Белгілер мен қысқартулар

Белгілер мен қысқартулар

 

 

%-пайыз

Г-грамм

Мл-милилитр

Кг-килограмм

Г-грамм

Мл/кг-милилитр/килограмм

Мг/кг-милиграмм/килограмм

Г/кг-грамм/килограмм

 

Анықтама

Балау — ауруды анықтау, табу, диагноз қою.

Індет — індет процесінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.

Дезинфекция — сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.

Дауалау — жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау.

Оқшаухана — жұқпалы ауруға шалдыққан малды тұрақты емдеуге арналған  орын.

 

 

      Аннотация

     «Ішкі жұқпалы емес аурулар, клиникалық балау,рентгенлогия»   пәнінен  жазылған  «Жүрек қан тамырлардың ақаулары және оны емдеу профилактикасы»  атты  курстық  жұмысым.  Кіріспе  бөлімінде қысқаша ауру туралы қамтылған.

 Негізгі  бөлім   тақырыптары  мыналар      қамтылған, жүрек қан тамырдың ақаулары және оның қызыметтері, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің  ауруларының жіктелуі,  емдеу шаралары, жүректің ішкі қабының және қан тамырларының аурулары, жүрек ақаулары.  

 

Кіріспе

 

 

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі — ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.

Малдарды  күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру — сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу — жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.

Жүрек пен қан тамырларының жұмысы және олардың басқа ағзалармен байланысы сопақша мидаға орталық және нейрогуморальдық жолдар арқылы реттеліп отырады.

Жүректің жұмысы ғалымдарды өте ерте кезден қызықтыра бастаған. Бірақта көпке дейін қан айналу процесін нақты түсіндіру мүмкін болмады. Бір кездерде артерияларда ауа, ал қан тек веналарда ғана болады деген түсініктер болды және қан айналуды реттейтін орталық бауыр делінді.

Қаннын оң құқлақшадан сол қарыншаққа келетінін бірінші рет Гален дәлелдеп берді.

Қанның жүректің оң жартысынан сол жартысына өкпе арқылы өтетінін ХVІ ғ. Сервет пен Коломбо дәделдеді.

1582 -1579 ж. Гарвей кіші қан шеңберін ашты.

1661 ж. Малъпиги капиллярларды ашты.

Одан кейінгі жүректің жұмысының реттелу процесіне
И.П.Павловтың, Старлиигтің,       Г.И.Косицкийдің, В.Ф.Овсянниковтың қосқан еңбектері мол болды. Ол -аурудың бастапқы кезінде жүрек қызмётінің жетіспеушілігін тұншықтыру ретінде болса (систоланыц мөлшерінің кебеюі арқылы), кейінен систоланың мөлшері азайған кезде жүрек соғуының жиілегенінің пайдасы болмайды. Соның салдарынан жүрек еті шаршап, оның демалыс уақыты азаяды (диастола). Осындай журек соғуыньщ жылдамдауы (тахикардия) жүрек етінің қоректенуін нашарлатады. Осының бәрі жүрек етінде дистрофия құбылысын тудырады.

Кальций жүрек еттінің жиырлу, босаңсу процесстерін реттеп отыратын бірден-бір табиғи элемент. Ол микоплазмадан саркогоматикалық ретикулумға белсеиді түрде ауысын отырады.

Жүрек  қақпақшаларының  тарылуымен немесе олардың     кемістіктерімен     сипатталатын,     көбінесе эндокардиттің асқынуынан пайда болатын дерт.

 

 

1   Негізгі бөлім

  1. Жүрек қан тамырдың ақаулары

 

Ішкі ағзалардың ішінде бір қалыпты, циклді ритмде жұмыс істейтін жүрек. Жүрек пен қан тамырлар жүйесі мал организміндегі ең басты жүйенің бірі, оның негізгі қызметі -ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және әртүрлі нәрлі затгармен қамтамасыз етіп, кереті заттарды денеден шығару.

Орташа жас ұзактығымен есептегенде адамның жүрегі өмір бойына 2,5 млд. рет соғады екен де, өзі арқылы 200 млн.литр қанды өткізеді екен.

 Міне бұл табиғаттың жаратқан мүмкіншілігі,
ең алдыңғы қатаралы ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып
жасалған техникалық насостардың бірнеше мың сағат қана
жұмы істейтінін ескере отырып, оны табиғаттың
мүмкіншілігімен салыстырсақ, онда әлі ашылмаған табиғат
тылсымының қанша құпия сырлары бар екендігі болжамданады.

Денедегі қан айналысын үздіксіз жүргізіп тұруға жүрек, артерия, вена, капилляр қан тамырлары міндетті. Жүрек еттерінде аз уақыттың ішінде /секунд/ энергияға өте күрделі қосылыстар пайдаланылып, қайта түзіліп жатады. Жүрек еттерінің 4 негізгі қасиеттері бар:

  • автоматтық;
  • қозғыштық;
  • өткізгіштік;
  • жиырылғыштық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *