Әскер
Въетнамдағы соғыстан бір сарбаз үйіне, Сан-францискоға, қайтып бара жатқан екен. Ең жақын теміржол станциясынан үйіне телефон соғып ата-
анасына сүйінші хабарын айтады:
— Мама, Папа! Мен үйге келе жатырмын! Бірақ жалғыз емес, қасымда бір досым бар. – дейді.
Ата-анасы ұлдарының соғыстан аман есен қайтып келе жатқанына қатты қуанып:
— Әрине! Ол не дегенің! Өзіңмен бір емес екі досыңды әкелсең болады! Сенің досыңмен танысуға асығыспыз! – деп жауап береді.
— Хм, бірақ досым туралы бірнәрсені айтқым келеді қазірден. Ол соғыста бір минаға басып, бір қол мен бір аяқты соғыста жоғалтады. Оның баратын басқа жері жоқ. Оған біздің үйде түруын ұсындым..
Бұл хабарды естіген ата-анасының көңіл күйі бұзылады да:
— Балам, ондай мүгедек адамдарға арнайы күтім керек.. Біз оған қарай
алмаймыз.. Бізге үлкен ауырлық болады.. Біздің өз өміріміз бар, ол кедергі болады өмірімізге.. Ең жақсысы сен оны басқа достарына тастап, өзің келе берсеңші – деп баласын қабылдаған шешімден бас тартуын қалайды. Баласы ата-анасының бұл сөздерін естіген кезде үндемей телефонды тастайды.
Осыдан кейін ата-ана ұлдарынан көп күн бойы еш хабар ала алмайды. Бір күні үйлеріне Сан-Францисконың ауруханасынан телефон соғылады.
Ұлдарының өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғанын хабарлайды. Әке-шешесі бұл қайғылы хабарға сене алмай дереу Сан-Франциско жаққа ұшады.
Мүрдеханаға барып өлген кісінің расында да жалғыз ұлдары екенін көреді. Бірақ ұлдары жайында олар білмеген тағы бір нәрсе оларды естерінен талдырады – ұлдарының бір қолы мен бір ғана аяғы бар екен..