Роберт Кйиосакидің тарихы
Менде екі әке болды, бай және кедей. Біреуі білімді және ақылды,
докторлық дәрежесі бар, төрт жылдық университтеті 2 жылда аяқтап
шыққан адам. Сонымен қатар Стэнфорд, Чикаго,және Солтүстік-
Батыс университеттерінде оқыған.
Екінші әкесі 8 классты да аяқтамаған. Екеуіде үлкен мансапқа ие
болған және өмір бойы екпінді жұмыс істеген адамдар. Екеуіде көп
табыс тапқан.
Біреуі ғұмыр бойы қаржы тапшылығымен күресумен болса,
екіншісі Гаваядағы ең бай адамдардың бірі болған.
Біреуі ондаған миллион долларды өзінің отбасына,қайырымдылық
орындары мен шіркеуге өсиет етіп, дүниеден өткен. Екіншісі өзінен
кейін, төленбей қалған есеп шоттарын қалдырған.
Екеуіде мықты, ардақты және сыйлы адамдар болған. Екеуіде
маған ақыл-кеңестер беретін, бірақ, олары қарама-қайшылықты және
әртүрлі болатын. Олар менің білім алуыма үлкен мән беретін.
Егерде, менде бір ғана әке болғанда, мен оның кеңестерін
қабылдап немесе қабылдамған болар едім. Олар, екеу болғандықтан,
маған екі пікірді: біреуі байдікі, екіншісі кедейдікі, үнемі салыстырып
отыруға мүмкіншілік берді. Бұлардың пікірлерін қабылдауға немесе
қабылдамай тастауға жағдайым бола тұра, олардың айтқан
сөздерін,терең ойларын, салыстырып, өз ойымның елегінен өткізіп,
таңдап алуды мақұл көрдім.
Дегенмен, бұл жағдайдың бір қиыншылығы: бай әкем әліде болса,
байып үлгірген жоқ еді, ал кедей әкем-кедей болып үлгеріп еді.
Екеуінің де мансаптары жақында ғана басталған еді, екеуіде өз
отбастарын қамтамассыз етулері қажет еді.
Бірақ, ақша туралы олардың көзқарастары тым әртүрлі болатын.
Мысалы, біріншісі: “Ақшаға құнығу барлық жаман істің түп
тамыры”- десе, екіншісі: “Барлық жаман істің түптамыры ақшаның
жоқтығы”, — дейтін.
Менің бала кезімде, осындай беделді екі әкенің ықпалымен өмір
сүру қиынға соқты. Мен, жақсы әрі тіл алғыш бала болғым келді, бірақ
олар маған қарама-қайшы пікірлер айтумен болды. Әсіресе, ақша
жөніндегі көзқарастарының ерекшелігі, маған үлкен ой салатын,
осының бәрін зерделеп, зерттеп түсінуге итермелейтін.
Сөйтіп, олардың айтқан сөздері жөнінде көп ойлана бастайтын
болдым. Менің біраз уақытым ойлануға, әсіресе: “Ол неге бұлай
дейді?” дегенге кететін. Біреуінің айткан пікірін, екіншісіне сұрақ етіп
қойатынмын. Әрине, маған: “Ия, оныкі дұрыс, мен мұнымен
келісемін” немесе “Шал өз айтқанын, өзі білмейді”, -деп қоя салуға
болатын еді. Алайда, менде екі жақсы көретін әкелер болғандықтан,
көп ойланып, ең аяғында өз пікірімді қабылдауға әкеліп соқтыратын.
Ақырында, біреудің пікірін жәй тыңдап, қабылдап немесе одан
бас тартқанша, өзінше ойланып, шешім қабылдаудың артықшылығына
көзім жетті.
Байлардың одан сайын байи түсуі, кедейдің одан әрі кедейленуі,
ал орта класс өкілдерінің қарыздан шықпаушылығы себебтерінің бірі —
ол адамдардың ақшаның не екенін мектепте білмей, үйде білушілігі.
Бала ақшаның не екенін, ең бірінші өз ата-анасынан үйренеді.
Ал, кедей адам баласына ақша туралы не айта алады?
Ол тек қана: “Мектепте оқы және тырысушы бол”,- дейді. Мүмкін
бала мектепті жоғары бағалармен аяқтар, бәрібір онда қаржы туралы,
кедейдің ой-пікірі қалыптасады. Себебі: оған, ол бала кезінен
үйренген. Мектеп ақша жөнінде оқытпайды. Мұғалімдер ғылыми және
кәсіби біліктіліктерін арттыруға тырысып, қаржы туралы ойласпайды.
Міне, сондықтан да банкирлер, дәрігерлер және бухгалтерлер
мектепте жақсы оқығандарына қарамастан, өмір бойы қаржы
тапшылығын сезінумен болады.
Біздің мемлекетіміздің көп қарыздары бар. Мұның басты себебі:
жоғары білімді саясаткерлер мен үкімет шенеуніктерінің, қаржы
жөнінде білімдерінің мардымсыз және шала болулары салдарынан,
олар қаржы мәселелері туралы көбіне сауатсыз шешімдер
қабылдаушылықтары болып табылады.
Мен, алдағы жаңа мың жылдықта, материалдық және дәрігерлік
көмекті қажет ететін, миллиондаған адамдармен не болар екен?, -деп
ойлаймын. Сөз жоқ олар өз отбасыларына немесе Үкіметке тәуелді
болады. Ал, дәрігерлік және зейнетақы қорларында ақша бітсе не
болады?
Халық сонда қалай күн көреді, егерде балалабақша дегеннің не
екенін, көпшілігі кедей (не болмаса түбінде сондай кедей болатын)
ата-аналарынан ғана үйренсе?
Менде маған ықпал ететін екі әке болғандықтан, мен ол екеуінен
де үйрендім. Олардың берген кеңестерін, бөліскен ой-пікірлерін жиі
ой елегінен өткізіп, ақырында ойдың адам өміріне қандай және қалай
ықпал ететіне көзім жетті.
Менің кедей әкем: «ондайды өзіме жасауға, менде жағдай жоқ» , —
деп жиі айтса, екіншісі мұндай сөздерді айтуға тіптен тыйым салатын.
Ол: “мұндай жағдайды өзіме қайткенде, қалай жасай аламын?”, -деп
ойлану керек екендігін нығыздап айтатын. Бірінші пікір- тұжырым, ал
екіншісі- сұрақ. Біріншісі көнушілік, екіншісі ойлау. Тез байыған
әкемнің түсіндіруі бойынша: «мұндайларды өзіме жасауға жағдайым
жоқ», -деп айтқан сәттен бастап-ақ, адамның мыйы автоматты түрде
ағытылып, қайтып оған оралмайды”, -дейтін. Оның бұлай түсіндіруі,
әрине барлық дүниені тегіс сатып алушылық дегені емес еді.
Ол, әлемдегі ең мықты “компьютер” адамның ой-өрісін
жаттықтыруға болатындығына кәміл сенуші еді.
“Мен өзіме мұндай жағдайды жасай алмаймын”,- деушілік
дәрменсіздік, ойдың жалқаулығы- деп есептейтін. Менің екі
әкелерімнің жұмысты көп істегендеріне қарамастан, байқағаным
біреуі ақша туралы сөз көтерілгенде, миын жаттықтыра бастайтын, ал
екіншісі оны ұйқылы, селқос жағдайда ұстайтын. Сөйтіп, бәрін айта
келгенде, біреуі қаржы мәселелері бойынша ерен табыстарға қол
жеткізсе, екіншісінің жағдайы керісінше болды. Яғни, күнде
тренажерлық залға барып жаттығушы адам мен күні бойы диванда
отырып, газет оқып, телевизор көрушілікпен айналысатын адамның
арасында қандай айырмашылық болса, мұндада нақ сондай
айырмашылық бар еді. Күнделікті жаттығу адам денсаулығының
мықты болуына көмектессе, ал ақыл-ойды, ой- өрісті жаттықтыру-
байлыққа жеткізеді. Жалқаулық- адамды денсаулықтан да, байлықтан
да ада қылады.
Менің қос әкем әртүрлі көзқарастарды дәріптеп келді. Біреуі,
кедейлерге қамқорлық жасау ретінде, байлар үлкен салық төлеуге тиіс
десе, екіншісі: “Салықтар- жұмыс істеушілер үшін жаза, ал түк
бітірмейтіндерге- сый”, дейді. Бір әкенің кеңесі: “ұқыпты оқы, түбінде
жақсы компанияда жұмыс істейсің”, -десе, екіншісі: “ұқыпты
оқы,сонда сен жақсы компанияны түбінде сатып аласың” дегенді
айтады.
Біреуі: “Мен бай емеспін, себебі: менің балаларым, сендер,
барсыңдар”, -дейді. Екіншісі: “Мен бай болуым қажет, себебі:
балаларым, сендер, барсыңдар“,- дейтін.
Біреуі, ақша және іс туралы ас үстінде айтуды қаласа, екіншісі
ақшаны әңгіме қылуға тыйым салатын.
Біреуі, ақшамен байқап қимылда десе,- екіншісі; “Тәуекелділікті
басқаруға үйрен”- дейді.
Біреуі: “Біздің үйіміз- біздің ең үлкен капитал жұмсауымыз”, -деп
есептесе, екіншісі: “Егер үй — капитал жұмсау болса, онда адамда
айтарлықтай ақша проблемалары туындайды”, -дейді.
Екеуіде төлемдерді уақытында төлейтін, бірақ біреуі- алдымен,
екіншісі — сонынан.
Біреуі, өзін қартайған шағында, компания немесе мемлекет
қамқорлыққа алады, -деп есептейтін. Ол әрқашан жалақының өсуіне,
зейнетақы қорларына, дәрігерлік жеңілдіктерге, ауруға байланысты
төлемдерге, демалысқа және сондай т.б. үнемі көңіл бөліп
отыратын.Оған екі ағайынының 20 жылдан астам армияда
қызмет етіп, ғұмыр бойы тағайындалған жеңілдіктермен отставкаға
шыққандары қатты әсер ететін. Армияның отставкадағы
зейнеткерлеріне дәрігерлік жеңілдіктер берілуі және олар үшін арзан
бағалы дүкендердің болуы оған өте ұнайтын. Өзінің университтегі
үлкен лауазымды жұмысын мақтан тұтатын. Кей уақытта оған,
намыстың өзінен гөрі, өмірлік жұмысқа орналасу мен жеңілдіктер
артық көрінетін. “Мен мемлекетке аянбай бар күшіммен қызмет еттім,
мұндай жеңілдіктерді алуыма қақым бар”, -деп жиі айтатын.
Екіншісі толық қаржылық тәуелсіздікке сенетін. Жеңілдіктер
менталитетіне қарсы болатын. “Олар адамдарды әлсіз, әрі кедей
қылады. Адамға қаржылық біліктілік қажет”, -деп тұжырымдайтын
ол.
Бір әкем үлкен күшпен оншақты долларды әзер жинайтын.
Екіншісі өз ақшасын әртүрлі салымдыққа (активке) салатын. Біріншісі,
мені жақсы жұмыс табу үшін, әсерлі резюме (пікір) жазуға үйрететін.
Екіншісі, маған басқаларды да жұмыспен қамтамассыз ету
мақсатында, ойластырылған қаржы және бизнес жоспарларын калай
жасау керектігін көрсететін.
Сөйтіп, екеуінің де ыкпалы маған, адам өміріне ойлану тәсілінің
Қалай әсер ететіндігін көріп, білуге мүмкіндік беретін.
Мен, шындығында, адам ойының өмірді қалай қалыптастыратындығын
байқадым.
Мысалы, менің кедей әкем: “Мен ешуақытта бай болмаймын”, —
дейтін.
Айту керек, оның бұл “көрегендігі” орындалды.
Екіншісі, керісінше, өзін бай адаммын, -деп санайтын.
Тіпті, ол үлкен каржылық сәтсіздіктің салдарынан түбегейлі
банкроттыққа ұшыраса да. өзін баймын, -деп атайтын. Мұнысын
былай, -деп түсіндіретін: “Кедейлік пен банкроттықтың арасында
үлкен айырмашылық бар. Екіншісі уақытша жағдай, ал біріншісі —
мәңгілік”. Сонымен қатар, менің кедей әкем: “Мені ақша
қызықтырмайды» немесе “Әңгіме ақшада емес“ дегендерді жиі
айтатын. Ал бай әкем: “Ақша- ол билік”, -деп кесіп айтатын. Расында,
адам ой-қимылының қандай күші бар екенін кім есептеп көрген?
Дегенмен, ойланудың маңыздылығын, мен бала кезімнен
аңғарғанмын. Менің пайымдауымша, кедей әкемнің кедейлігі «ақшаны
аз тапқандығынан емес (ол аз алмайтын), оның себебі: ол солай ойлап,
солай қимыл жасайтын.
Менде екі әке болғандықтан мен бала кезімнен, екі акыл кеңестің
Қайсысын өзіме таңдап алуды жан-жақты салыстырып,
ойластыратынмын. Қайсысын тыңдауым қажет- бай әкені ме, әлде
кедейін бе?
Екеуіде оқып, білім алуға үлкен мән беретін, бірақ нені оқу
керек, оқудың қай түрі маңыздырақ, бұлар туралы олардың пікірлері
үйлеспейтін.
Біреуі, мен жақсы оқып, жоғары білім алып, үлкен жалақы алу
үшін жақсы жұмыс тауып алуымды қалайтын. Ол менің: адвокат,
бухгалтер немесе менеджер болғанымды жақсы көретін.
Екіншісі, қалай бай болуға, ақшаның қалай жұмыс істейтіндігін
білуге, қайткенде, оны өз пайдаңа жұмыс атқаруға мәжбүр етуді
білуді, оқып үйренуге кеңес беретін. “Мен ақша үшін жұмыс
істемеймін. Ақша мен үшін жұмыс істейді”, -деп жиі қайталайтын. .
Ақырында, мен 9 жасымда, бай әкеден ақшаның не екенін білуге
бел шештім: Кедей әкемнің ғылыми атақ-дәрежелеріне қарамастан,
оның ақыл-кеңестерінен гөрі, бай әкенің ойпікірлерін қалауды
ұйғардым.