысыммен өтуі салдарынан қолқаның р.о. систолалық шуыл тудырады. Клиникалық белгілері:

  • кілегей қабықтар бозарған;
  • кеуде дірілі сезіледі;
  • систолалық шуыл тыңдалады;
  • артерияда тамыр соғуы жәй, баяу;
  • жүрек шекарасы ұлғайған

Өтегіштік қызметі жақсы болғандықтан клиникалық белгілері көпке дейін білінбейді. Адамдарда тіпті екі есе кішірейгенше клиникалық белгілері білінбейтін көрінеді. Алғаш басталғаннан адамдардың ол аурудың қиыншылығын сезінуіне дейін 20 жылдай уакыт өтеді екен. Адамдардың ұйықтаған кезде қорылдауы қолқа тесігінің тарылуының клиникалық белгісі болып келеді.

Организмнің өтегішгік қызметі нашарласа:

сол жақ қарыншаның кеңейгені байқалады;

мидағы қан айналысы баяулайды, азаяды;

ауру мал тәлтіректеп (атаксия), есінен тануы мүмкіи.

3. ҚОС ҚАЛҚАНДЫ қақпақшаның кемістігі. Систола кезінде қанның біраз бөлігі сол жақ жүрекшеге қайта оралады. Клиникалық белгілері:

  • жүрек түрткісі күшейеді;
  • қос қалқанды қақпақшаның р.о. систолалық шуыл
    естіледі;
  • кеуде тұсын сипалағанда діріл сезіледі;
  • сол жақ жүрекше мен қарынша керіледі;
  • кіші қан шеңберінде қан іркіледі;
  • жүректің екінші сазы қатты естіледі.
    Компенсаторлық қызметін өтей алмайтын жағайда:
  • сол   жақ   жүрекше   кеңейіп,   ентігу,   көгеру   пайда
    болады;
  • бронхылар қабынып, өкпелер ісінуі мүмкін;
  • артерия   қан   тамырларының   толуы,   талқындануы
    нашарлайды.

4.ҚОС ҚАЛҚАНДЫ кақпақшаның тарылуы.   Диастоланың   соңында,   қанның біраз бөлігі сол   жақ жүрекшеден   қарыншаға   тар   тесік   арқылы   өтіп   систоланың алдында пайда болатын шуыл (пресистолалық) тудырады. Адамдарда     қакпақшаның    тарылуы     оның     кемістігіне қарағанда 4 есе жиі кездесетін көрінеді [13,14,15].

Сол жақ жүрекшеден қан сол жақ қарыншаға белгілі бір қиындықпен өтеді. Қарынша кеңейеді, қабырғалары жұқарады.

Өкпелерде қан іркіледі. Ол барып он жақ қарыншаны ұлғайтады, организмде оттегінің жеткіліксіздігі туындайды.  Ентігу, көгерулері біліне бастайды. Негізгі клиникалық белгілері:

систола алдында естілетін шуыл;

көкірек қуысының дірілі (мысық пырылы);

кіші қан шеңберінде қанның іркілуі;

сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлгаюы;

жүректің бірінші сазы қатты-тарсылдаған;

жүрек түрткісі күшейген;

ентігу, көгеру белгілері білінеді;

артерия соғысы жиі, толуы нашар, толқыны бәсең;

қосымша жирылу, тамыр соғысының ырғақтығаның
бұзылғандығы байқалады.

1. ҮШ ҚАЛҚАНДЫ қақпақшанын кемістігі. Систола кезінде оң жак, қарыншадан қан оң жақ жүрекшеге қайта құйылып ситолалық шуыл тудырады. Оң жақ жүрекше мен қарынша қан іркілісінен керіледі, шымырланады. Компенсациясы нашар. Клиникалық белгілері:

оң жақ жүрекше кеңейеді;

қан    айналысының    үлкен    шеңберіндегі    вена,  қан
тамырларында қан іркіледі (әсіресе бауыр жүйесінде);

вена қан тамырлары ісінеді;

кегеру, ісіну байқалады;

бауыр,   көкбауыр,   бүйректерде   қан   іркіліп,   сол   жақ
қарынша үлғаяды, шымырланады;

мойын көк тамырының онды соғысы анықталады,

2. ҮШ ҚАЛҚАНДЫ қақпақшаның тарылуы. Диастоланың соңында қан оң жақ жүрекшеден   қарыншаға   тар   тесік   арқылы   өтеді   де пресистолалық шуыл тудырады.

 

 

2 Өзіндік зерттеу

 

Мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасының ветеринарлық клиникасында өзіндік зерттеулер жүргіздік. Онда біз сиырдың жүрек және қан тамырлар  ауруын емдедік. Жетекшім  Нұралиев С. болды.

 

      2.1 Proanamnesis

 

Амбулаторлық  журналындағы тіркеу нөмірі -1

Емдік мекеме  мекен-жайы: Шымкент  қаласы,

Емдік мекеме  аты: М.Әуезов  атындағы ОҚМУ-дың «Агроөнеркәсіп» факультетінің «Ветеринарлық  медицина  және  зоотехния» кафедрасының клиникасы.

Иесі- Абрахманова Мөлдір.

5. Иесінің мекен жайы: Шымкент  қаласы, Қазұғұрт мөлтек ауданы,       Қожамберді көшесі №5  жеке үй

 6.  Мал түрі- сиыр

 7.  Жынысы-ұрғашы

 8.Тұқымы- Әулие-ата

 9.Түсі- ақ ала

 10.Жасы-  5 жасар

 11.Салмағы- 430кг

 12. Лақап аты-Марис

 13.Дәрігерге  көріну күні: 11.03.2011ж.

 14.Сауығу күні: 25.03.2011ж.

 15. Алдын ала қойылған  диагноз: жүрек ақауы.

 

2.2 Anamnesis vitae

 

 Маристы иесі өз үйінде  асыраған.  Мал  жайылымға шығарылған.  Азықтандыруы зоотехникалық нормаға  сай  болған (қоректік заттар, витаминдер,  минералды заттар). Сүтті  бағытта  өсірілгендіктен  құнарлы  азықпен (жем) күніне екі рет (азанда, кешке) азықтандырған, жайылымда дала шөбімен қоректенген, судан мұқтаждық көрмеген. Қыста сиырдың  буаздығы жақсы өтіп,  ешқандай  асқынуларсыз төлдеген. Профилактика мақсатында вакциналарды  уақытылы қабылдаған. Осы уақытқа  дейін ешқандай  аурумен ауырмаған.

 

2.3 Anamnesis morbi

 

Егесінің  мәліметтері  бойынша сиыр 20 күн  бұрын  әлсіздене  бастаған, Ауру мал жабырқаңқы, кейде ессіз, терең ұйқыға кетеді. Тәбеті  жоқ, өнімділігі, жұмысқа қабілеттілігі төмендеген. Жүрек-қан тамырларының кемістіктері тез дамып, жиі-жиі эндокардиальды шуыл тындалып тұр. ЭКГ кертештерінің амплитудасы биіктеген. Жүрек саздары бастапқыда қатты естілгенімен, соңынан әлсіреп естіледі.

Қан   айналысының   бұзылуынан   өкпелердің,   бауырдың, бүйректердің, ас қорыту ағзаларының жұмыстары нашарлаған. Жаралы  түрінде  терінің  кілегей қабықтарының қанталағаны байқалады.   Аретрияда   қан   қысымы   жоғары,   қан   айналысы жылдамдаған. Сепсис құбылысы байқалады. Қаңда лейкоцитоз.

 

       2.4 Status prоesens  communis universale

 

       Малды жалпы тексеру:

      Қоңдылығы   орташа,  конституциялық  бітімі  дұрыс  орналасқан,  ешқандай патология  байқалмайды.  Денесін  кеңістікте-дұрыс  ұстап  тұрады.

Пальпация арқылы  сиырдың  жалпы  денесін  сипап  көрдім.  Түктері  үрпиген, ұстап зерттегенде мал  әлсін-әлсін тынышсызданды, кейіннен   үйренді.  Сезгенім  сиырдың  температурасы  бар. 

Кілегей  қабаттарын  зерртеу. Зерттегенде көрінетін кілегей қабықтарының (көз , ауыз қуысы) түсі өзгеріп, бозарғанын байқадым.

Денесінде  бөгде  жарақаттардың  бар  жоғын  зерттедім.  Ондай   ешқандай   патология   көрінбеді.

Тыныс алу  жүйесін  зерттеу. Әдетте  өкпенің  күйін   перкуссия  арқылы  зерттеп гидроторокс,  тағы  басқа   патологияларды  зерттейді. Ондай патологиялар  жоқ.  Бірақ   тыныс  алу  жиі,  ентігу   сезілді.

Лимфа  жүйесін  зерттеу.  Лимфа  түйіндерінің  қалыпты  екенін  зерттеу.  Бездердің   көлемі  орнында, ешқандай   патология   көрінбейді.   Жақ  асты  жұп  безін  зерттеп  қарағанда  кішкене  дөнестілік  немесе  ісінулер   онша  байқала  қоймайды.  Қабыну   процестері  байқалмайды. 

Асқорыту  жүйесін  зерттеу.  Сиырдың   жалпы  асқорыту   жүйесі   бұзылған.  Ауырғаннан  кейін  азыққа  тәбеті  тартпай,  суды  көп  мөлшерде  іше  бастаған. Мал аза бастайды. Сиырдың  сүт  төмендеген.

Несеп жүйесін зерттеу. Несеп  жүйесінде   үлкен  патология   байқалады.  Зәр  бөлу  жиілеген, олигурия,  кейде  тіпті  анурия болуыда  мүмкін, түсі  лай  түстес,  кейде  ақшыл-қызыл,  не  қоңыр  түсті  болып  келеді.  Көбінесе  қышқылдығы  жоғары болады.

Зерттеу жоспары  мен оның  негізделуі

Лабораториялық зерттеу:

-қанның жалпы анализі (жітіфазалық  көрсеткіштерді, СОЭ артуын,  лейкоцитарлы  формуладағы  нейтрофильді  ауытқуды  анықтау  үшін);

-белок пен  белоктық фракцияларды;

-амилаза  мен  изоферменттерді,  қан  мен  несептегі  липаза,  трипсин ;

-жалпы  билирубинді, сілтілік фосфортаза (процеске  бауыр  мен  өт  жолдарынан  өттің  шығу  активтілігінің  қатысу  дәрежесін  анықтау  үшін);

-глюкоза, глюкозаға  толеранттылығы ;

-құрамындағы мочевина  құрамын  тексеру;

-креатининнің  құрамын  тексеру;

-несептің жалпы  анализі

-қанды МОР –ға тексеру

-капрологиялық зерттеу

2. Функуияналды  инструменталды  әдістер:

-УЗИ (бүйректің патологияларын  анықтауға,  сонымен  қатар  бауыр  жұмысын  анықтауға  болады.

-ЭКГ-жүректің  қызметін  тексеру  үшін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *