Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев « «ҚАЗАҚСТАН – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамыз табысының негізі деп алты түрлі бағытты басшылыққа алған екен. Соның бірі – қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы.
Елбасы біздің ана тілімізге, яғни, қазақ тілімізге аса зор мән бере отырып тіл саясатының қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі екендігін анықтап айтты.
Əлемдік тілдерді игеру — əлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашады. Олай болса, əлемдік деңгейдегі қолданбалы жəне іргелі зерттеулерді əрі дамыту үшін казіргі таңдағы халықаралық талаптарға сəйкес жоғары оқу орындарын бітірген түлектер ауадай қажет. Оларға жоғары білім жүйесін дамыту арқылы ғана жеткілікті дəрежеде сапалы білім беруге болады. Солардың бірі — оқытылатын ел тілінің тіл білімі материалдарын ана тілімен, ана тілінің өзіндік лингвистикалық аспектілерінің ерекшеліктерімен — cалыстыра отырып игеру.
Өзі игерген тілдің даму заңдылықтарын терең зерттей білу — тілді ғылыми білу болып табылады деген пікірді С.Аманжолов былайша пайымдайды: «Тілді ғылыми білудің негізгі шарты — оның грамматикасын, грамматикалық құрылысын, негізгі сөздік қорын, дыбыстық жүйесін, сонымен қатар оның құрылысын жəне даму тарихын зерттеу. Бөгде тілге байланысты этнографиялык, тарихтық, əдебиеттік мəселелерді қамти отырып, жақын, туыс, туыс емес тілдердің материалдарын салыстыра тексеруді керек етеді.»- дейді.Олай болса, тіл- коғамдық қарым — қатынас кұралы болғандықтан, оны даму заңдылықтарын зерттеудің өзінше ерекшелігі бар, зерттеп қарайтын, қамтитын мəселелері жеткілікті ғылым. Сол тіл ғылымы зерттеп қарайтын мəселелердің ішінде оның тиісті салалары болып табылатын қазіргі заман талабына сай шет тілін оқытудың мақсаты қандай əдіс — тəсілдерге негізделетінін қарастырамыз.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Шет тілін оқытудың мақсаты және міндеті
Оқу бағдарламасында пән атаулары мен такырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Бұл құжат оқулықпен салыстыру барысындағы өзгерістердің, толықтырулардың көрінісі. Сондықтан мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаларға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның түпкі және қосалқы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабактың негізгі және қосалқы мақсаттары болады.
Негізгі және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы мұғалім үшін айқын болуы керек.
Оқытудың негізгі үш түрі бар:
1) тәрбиелеу
2) ағарту
3) дамыту
Оқыту мақсатының төрт түрі бар:
1) тәрбиелік
2) дамыту
3) ағартушылық
4) тәжірибелік (практикалық)
Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. «Адам адамға — дос, жолдас, бауыр» деген моральдық кағиданы есте ұстаған жөн.
Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.
Балаларды оқи білуге, акыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамалыктарды пайдалана білуі керек, оқулық белгілерін түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.
Ағылшын тілінде білім алу мен тәрбие «education» деген бір сөзбен беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Оқытудың дамыту мақсаттары. Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.
Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту — тіл білімін дамытудың басты мақсаты.
Әйтсе де, окытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек, қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін өте маңызды. Сондықтан осы максаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге болатынын көреміз.
Оқытудың ағартушылық мақсаттары. Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. (мәселен, француз тілі — француздар мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі — еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді). Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі — тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.
Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі кұралдары -сөздер мен грамматикалык формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің терминдермен салыстыру арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғгалім бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады.
Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тілін өлең арқылы таныстыруды ұсынады («wһаt іs уоur namе?»). Мысалы, дауысты дыбыстың ұзақ-қысқалылығы, т.б. сипатына қарай. Шет тілінде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Тілді үйрену тыңдау, көру, есту, қозғалыс мүшелерін белсенді пайдалануға үйретеді, ол зейінді, қиялды, үғымды дамытады.
Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Оқытудың тәжірибелік мақсатының түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Тіл — сырткы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.
Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
Шет тілін тыңдап түсіне білу (аударғанша) және сөйлеп білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайлалана білу немесе жазу және шет тілінде жазылған мәтінді оқып білу жатады.
2.2 Шет тілін оқытудың негізгі компоненттері
Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Мазмұн ағылщын тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін аңықтайдады.
Оқытудың мазмұны 3 негізгі компоненттен тұрады:
1) лингвистикалық
1) психологиялық
1) әдістемелік
Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды білуімен катар, неге осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек екенін білуі керек.
Лингвистикалық компонент. Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы — тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар бұл таңбалар жүйесін өзара түсінісу үшін қолданады. Ал әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді.
Сонымен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен кызметін қарастырады. Ал сөйлеу дегеніміз — осы белгілер жүйесін қарым-қатынас барысында қолдану. Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі, олар бір-бірін толықтырады.
Тілдің және сөйлеудің өзіне тән бірліктері бар. Тілдің бірліктеріне: фонема, морфема, сөз, фразеологлялық бірлік, микро және макромәтіндер жатады.
Оқытудың мазмұнын анықтауда тілге немесе сөйлеуге үйрету керек пе?», «Тілді жүйе түрінде оқыту керек пе? Әлде сөйлеуді үйрету керек пе?» деген сұрақтар пайда болады.
Тілді лингвистикалық феномен ретінде оқытса, ол тәжірибелік қарым-қатынас құралы ретінде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, фонетиканы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда бір-бірінен бөлек оқытса, ол ешқандай коммуникативтік міндеттерді шеше алмайды.
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеуден тілге қарай жүру жүйесін сақтау немесе тілді ұйымдастырған мақсатты сөйлеу процесі арқылы үйрету керек. Сөйтіп, мазмұнынның лингвистикалық компоненті шығады. Оған мынадай тілдік маитериалдар жатады: нақты іріктелген фонетикалық, грамматпкалык, лексикалық мннимумдер және тілдік материалдар, сөздік үлгілер. Іріктеу, жүйелілік және мөлшер қарым-қатынастың мөлшеріне байланысты. Тілдік үлгі сөйлем, диалог, монолог түрінде беріледі және сейлемнің түрлері ретінде беріледі. Осын-ай тілдік үлгілер тілдің жүйесін қүрайды және ол үйренушінің есінде қалады.
Ал оқыту бірліктері белгілі бір жағдайларға байланысты сейлемдер арқылы беріледі. Олар белгілі бір ырғақпен айтылады.
Оқыту мазмұнына тіл білімінің әлеуметтік лингвистика бөлімі де әсер етеді. Бұл бөлімде тілдің мәдениет пен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледі.
Лингвистика әдістеме мен оқытудың лингвистикалық компонентінің анықтауға мүмкіндік береді. Лингвистикалық компонетке тілдік және сөйлеу матералдары кіреді.
Тіл — ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Сондықтан шет тіліне үйрету белгілі бір жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетіне үйрету. Қазіргі әдістемеде елтану туралы мәліметтер көп қолданылады, ол сол елдің жағрафиясын, тарихын, өмірін зерттеуге арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған мәтіндер арқылы беріледі.
Психологаялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын анықтау мүмкін емес. Психология адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын — психолингвистика деп атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс-қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде зерттейді. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай тәртіппен қатысады, тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді.
Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қальптасады: тыңдау мен оқуда тілдік материал қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады.
Диалог, әңгіме. мәтіндер тек сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекеті — тілдік және сөйлеу материалы дағдылары мен біліктілік арқылы дамытылғанда ғана мүмкін болады.
Дағды дегеніміз — жаттығу мен қайталау аркылы автоматтандырылған іс-әрекеттің бөлігі. Мысалы: А.Леонтьев сейлеу дағдысы деп өте жоғары дамытылған сөйлеу әрекетін айтады.
Шет тілін меңгеру — тілдік дағдылар жүйесін үйрену, ол үшін тілдік біліктілік керек. Тілдік біліктілік шығармашклық іс-әрекетпен байланысты. Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е.И. Пассов дағдыға айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық, оқу және жазу дағдысын жатқызады.
Сонымен қатар, психологиялық компонентке коммуникатнвтілік мақсат үшін тілдің дағдысын және біліктілігін пайдалана білу жолы жатады.
Әдістемелік компонент. Қазіргі дидактика ғылыми оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруға, әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда мұғалім оқу процесін үйымдастырушы болып табылады. Оқушының белсеңділігіне басты назар аударылады.
Тілді үйренудің нәтижелілігі оқушыға тікелей байланысты, олар мүмкіндігінше шет тілінде көп сөйлеп, тыңдап. оқып, жазулары керек.
Тілдік ортаның болмауы тілді оқыту ісінде кері әсер етеді. Сондықтан мүғалім сабаққа шығармашылықпен әзірленуі керек, тілді үйренуді окушы тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уакытта да ұмытпауы керек.
Тіл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3-4 рет болса, жоғары сыньптарда 1 рет болады, сондыктан жоғары сыныпта өзіндік оқу ерекше маңызды. Ол үшін оқушыны оқу әдістеріне, тәсілдеріне үйрету керек.
Мысалы, оқушы тілдік дәлелді бақылап үйреңеді.
Белгілі бір сөзді айтып үйренуде сөздің айтылуының айырмашылығын үйренеді, сол аркылы оқылу ережесін үйренеді, пайдаланады.
Оқыту процесінде екі тілдің ұқсастықтарын да пайдалану қажет. Оқушыны жазу, оқу тәсілдеріне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет.
Осы айтылғандардың барлығы оқытудың 3-ші компонентін — әдістемелік компонентті құрайды.
Әдістемелік компонент — оқудың тәсілдерін үйрену, қарым-қатынас жасау үшін тілдік дағдыны және біліктілікті қалыптастыру.
Шынында да, белгілі бір дағдысыз, білімсіз шет тілін оқып-үйрену, сөйлеу, айту, жазу мүмкін емес. Ол үшін күнде шамалы болса да оқып тұру қажет, сөздерді жаттау қажег. Бұдан басқа тілді үйрену жолы жоқ.
2.3 Шет тілін оқыту құралдары
Оқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек ретінде қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал –жабдықтар, заттар жатады.
Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан , қалай қолдануы және қандай нәтиже жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе алады.
Оқыту құралдарын топқа бөлу. Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын мынадай топқа бөлуге болады:
1. Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша
2. Оқушыға немесе мұғалімге арналған
3. Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту
4. Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес
негізгі оқыту құралына оқу-әдістемелік кешені: оқулық,мұғалімге арналған оқулық жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланылғанда техникалық оқыту құралдары өте қажет.
Мысалы, 2 және 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінде оқулықпен бірге дыбыстық жазба да бар.
Ал 4 және 5-сыныпқа арналған грамматиканы пайдалану ағылшын тілінің дыбысталуының айтылу дағдыларын үйретіп тыңдау және оқуды дамытады. Қосымша оқыту құралдарына компьютерлер мен бейне материалдар жатады.
Сонымен қатар, ағылшын тілі кабинетіндегі барлық құралдар қосымша құрал болып есептеледі.
2-сыныптадағы негізгі құралдарға-бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады.
4-сыныпта- бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинкалар жинағы, көрнекілік жинағы, көрнекілік құралдар: суреттер, грамматикалық таблицалар, диафильмдер, кинофрагменттер, лингафондық практикум жатады.
5-сыныпта — бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинка,, көрнекіліктер жатады.
Қосымша құралдарға осы оқу-әдістемелік кешеніне кірмеген, міндетті емес құралдар : транспаранттар, кодоматериалдар, диафильмдер, тарату материалдары, ойыншықтар , т.б.заттар жатады.
1.Бағдарлама – бұл мұалімнің белгілі бір сыныпта жұмыс жүргізу үшін қолданылатын мемлекеттік құжаты. Мұғалім бағдарламаның түсініктемесін ұқыпты оқып,оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Мысалы, 1985 жылғы түсініктемеде оқыту ауызша түрде жүргізіледі деген.
Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуін, олардың сыныпта тыс жұмытарына көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тіді оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту әдістемесі де згеруі тиіс.
Түсініктемеден кейін бағдарламаның өзі беріледі, онда оқытудың тақырыптары(үлгі) және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
2. Екінші маңызды құрал – мұғалімге арналған кітап. Бұл оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалім сабақ жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуге тиіс. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралман жұмыс жасайтындығын анықтакп алады. Құралдардың керегін таңадап, болмаса өз бетімен әзірлеуі тиіс. Содан кейін мқғалім кітаптың түгел мазм ұнымен түгел танысыуы керек. Онда әр тоқсандағы жоспар құрады. Мұғалімдік кітапты әр ұстаз әр түрлі жүргізеді. Мысалы, кейбіреулер бұл кітапты пайдаланбайды, сабақ жоспарын өздігінше құрады. Басқалары кітапты қолданғанда өзгертулер енгізеді. Бұл дұрыс емес. Немесе кітапты қолданып бәрін кітаптағыдай әзірлейді де, белгілі бір сабақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес.
Кітапты қолданудың ең дұрыс түрі – оны толықтырып, сынып оқушыларының ерекшелігі мен қабілетін ескеріп, жоспар жасау. Оны тәртіппен кітап толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады.
3. Оқулық – ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы, 4 немесе 2 –сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі ауызша кіріспе бөлім суреттерімен берілген. Ал 2- сыныпта тапсырмалары бар суреттермен берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. әр сабақтың құрылымы сөйлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді. Мысалы, 2-сынып оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look and say), екінші бөлігі оқуғ (Read), үшінші бөлігі жазуғ (Write), ал төртінші бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы пайдалана білсе, ағылшын тілін өзіндік оқуға мүмкіндік болады.
4.Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға үйренуге арналған құрал. Үйге тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу тәжірибелік, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық бағыттарымен берілген. Оқу мәтіндерінің ерекшеліктері оқуға қызықтырады, сол үшін оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек. Мәтіндердің әдістемелік ерекшеліктері бар., олардың соңында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.
5. Дыбыстық жазба (таспа). Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол оқу құрамына кіреді және елтанушылық, лексикалық мәтіндер арқылы немесе әртүрлі диалогтар түрінде беріледі.
ІІІ Қорытынды
Сонымен, Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады.Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді.Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретіндетанылып, әдістемелік-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды.
Қорыта айтқанда, жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары жүйесін негіздеп, олардың педагогикалық,психологиялық шарттарын жасау арқылы айқындалды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Ағылшын тілі мектепте» №1/ 2012ж // Ғылыми-әдістемелік журнал
2. « Мұғалім және қоғам» // №3 // 2011ж.
3. «Ұстаз» журналы // 2011
4. «Қазақстан мектебі» // №2 // 2013ж // Ғылыми-педагогикалық журнал
5. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
6. «Ағылшын тілі мектепте» №3/ 2013ж // Ғылыми-әдістемелік журнал