Егістік дақылдардың классификациясы

Егістік дақылдардың классификациясы

 

Егiстiк дақылдар  бірнеше дақылдардан тұрады:  дәнді және жармалық, дәнді бұршақты дақылдар, тамыр жемісті дақылдар, майлы дақылдар, талшықты дақылдар, мал азықтық шөптер.

ОҚО аталған дақылдардың көпшілігі өндіріледі. Атап айтқанда, дәнді дақылдардан күздік бидай дақылы ең негізгілерінің бірі. Дақылдың егістік көлемі жылына 220-250 мың.га егіс көлемін құрайды. Қазіргі таңдағы талап бойынша ауылшаруашылық маңызды дақылдарды нарықтық экономикалық бәсекеге сай өсіріп, арамшөптермен күрес жүргізе отырып дақылды өсіруге кететін шығын көлемін азайтып, алынатын өнім көлемін жоғарылату бүгінгі ғылымның басты бағытының бірі. Өңірдегі шагын не орта шаруа қожалықтарында және өндірістік кәсіпорындарда күздік бидайдың өнімділігі күрт төмендеп барады. Мұның негізгі себебтерінің бірі – дақылдарға агротехнологиялық күтіп-баптау жұмыстарының дер кезінде жүргізілмеуі, егістікте ауыспалық жүйенің игерілмеуінің әсерінен. Ауылшаруашылықы дақылдарды ег мен өсіруде егіс алқабының топырағын негізгі өңдеуге және егер алдындағы топырақты майдалап уақтауға кететін барлық шығын мөлшерінің 40-45 пайызды құрағанымен, ал осы шығынды азайту бағытындағы іс – шаралар толыгымен жүргізілмеуде.

Күздік бидай егіс алқаптары арамшөптермен ластануына қарай өндірілген өнім сапасы төмендеп, алынатын өнім 30-40 пайызға төмендейді. Сонымен қатар ғылыми деректерге сүйенсек, зиянкестер мен аурулар әсерінен жылдық өнімнің 25-30 пайызы жоғалып, азық-түліктік сапасы төмендейді. Агроөнеркасіп саласын реформалау кезеңінде Оңтүстік Қазақстанда дәнді дақылдардың түсімі орта есеппен гектарына 22 центрнерді құраса, аудандастырылған сорттардың потенциалды өнімділігі 45 гектар деңгейінде болып отыр. Өнімнің тұрақсыз және төмен болуының басты себебі арамшөптермен дер кезінде жүйелі күрес жүргізбеу салдарынан екені белгілі. Көптеген ұсақ не іріленген агроқұрылымдарда агротехникалық іс-шараларды уақтылы қолданбаудың әсерінен, яғни мәдени өсімдіктерді өңдеп өсіруде қателіктер жіберуінің және арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін толық білмеу өнімнің төмен болып қалыптасуына әкеліп соғуда.

Ауыл шаруашылығы екпе дақылдарын егіп-өсіруге ұсынылған агро-технологиялық шараларды ұстануға әр түрлі жаңа ауыл шаруашылық құрылымдардың объективті және субъективті себептері мен қаржылық – техникалық жағдайының төмен және жеткіліксіз болуына байланысты егіншілік танапта жүйелі агротехнологиялық шаралар жүргізілмей келеді. Сондықтан егіншілік саласында қазіргі нарықтық бәсекеге сай топырақты үнемді өңдеу мақсатында тиімді, яғни тікелей себу технологиясын зерттеп енгізу қажет. Негізінен бұл технология барлық мемлекеттерде қолданыс тауып, нарықтық экономикаға кең көлемде себіліп, жылдан жылға кеңеюде және үнемді технология (нольдік) әлемдік қоғамда 129 млн.гектарға артқан.

Ал майлы дақылдарға деген сұраныс өңірімзде жыл өте артып келеді. Бұл дақылды өндіруде облыстың егіншілік жүйесінің потенциалы айтарлықтай жеткілікті. Сонғы кездегі майлы дақылдарға деген сұрнаытсың артуына орай, сонымен қатар онірдің климаттық жағдайының оңтайлылығын ескере отырып жалпы жылдық түсімді арттыру бағытында көптеген істер атқарылуда.

Қазіргі таңда мақсары дақылынан алынған өнім көлемі гектарына 10 центренден артса, тәлімдік жерлерде мақсарының аудандастырылған сорттарының потенциалды өнімділігі 18ц не оданда жоғары болып отыр. Өнімнің төмен болуының негізгі себептері: арамшөптермен күрес жүргізу жолдары жетілдірілмеген, зиянкестер көп зақымдауы мен егістік алқаптың арамшөптермен ластануы. Осыған байланысты жекелеген агроқұрылымдарда өнімділік көлемі төрт центнерден аса алмай отыр.

Жоңышқа  Қазақстанның оңтүстік өңірінде негізгі мал азығындық бағалы дақылдың бірі. Аймақтағы суарммалық  неемсе тәлімдік егіншілікте астық, мақта, көкөніс мал азықтық дақылдарының ауыспалы егісінде өсіріледі. Кеңес Одағы кезінде біздің өлкемізде мал азығын дайындау мақса-тында өсірілетін жоңышқа егіс көлемі 350-400 мың гектар жерді құраса, тұқымдыққа себілетін егістік 40-41 мың гектар, әр жылы себілетін егістік 80-85 мың гектарды қамтитын. Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан жағдайда, егіншіліктегі ұсынылған жүйелер түбегейлі бұзылған. Көптеген дақылдар жылда бір танапқа ауыстырылмай монодақыл ретінде өсіріледі. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендеп, жарамсыз жерлердің көбеюіне септігін тигізуде. Бұл мәселенің шешімін табу, яғни жоңышқа егіс көлемін қайта қалыптастыру максатында егіншілік жүйсесінде қысқа ротациалы ауыспалы егістікті үнемді агротехнологиялық жүйемен қалыптастыру қажет. Нәтижесінде қажетті мал азығын жинап топырақ құнарлығын жақсартып егістік алқаптың фитосанитарлық жағдайының жақсаруына қол жеткіземіз.

Мерзімінде егілген және жоғары сапада өңделген топырақта ауыл шаруашылығына қажетті дақылдардың өнімділік сапасы мен санын молайтуға қол жеткізуге толық мүмкіндік бар. Егістік топырағын дұрыс бағытта ондеу барысында, негізінен тәлімі егістік жерлерде өнімділік деңгейі көп жағдайда тиімді технологияларды пайдалануға арқылы өнім сапасы жоғарылайды және осы жұмыстарға тіке байланысты. Өңірдін суармалы егістік жерлері аз болғандықтан жоңышқа дақылын тәлімжерлерде өсіру қажет. Сондықтан барлық агротехнологиялық іс-шаралар жинақталған ылғал қорын тиімді пайдалануға бағытталуы тиіс. Топырақты өңдеу жұмыстарының негізгі бағыты – түскен ылғалды мүмкіндігінше толық жинақтап сақтап қалуға және ауаға буланып ұшпауына бағытталуы керек.

Көптеген шаруа қожалықтарындағы қаржы және техникалық жағдай дәстүрлі технологиямен жоңышқа өсіруді қолға алуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар жоңышқа тұқымының сапасыз немесе тым қымбат болуы шаруалардың бұл дақылды өсіруіне кері әсерін тигізуде. Нарықтық қатынас жағдайында шаруалардың өндірісте қалыптасқан технологиямен жоңышқа өсіру, яғни топырақты 28-30 см терең аудара жырту, тегістеу, басқа да агротехникалык істерді жүргізуге қыруар шығынды талап етеді, және ол жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуге мүмкіншіліктері келмейді. Сондықтан да егіншілік жүйесінде топырақты үнемді өңдеу және тікелей себу технологиясымен жоңышқаны өсіру, яғни тұқым шаруашылығын жетілдіру бүгінгі таңда өзекті мәселе екені анық.

Қазіргі таңдағы егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабат құнарлылығының төмендеуі көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайына және ауыспалы егістікке дақылдардың орналасуы мен топырақты өңдеу тәсілдеріне қарай өзгереді. Бұл өз кезегінде жарамсыз жерлер көлемінін артып, алқаптардың құнарсыздануына әкеліп соғуда. Ауыл шаруашылығында аудара жыртылатын егістік көптеген эрозияларга ұшыратады, сондай-ақ техногенді ластану, яғни топырақтың тығыздануы мен тұздануына. Егістік алқапты әрдайым аударажырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро және микро структураларының бұзылуына әкеп соқтырады. Топырақ жыртуға пайдаланылатын техникалармен өңделетін қабаттың көлем салмағы мен тығыздығына ықпал етіп, нәтижесінде алынатын өнім 5-50% азаяды. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ауыр техникалар мен машиналар егістік топырағын өңдегенде оны таптап тығыздық көрсеткішін жоғарылатады. Сондықтан да егістік алқаптарды ауыл шаруашылығына  жарамсыз болудан сақтандыру, болдырмау жолда-рын қарастыру қажет. Тәлімі егіншіліктегі өсімдіктерді егу жолымен топырақ құнарлылығын бастапқы қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі және суғармалы егіншілік жағдайында сұр топырақтарда органикалық қалдықтар жиналуына бағытталуы кажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *