Сұлулық пен Көріксіздік
Бір күні Сұлулық пен Көріксіздік бір көлдің жағасында кездесіп:
— Суға кірейік – деп, киімдерін шешіп суға кіріп жүзеді. Біраздан кейін
Көріксіздік жағаға шығып Сұлулықтың киімдерін киіп алады да әрі қарай жолына жалғастырады. Сұлулық жағаға шыққан кезде өз киімін таппай
қалады. Жалаңаш болудан да ұялады. Көріксіздіктің киімін амалсыздана киеді.
Сол күннен бері, ерлер мен әйелдер ол екеуін шатастырып жүреді-мыс.
Бірақта, кейбір адамдар Сұлулықты бұрыннан көргені үшін, оның үстіндегі киіміне қарамай-ақ Оны таниды. Көріксіздікті да бұрыннан көргендер, Оның әдемі көйлегіне алданбай шынайы жүзін көре алады.