АДАМНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ҚАСИЕТТЕРІ

АДАМНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ҚАСИЕТТЕРІ

 


Арамзалық — арамдығы жоғары, ниеті жаман адамның қасиеті. Арамза адам өзгелерді алдасам, олардан пайда тапсам деген ниетпен жүреді. Алайда өзгеге жамандық ойлаған адамның өзінде еш уақытта жақсылық болмайды.

Арсыздық — ар-намысы жоқ, ұятсыз, абыройсыз адамның адамгершілікке жат кылықтары мен мінез-кұлқы. Абай атамыз: «Өзін-өзі күндейді, Жақынын жалған мінейді, Ол — арсыздық белгісі», — деп айтса, Шәкәрім атамыз: «Айла, өтірік, арсыздық өнер емес, Мен де анаудай болсам деп таласарлық», — деп түсіндірген.

Еріншектік — еңбекке зауқы соқпайтын жалқау адамның қасиеті. Қазақ халқы еріншектіктің жаман қасиет екенін үнемі даналық сөздермен білдіріп отырған. Соның бірі — ұлы ақын Абай атамыз кейінгі ұрпаққа бұл қасиетті мынадай сөздермен таратады: «Адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Әуелі — надандық, екіншісі — еріншектік, үшіншісі — залымдық; Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны». Сондай-ақ «Еріншек етікшіден, елгезек масақшы артық», «Жабайы шөп егінді аздырар, еріншектік ерді аздырар» деген сияқты мақал-мәтелдерді айтып кетуге болады.

Жалқаулық — кежегесі кейін тартып тұратын еріншек адамның қасиеті. Жалқаулық — адамның ең нашар қасиеттерінің бірі. «Алма піс, аузыма түс» дейтіндердің кейпін киген жалқау адамдар көп жақсылықтан құр қалады. Ұлы Отан соғысының Батыры Бауыржан Момышұлы атамыз «Еңбек түбі — рахат, жалқаулық түбі — азап» деген насихат айтып кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *