Жүйке жүйесін зерттеу

Жүйке жүйесін зерттеу

Бас сүйекпен омыртқа бағана жотасының жағдайы — пішіні өзгермеген, перкуссиялау кезінде ауырсыну байқалмайды, мінез — құлқы орташа, сезім мүшелері жақсы сақталған, көру сезімі жақсы, лақап атын атағанда оның есту мүшесінің жақсы екенін байқадым, бел омыртқасын сипап көргенімде бойын тік ұстады, иіс сезу мүшесін зерттегенімде және теріні зерттегенімде өзгеріссіз болды.

Малдың бас сүйегінің ми сауыты мен омыртқасын зерттеу. Көру арқылы малдың бас сүйегінің ми сауытының мынандай ерекшеліктеріне көңіл аударамыз; көлемі мен пішініне, оның мүмкін болатын өзгерулеріне (шеке тұсының ісінуіне, бас сүйегінің соққыдан зақымдануы).

Сипау әдісімен бас сүйегінің ми сауытына жақын түрған терінің ығысуын (ысу — менингит бас миының қабықшасының қабынуы), жұқпалы індетті энцефалит ауруында (ауырсынуы байқалуы) қой ценурозы, эхиноккоз (құрт ауруы), мидың ісінуі кезінде және сүйек ұлпасының жұмсаруын анықтау қажет. Бас сүйегінің ми сауытын нұқу дыбыстың өзгерілуі бар ми санын анықтау қажет. Көру, сипау және нұқу тәсілдерімен омыртқаны зерттеп, одан алынған мәліметтерді арнайы дәптерге жазу керек.

Вегетативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеу. Мал дәрігерлік тәжірибеде вегетативтік жүйке тамыр жүйесінің ахуалын анықтау үшін қолданылады. Бұл мақсатта көз — жүрек рефлексі қолданылады, ол үшін ең алдымен малдардың жүрек соғуының 30 секунд уақыт аралығындағы санын анықтайды. Содан соң Шаптала аспабымен немесе қол саусақтарымен көз шарасын 20-30 мм сынап бағанасы шамасындай күшпен босады. Тексерілген ауру малдың жүйке — жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер байқалмайды.

Дененің кеңістікте ұстауы және орналасуы амалсыз енжар қимыл. Тері жабындысның жағдайы — кілегей қабықтарын ісіндіріп, қуысына жинағандықтан оның саңлауы тарылып дем алу процесін қиындатады. Егер ауруды тудырған себептерді жоймаса, не тиісті ем қолданбаса, ауаның жеткіліксіздігінен және қабынба қалдықтарымен дененің улануынан малдар тұншығып өліп қалуы мүмкін.Жүннің және тері түгінің жағдайы жатық, түктік беріктігі төмен.Беткейдегі лимфа түйіндерінің жағдайы: жақ асты, иық алды, қызарған, көлемі өзгерген, пішіні қалыпты, конституциясы жұмсақ, ауырсыну аздап бар, қызуы орташа. Көзге көрінетін кілегей қабықтардың жағдайы: коньюктивінде, танауында, ауыз қуысының кілегей қабығында өзгерістер айрықша көрінбейді.

2.5 Status proesens localis

Дене температурасы 1° — 37,5°С

Тамыр соғысы — 44

Тыныс алуы -16

Малдың жалпы жағдайы — күйзеліңкі

Дене бітімі — орташа

Қоңдылығы — орташа

Дененің кеңістікте -ұсатуы және орналасуы амалсыз енжар қимыл. Тері жабындысының жағдайы — алдыңғы оң аяғының тізесінің тері бүтіндігі бұзылған, аз ғана ісік немесе домбығудың белгісі бар.

Жүннің және тері түгінің жағдайы жатық, түктік беріктігі төмен.

Беткейдегі лимфа түйіндерінің жағдайы : жақ асты, иық алды, көлемі өзгермеген, пішіні қалыпты, конституциясы жұмсақ, ауырсынуы бар, қызуы орташа.

Ең бірінші домбығу білінеді, ауырсыну, функциясының бұзылуы болады. Қызарады, түйін пайда болады, Ісік пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Эпидерміс қабатында шұрық тесіктер пайда болады, сол тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің ағады. Дене қызуы 44ºС көтеріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *