Сын

Сын
Бір кездері өз ісінің үздігі, атақты суретші болған екен. Атақты суретші болғаны үшін щәкірттері де көп болады оның. Осындай шәкірттерінен бірі оқуын тамамдаған кезде ұстазы барлық жасаған суреттерін қала орталығына апарып көрме ұйымдастыруды ұсынады. Суреттердің қасына да қызыл қалам мен ―ұнатпаған жерлер бар болса, жөндеуді өтінемін‖ деген жазу жазуды

сұрайды. Бірнеше күн өтіп шәкірт суреттерін көріп қайтайын деп қала орталығына барса, суреттердің быт-шыты шығарылғанын көріп қапыға түседі. Ұстазына барып ренішін айтады. Ұстаз елдердің жасағаның көңілге алмай, суреттердің бәрін қайта салуды ұсынады. Шәкірт суреттердің бәрін қайтадан салып болған кезде, ұстаз қайтадан қала ортасында көрме жасап,
бұл жолы суреттердің қасына түрлі-түсті бояуларды және өткендегідей жазу жаз деп ақыл айтады. Шәкірт ұстаздың айтқаның орындайды. Бірнеше
күннен соң келіп қараса суреттерінің ешбіріне ешкім ешқандай түзету жасамапты. Оқушы қуанып ұстазының қасына жүгіріп барады. Ұстаз күлімдеп былай дейді: ―Бірінші көрме кезінде адамдарға суреттерінді
түзетуге мүмкіндік бергеніңде олардың сыны қанщалықты қатыгез боларын түсіндін. Өмірінде бір сурет салып көрмеген адамның өзі әйтеуір сын болсын деп суреттеріңді шималап кетті. Екінші көрмеңде адамдардан
шығармашылық талап еттің, шығармашылық болса білім қажет етеді. Бұл жолы елдер білмеген тақырыпта сын айтуға қорқты. Жасаған жұмысыңның қайтарымын жұмысыңды түсінбейтін адамдардан ешқашан ала алмайсын. Сол үшін, түсінбейтіндермен ақылдаспа және де ешқашан олармен ұрысып, реніш сақтама.‖

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *