Өз ісінің шебері болыңыз!
Барбара супермаркет қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызметкерлердің жұмыстарына деген ынтасын арттыруымен міндетті психолог. Бір күні
офисіне Джонни есімді кісі звондайды. Магазиндердің бірінде кассада сатып алушылардың заттарын пакеттеумен жауапты кісі екен. Оның үстіне Down
синдромының бар екенің айта келіп:
— Барбара, айтқандарың маған қатты ұнады – деді.
Барбараның әңгімесінің ертесіне Джонни әкесінен компьютер алуын сұрап, компьютер қолдануды үйренуді қалайды. Үйге барып күнде ―күннің көркем сөзі‖н жазып қоятын болды. Осындай сөздерді таппаған кезде де оларды
ойдан шығаратын. Сөздердің бәрін компьютерге жазып, бірнеше копия жасап принтерден шығарады да, әрбірін кесіп, артына да өз есімін жазады. Ертеңіне сатып алушылардың заттарын пакетке салғанда жаңағы бір бір сөзден де
қосып салатын болды. Осылайша жасаған ісің қызықты әрі ерекше етіп
жасайтын болды. Бір апта болмай Барбараға сол супермаркеттің директоры телефон соғады:
— Барбара, бүгін не болғаның айтсам – сенбейсің! Магазин аралап шықсам, Джоннинің кассасына тұрған адамдар кезегі басқа кассалардікінен 3 есе ұзын екенің көрдім. Мен дереу қосымша кассалардың ашылуын талап етіп ұрыса бастаған едім, сатып алушылар ―жоқ, біздің Джонни кассасында тұрғымыз
келеді. Күннің көркем сөзін алғымыз келеді‖ деп жауап береді. Кейін сатып алушы бір әйел қасыма келіп ―Бұрындары супермаркетке аптада бір рет қана кіретін едім. Қазір болса, жолым түскен сайын кіріп жүрмін. Джоннидің
―күннің сөздерінен‖ алғым келгендігінен‖.
3 ай өтіп магазин директоры Барбараға қайта телефон соғады:
— Джонни екеуің супермаркетімізге үлкен өзгерістер әкелдіңіздер. Енді гүл
сататын сатушымыз сынып қалған гүлдерді лақтыра салмай, оларды әдемілеп жаңартып гүл алуға келген жасы үлкен әйел мен жас қыздардың көйлегіне
қадайтын болды. Ет сататын жақта сатушы ат, қой суреттерін принтерден шығарып ет пакеттерінің сыртына жабыстырып сататын болды. Осының арқасында сатып алушылардың да, сатушылардың да көңілдері көтеріңкі болып жүр.
Martin Luther King: ―Егер сіз көше сыпыруға да болса жауапты
болсаңыз, жұмысыңызды жақсы атқарыңыз. Көшенің тазалығын көрген адам
―мына жақты пәленше сыпырды‖ деп бірден танийтын болсын. Яғни, Микеланджелоның сурет салғанындай, Бетховеннің әуін жазғанындай,
Шекспирдің өлен жазғанындай сыпырыңыз. Жақсы сыпырып, өткен
кеткендер ―мына жерде өз ісің жақсы білетін бір сыпырушы тұрады екен‖ десін.