Дәрілік өсімдікті шикізаты – медициналық қолдану үшін белгіленген уәкілетті орган белгіленген тәртіппен рұқсат етілген өсімдікті шикізаты.
Дәрілік форма – дәрілік затты немесе дәрілік өсімдікті шикізатты қолдану үшін ыңғайлы күйге келтіру, бұл кезде қажетті емдік əсер болуы тиіс
Дәрілік препараттар – белгілі дәрілік формада мөлшерленген дәрілік заттар.
Қосалқы заттар – дайын дәрілік пішіндер өндіру процесінде, оларға қажетті қасиеттер беру үшін қолданылатын, табиғаты органикалық немесе бейорганикалық болатын заттар
Қаптама материалдары – дайын дәрілік заттарды мөлшерлеу, сақтау үшін арналған материалдар.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: фармацевтикалық технологиясының негізгі түсініктері мен ұғымдары, дәрілік формалардың жіктелуі, фармацевтикалық технологияның міндеттері мен мақсаттары