Байлар ақша үшін жұмыс істемейді.
— Папа, айтшы қалай бай болуға болады?
Әкем оқып отырған кешкі газетін, ысырып қойды.
— Балам, сен неге бай болғың келеді?
-Себебі, бүгін Джиммидің мамасы өзінің жаңа «Кадиллак»
машинасымен келіп, өзінің отбасын демалыс күндерінде теңіз
жағасындағы үйге алып кетті. Джимми өзімен бірге үш досын қоса ала
кетті, ал Майкл екуімізді шақырған жоқ. Бізге айтқандары: сендер
“кедей” болғандықтарыңнан алмаймыз,- деді.
-Шын ба? -деді әкем сеніңкіремей.
-Ия, рас, -дедім мен өкпелі түрмен. Әкем үндемей басын шайқап,
көзілдірігін дұрыстап қайта киіп, газет оқуын жалғастырды. Ал, мен
ол не айтар екен? -деп күтуде болдым. 1956 жыл. Мен 9 жастамын
болғаны солай, байлардың балаларымен бір мектепке баратынмын.
Біздің қалашығымыз бұрынғы қант плантациясының орнына
салынған. Плантация басшысы, басқа да ықпалды тұлғалар:
дәрігерлер, бизнесмендер мен банкирлер алғашқы алты жылға өз
балаларын осы мектепке беретін, содан кейін, оларды жеке меншікті
мектепке ауыстыратын.
Біз сол мектеп жағындағы көшеде тұрғандықтан, мен осы
мектепке баратынмын. Егерде, біз басқа көшеде тұрғанда, сөз жоқ
тұрмыс-жағдайлары бізбен қатар отбасыларының балалары оқитын
мектебіне жіберген болатын еді. Алтыншы класстан кейін, мен және
мен сияқтылар мемлекеттік мектепте оқуымызды жалғастырдық. Біз
үшін жеке меншік мектеп жоқ еді.
Бір кезде әкем газет оқуын тоқтатты. Оның ойланып отырғаны
көрінді.
— Балам, -деді ол ақырын бастап, егер сен бай болғың келсе, онда
саған ақша табуға үйренуің керек.
— Ақшаны қалай табады?, -деп сұрадым мен.
-Өзің ойлан,- деді жымиып мұнысы: “Мен саған ештеңе
айтпаймын” немесе “Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын, мені
ыңғайсыз жағдайға қалдырма”, -дегені Сияқты болып көрінді маған.
Бірінші серіктестік
Келесі күні әкеммен болған әңгімені, ең жақсы досым Майкке
айттым. Майк екеуімізде, осы мектепте оқитын кедей отбасыларынан
едік. Ол да мен сияқты, тағдырдың қызық қалтарыстарына
байланысты, осы мектепке окуға келген еді.
Біреудің мектеп шекарасын біз тұратын көше арқылы өткізуіне
байланысты, байлардың балаларына арналған мектепке бардық.
Шындығында, біздер соншалықты кедей де емес едік, бірақ бізге
солай көрінетін, себебі: бізден басқа балалардың барлығында да жаңа
бейсбол қолғабтары, жаңа велосипедтері барлығы жаңа болатын. Әкем
мен шешем бізге қажеттінің бәрін берді: ас, киім, үйіміз болды. Бірақ
одан артық ештеңе жоқ.
Менің әкем: “Егер саған бірдеңе қажет болса, оны сен еңбекпен
табуың керек”, -дейтін. Бізге көп нәрселер қажет еді, алайда 9 жасар
балаға көп жұмысты кім береді?
Біз ақшаны қалай істейміз?, -деп сұрады Майк.
Мен білмеймін, -дедім. Ал, сен маған серік болғың келе ме?
Ол келісімін берді, сөйтіп сол сенбінің таңында маған тұңғыш
бизнес-серіктес пайда болды.
Біз таңертеңнен бері, ақшаны қалай жасау керектігі жөніңде
жоспар құрумен болдық. Кей уақытта, біз теңіз жағалауында тұратын
Джимми сияқты “байларды” еске алдық. Бізге бұл біршама өкінішті
еді, бірақ осы өкініш бізді баю жолына ынталандырушы күш болды.
Бір кезеңде, бізге түстен кейін бір ой келді. Бұл пікірді Майк бір
ғылми көпшілік кітаптан оқыған екен.
Біз бір-бірімізге үлкен үміттілікпен қарастық, сөйтіп біздің
серіктестігімізде-өз ісіміз пайда болды.Содан кейін, біз бірнеше апта
бойынша көрші-көлемдерді, үйлерді аралап, босап қалған тіс
тазартқыш пасталардың тюбиктерін (шөлмек) бізге берулерін өтіндік.
Алдымен бұған үлкен адамдар таң қалып, содан кейін күлімсіреп
келісімдерін берді. Кейбіреулері біз не істемекшіміз, -деп білгілері
келді. Оларға біз: “Оны біз сіздерге айта алмаймыз. Бұл
коммерциялық құпия” , -дедік.
Бір кезде шешем мазасыздана бастады, себебі: біз жинаған
заттарымызды коюға, оның кір жуатын машинасының тұрған жерін
қалап алып едік. Әртүрлі қажетсіз заттар салынған қағаз жәшіктің
жанында, біздің жинаған тюбиктеріміз күннен-күнге көбейе бастады.
Бір күні шешемнің шыдамы таусылды. Оны күнде өздері лас әрі
майысқан тюбиктерді көру тойдырған білем.
-Бізден, осы сендер не істеп жүрсіңдер?”-деп сұрады.
Маған қайдағы бір “коммерциялық құпия” дегенді қойыңдар. Бәрін
тез шығарыңдар, әйтпесе мен барлығын лақтырып тастаймын”,- деді.
Біз, Майк екуіміз жалынып, жақында ойымызды іске асыру
мақсатында, әліде болса жеткілікті материалдарды жинап алу үшін,
уақыт керек, -деп түсіндірдік. Шешем бізді аяп тағыда бір аптаға
рұқсат етті.
Осылай ісімізді тездетіп бастауға сыртқы жағдайлар түрткі
болды. Өйткені, жұмыс атқарушы серіктестік ретінде, қойма жөнінде
менің шешемнің тарапынан алғашқы ескерту алдық. Енді Майкке
көршілерді тездетіп паста тюбиктерін босатуды, ол үшін тістерін жиі
тазартуды өтіну міндеті енді. Мен өндіріс орнын жинақтауға кірістім.
Бір күні әкем, бір досымен үйге келіп, аулада бар ынтасымен
жұмыспен айналысып жатқан тоғыз жасар екі баланы көреді.
Маңайымыздың бәрі ақ ұнтақтармен қоқыстанған еді. Ұзын үстелдің
үстінде пайдаланудан кейін, мектептен алып келген бос сүт
пакеттерін, жанында грильде алаулап тұрған қызыл шоқтарды көрді.
Әкем баяу қимылдап, бізге жақын келді. Машинасын есік алдында
тастауға тура келді, себебі гаражға қоюға біздің өндірісіміз жол
бермеп еді.
Ол досымен жақынырақ келіп, шоқ үстіндегі қазандықта тіс
тазартқыш тюбиктердің балқып еріп жатқанын көрді. Ол кезеңде паста
тюбиктері пластмассадан емес, жезден жасалатын. Олардың бояуын
отпен өшіріп, қазындыққа салып балқытып ертіп, содан кейін оны сүт
пакеттеріне арнайы тесік арқылы құя бастадық. Картонды жәшікте
гипс бар болатын. Сумен араластырылған сол ұнтақ маңайымызды
аппақ қылған еді. Мен абайсызда қапшықты құлатып алғанмын,
сондықтан маңайымызда ақ боран соққандай еді. Гипстен біз құю
қалпын жасадық.
Әкем біздің балқыған жезді, гипстен жасалған қалыпқа қалай
құятындығымызды бақылап тұрған.
-Ақырын, байқа, -деді. Мен үндемей басымды изедім. Бір
уақытта жұмысымызды аяқтап, қазындықты орнына қойып, әкеме
қарап жымиып.
-Балалар, сендер не істеп жатырсындар?, -деп сұрады ол
күлімсіреп.
-Біз сенің айтканыңды жасап жатырмыз. Біз бай болғымыз
келеді, -дедім мен.
-Солай, -деді Майкте басын изеп. Біз серіктеспіз.
-Ал, мынау гипстік қалыптарда не бар?, -деді ол қызықтап.
-Абайла, -дедім мен. Жақсы партия болуға тиіс. Содан кейін
кішкентай балғамен, қалыптың екі жымдасқан жерінен ұрып, жоғарғы
бөлігін босаттым. Қалыптан жез тиын түсті.
-О, Құдай, -деді әкем. Сендер жезден ақша жасап жатырсыңдар
ма! -деді таңданып.
-Дәл өзі, -деді Майк мақтанышпен.
-Біз, Сіздің айтқаныңызды, істеп жатырмыз. Біз ақша
жасаудамыз. Әкемнің досы теріс айналып, шек-сілесі қатып күлді.
Әкем жымиып, басын шайқады. Ол жанып тұрған грильді,
тюбиктермен толы қағаз жәшікті, үсті-бастары ақ ұнтаққа былғанған,
өз істеріне мәз, біз екеуімізді кезімен шолып шықты.
Әкем, бізге істеп жатқан жұмысымызды тоқтатып, өзімен бірге
есік алдына келіп, отыруымызды сұрады. Ол бізге жалған ақша
жасаушылардың кім екенін байыппен түсіндірді.
Біздің арманымыздың тас-талқаны шықты.
-Сіз мұны заңсыздық дегіңіз келе ме? -деді Майк даусы дірілдеп.
-Ойнай берсін, -деді әкемнің досы.
-Мүмкін бұл олардың табиғи қабілеттіліктері болар. Әкем оған
ренішпен қарады.
-Ия, бұл заңсыздық, -деді ол , ақырын. Дегенмен, сендер өз
ойларыңды көрсете білдіңдер, ерекше ізденістерін мен жан-жақты
ойлану қабілеттіліктеріңді көрсеттіңдер, -деді. Ойлануды осылай
жалғастыра беріңдер. Мен, шындығында сендерді мақтан тұтам.
Біз, Майк екеуіміз ренішті түрде 20 минуттай үнсіз отырдық та,
сонан кейін заттарымызды жинастыра бастадық. Сөйтіп, біздің
өндірісіміз ашылған күні жабылды: Қоқыстарды жинастыра жүріп,
мен Майкке қарап: “Ия Джимми және оның достарынікі шындық. Біз
кедейміз”, дедім. Бұл уақытта менің әкем кетіп бара жатқан.
-Балалар, -деді ол- егерде сендер тез берілсеңдер, онда кедей
боласындар. Ең негізгісі, сендер бірдеңе істедіңдер. Көп адамдар бай
болғысы келетіндіктерін армандап айтумен ғана болады. Ал, сендер
бұл үшін бірдеңе істедіңдер. Мен қайталап айтамын, мен сендерді
мақтан тұтам. Тоқтамаңдар. Күресті жалғастырыңдар. Біз, Майк
екеуіміз үнсіз тұрдық. Мұны есту бізге қуанышты еді, сонымен бізге
не істеу керек?
— Ал, папа сен неге бай емессің?,- деп сұрадым мен. Мен мұғалім
болуды ойлағанмын. Мұғалімдер баю туралы ойламайды. Бізге оқыту
ғана ұнайды. Мен сендерге көмектескім келді, бірақ, шындығында
ақшаны қалай жасау керек екенін білмеймін. Біз алаңды жинастыруды
әрі қарай жалғастырдық.
— Балалар егер сендер бай болғыларың келсе, менен сұрамаңдар.
Майктің әкесіне барыңдар,- деді сөзін жалғастырып.
— Менің әкеме ме?, -деді Майк таңданып.
— Ия, сенің әкеңе,- деп жауап берді менің әкем күлімсіреп.
Екеуіміздің банкиріміз бір адам. Ол сенің әкең туралы ең жоғарғы
пікірде. Сенің әкең ақша жасаудың жолдарын тамаша біледі, -деп
айтқанын бірнеше рет естідім.
— Ол, менің әкем бе? -деді Майк сенімсіздікпен.
— Ал, олай болса, онда бізде бай адамдардың мектептегі балалары
секілді тамаша машина немесе үлкен үй жоқ?
— Жаңа машина және үлкен үй, қайткенде де сенің бай және
ақшаны калай табу керектігін білетіндігінің белгісі емес,- деп жауап
берді әкем.
Джиммидің әкесі қант плантациясында жұмыс істейді. Оның
менен айырмашылығы шамалы. Ол компанияға жұмыс істесе, мен
мемлекетке кызмет етем.
— Компания оған машина сатып алып берді. Бұл компанияның
қазіргі кезеңде қаржылық проблемалары (қиындықтары) бар, енді
жақында Джиммидің әкесінде ештеңе болмайды.
Ал, Майк, сенің әкең ондай емес. Ол меніңше өз империясын
құруда, бірнеше жылдардан кейін, ең бай адам болады. Бұл сөздер
Майк екуімізді қайта қызықтыра түсті. Біз қосылып жасаған
шаруамыздың қалдықтарын тездетіп жинастырып, Майктің әкесімен
қашан және қай жерде кездесіп сөйлесуіміз туралы ақылдастық. Оның
қиындығы, ол кісі көп жұмыс істейтін, үйіне өте кеш оралатын. Ол
кісіге көптеген қоймалар, құрылыс компаниясы, бірнеше дүкендер
және үш ресторан қарайтын. Осы ресторандар үшін, ол жұмыста
түнге дейін болатын. Ауланы жиыстырып болғаннан кейін, Майк
автобусқа мініп үйіне кетті. Ол сол күні кешке әкесімен, бізге қалай
бай болуды үйрете ме, әлде жоқ па?- соны сөйлесіп, білуге асығып еді.
Өте кеш болсада, Майк әңгімеден кейін маған телефон соғуға уәде
етті. Кешкі 8.30 телефон соғылды.
— Тамаша,- дедім мен, келесі сенбіде, деп телефонды орнына
қойдым. Майктің әкесі бізбен кездесіп, әңгімелесуге уәде қылды.
Міне, сенбі күні таңғы 7.30 мен автобусқа мініп, қаланың кедейлер
тұратын бөлігіне тарттым.
Сабақтар басталуда:
“Мен сағатына 10 центген төлеймін ” 1956 жылдың бағытымен
салыстырғанның өзінде, төленетін ақшаның көлемі күлкілі еді.
Біз, Майк екуіміз оның әкесімен таңертеңгі 8-де кездестік.
Осы кезде де оның қолы бос емес еді, жұмысқа кіріскеніне 1
сағаттай болған екен.
Мен өзі қарапайым, әрі кішкентай, бірақ таза үйге таянғанымда,
оның жанынан құрылыс бастығы мінген машина орнынан қозғалып
бара жатты.
Майк Мені есік алдынан күтіп алды.
Әкем телефон арқылы сөйлесіп жатыр, бізге үй сыртындағы
басқышта күте тұруымызды айтты,- деді ол, маған есікті ашып жатып.
Мен табалдырықтан аттап, бұл ескі үйдің сықырлауық еденіне аяқ
бастым. Кіре берісте арзан бағалы төсеніш жатты. Өзі таза,бірақ жаңа
емес. Ескі жұмсақ жиһаздарға толы бөлмеге ендім. Диванда менің
шешемнен біршама үлкенірек екі әйел отырды. Оларға қарсы
орындықта бір ер адам отырды. Киімдері таза. Жас шамасы 45-терге
келген, менің әкемнен 10 жастай үлкен. Біз, Майк екуіміз, олардың
қасынан өтіп бара жатқанымызда, бізге күлімсіреп қарады.
— Бұлар кімдер? -деп сұрадым.
— Бұл кісілер әкемде жұмыс істейді. Ер адам қойма меңгерушісі,
әйелдер ресторандарды басқарады. Пикап машинасымен кеткен кісі,
осы арадан 70 шақырымдай жерде жол құрылысымен айналысады.
Екіншісі сен келгенше кетіп қалған.
— Күнде осылай ма? -дедім мен таңданып.
— Күн сайын емес, бірақ жиі,- деп жауап берді Майк, менің
жаныма отыра беріп.
— Ол кісі бізді ақша жасауға үйрете ме екен? Бұған ол не айтты?-
дедім мен ақырындап.
Алдымен ол біртүрлі таңдана қарады, ал сонынан менде сендерге
үсыныс бар, -деді.
— Солай ма? -дедім мен орындықта тербеле отырып.
— Сен білесің бе?- ол қандай ұсыныс.
— Жоқ, бірақ қазір білеміз.
Бір кезде есік тез ашылып, есік алдына шапшаң қимылмен
Майктің әкесі шықты. Біз сасқанымыздан орнымыздан атып тұрдық.
— Балалар, даярсыңдар ма? -деді ол біздің қасымызға орналаса
беріп. Біз басымызды изедік, оған жақындап, алдыңғы жағынан
орналасып. Бұл кісі ірі денелі адам болатын, бойы 180 сантиметрден
астам, салмағы 90 кг менің әкем одан биіктеу, салмақтары бірдей,
бірақ Майктің әкесінен 5 жас үлкен. Олар әр ұлт өкілдерінен болсада,
бір-біріне кішкене ұқсас еді. Мүмкін ұқсастықтары- жігерліктері
болар.
— Майк айтып еді: сендер ақша тапқыларың келетін көрінеді.
— Солай ма, Роберт?
Мен басымды изедім, қорқынышты сезіммен. Оның кішіпейіл
сөзі мен күлкісінің артында, үлкен күштің барлығы сезіліп тұрды.
— Онда менде, мынандай ұсыныс бар. Сендерді оқытам, бірақ
мектептегідей емес, басқаша. Ол үшін маған жұмыс істеулерің кажет.
Жұмыс барысында, мен сендерді тез үйретем. Ал, егер мектептегідей
тек қана отырып қана тыңдаймыз ғой, -деп ойласаңдар, онда мен
уақытымды текке жоғалтам.
Менің ұсынысым:
көнсеңдер келісімдеріңді беріңдер, көнбесеңдер қойыңдар.
— А… алдымен сұрауға бола ма?- деп бастап келе жатыр ем.
— Жоқ.
— Көнсеңдер- көніндер, көнбесеңдер өздерің біліңдер. Менде
жұмыс өте көп, босқа уақыт өткізе алмаймын. Егер сендер тез шешім
қабылдай алмасаңдар, ешуақытта ақша жасай алмайсыңдар.
Мүмкіндіктер пайда болады және жоғалады. Егер сендер шапшаң
шешім қабылдайтын болсаңдар, бұл тамаша.
Міне, сендердің іздегендеріңнің мүмкіндігі енді туды. Сабақ
басталды, немесе 10 секундтен кейін аяқталады, -деді Майктің әкесі
жымыйып.
— Мен келісемін, -дедім мен.
— Мен де,- деді Майк.
— Жақсы, -деп жауап берді Майктің әкесі. Мұнда 10 минуттан
кейін Мартин апай келеді. Мен, ол кісімен сөйлескеннен кейін, сол
кісімен бірге, менің өз-өзіне қызмет жасайтын дүкеніме барып,
жұмысқа кірісесіңдер. Мен сендерге сағатына 10 центтен төлеймін,
әрбір сенбі сайын үш сағаттан жұмыс істейсіңдер.
— Менде, бүгін бейсболдан кездесу бар еді,- дедім мен ышқынып.
— Көнсеідер көніңдер, көнбесеңдер кетіңдер, -деді ол қатқыл
дауыспен.
— Келісемін, -дедім мен, біржола бейсбол ойынын қойып, жұмыс
істеуге және оқуға шешім қабылдап.
Отыз центтен кейін
Сол сенбі күнгі 9-дан бастап Мартин апайдың қарамағында
жұмысқа кірістік. Бұл кісі сондай қайырымды және шыдамды әйел еді.
Ол бізге ылғи, Майк екеуіміз, оның ержетіп кеткен, екі ұлдарына
ұқсайтындығымызды айтушы еді.
Рас, өзінің қарапайымдылығына қарамастан, ол бізге көп жұмыс
істеуіміз қажет,- деп есептейтін, әрі оны әрқашан бізге тауып беретін.
Біз үш сағат бойы сөрелердегі консерві банкілерін алып, қух
Қанатымен шаңдардан тазартып, мұқияттылықпен қайтадан
орындарына қойуымыз керек. Бұл бірқалыпты, әрі өте іш
пыстыртатын жұмыс еді.
Өзімнің “бай әкем”, -деп атайтын, Майктің әкесінде үлкен
автотұрақтары және тағы осындай 9 өз-өздеріне қызмет жасайтын
кішігірім дүкендері бар. Осы жерден алыс тұрмайтын кісілер: сүт, нан,
май және темекі сатып алуға мүмкіншіліктері бар еді.
Өкінішке орай, ол уақытта Гаваяда ауаны алмастыру
кондиционерлері болмайтын, күннің ыстықтығынан дүкендердің
есіктері жабылмайтын, соның салдарынан автотұраққа келетін
машиналардың көп жүрісінен, олардың іші шаң-тозаңға толы
болатын.
Үш апта бойы, үш сағаттан Мартин апайға келіп жұмыс істедік.
Түске қарай біздің жұмысымыз аяқталатын, ол кісі бізге 3 тиындық
ақша беретін. 1956 жылы 9 жасар баланың өзіне 30 цент көп ақша
болып есептелмейтін. Ол уакытта “комикстер” (күлдіргі әңгімелер мен
суреттер кітабы) құны 10 центтен кем болмайтын, тапқан табысымды
осы кітаптарға жұмсап , үйіме кететінмін.
Төртінші аптаның сәрсінбісінде, мен барлығын тастауға даяр
едім. Майктің әкесінен ақшаны қалай жасау керектігін үйренуге
жұмысқа кіріп едім, енді сағатына 10 цент үшін құлға айналдым.
Оның есесіне бірінші кездесуден соң, Майктің әкесін көргенім
жоқ.
— Мен кетемін,- дедім Майкке түскі үзіліс кезінде. Мектептегі
түскі ас өте нашар еді. Оқу іш пыстырды, оның сыртында мен сүйікті
сенбі күнінен айырылдым. Әсіресе мені назаландырған осы 30 цент
болды.
Майк күлді.
— Неге күлесің? -дедім мен ашуланып.
— Әкем айтып еді, осылай болады, деп. Сен кетуге даяр болғанда,
кездесуге келсін деді.
— Не? -дедім мен назалы түрде. Сонда, ол осының бәрі мені мезі
қылғанша күткен бе?
— Жалпы солай, ия, деп жауап берді Майк. Менің әкем басқа
кісілерден емес. Ол сенің әкең сияқты оқытпайды. Сенің әке шешең
көп сөйлейді. Ал менің әкем үндемейді, немесе аз сөйлеуді калайды.
Сенбіге дейін күте тұр. Сенің күтуге даяр екеніңді, оған айтайын.
— Сонда мұның барлығы әдейі істелінген дегің келе ме?
— Әдейі емес, бірақ осыған ұқсас бірдеңе. Сенбі күні әкем бәрін
түсіндіреді.
Сенбідегі кезек
Мен, онымен әңгімеге даяр едім. Менің өз әкемде қатты ренжулі
еді. Өзім “кедей”, -деп есептейтін туған әкем, бай әке бала еңбегі
туралы заңды бұзған, оны сотқа беру керек,- деп есептейді. Ол, маған
атқарған еңбегіне сай, сағатына 25 центтен кем емес жалақыңды талап
ет,- деп кеңес берді. “Егерде ол жалақыңды көтермесе, онда сен
жұмыстан жедел кетуің керек“, -деді әкем.
— Мұндай сорлы жұмыстың саған қажеті қанша? -деді ол ашулы
түрде.
Сенбі күнгі таңғы 8-де менің алдымнан Майк үйінің сықырлауық
есігі тағы ашылды. Мен есіктен кіргенде, Майктің әкесі: “Отыр және
кезекті күт”, -деді. Ол бұрылды да, кішкене жұмыс бөлмесіне кіріп
кетті.
Мен жан-жағыма қарадым. Майк маңайда жоқ еді.
Мен ақырын ғана, осыдан 4 аптадан бұрын кездескен 2 әйелдің
жанына отырдым. Олар күлімсіреп, орындарынан қозғалып, маған
орын босатты.
45 минут уақыт етті, мен мазасыздана бастадым. Ол екі әйелді
қабылдап, жібергеннен бері, тағы жарты сағат өтті. Олардан кейін
тағы бір картаңдау адам келіп, 20 минуттай болып ол да кетті. Үй бос
қалды, Гаваяның осындай бір тамаша күнінде, өзі сараң әрі балалар
еңбегін қанаушының, қапа бөлмесінде қабылдауын күтіп отырдым.
Мен, оның кабинетінде қалай жүргенін, телефонмен сөйлескенін бәрін
естіп отырдым, алайда мені есіне алар емес. Мен тұрып кетуге даяр
едім, дегенмен әліде болса орнымда отырдым. Бір уақытта тағыда 15
минут өткеннен кейін, тура сағат 9-да кабинетінен үндемей шығып,
маған қолымен ишарат етті.
Менің байқағаным, сен, егер жалақыны көтермесе, жұмысты
тастайсың ғой, -деді бай әкем айналмалы орындығының үстінде
ырғала отырып.
-Сіз, шарттағы өз келісіміңізді орындамадыңыз ғой! деп айтып
салдым мен, жыларман болып. 9 жасар балаға, үлкен адаммен айтысу,
шындығында өте қиын.
— Егерде, мен Сізге жұмыс істесем, мені оқытамын, -деп айтып
едіңіз ғой. Мен Сізге жұмыс істедім. Мен көп жұмыс атқардым. Сізге
жұмыс істеу үшін, бейсболдан бас тарттым. Сіз, мені ештеңеге де
үйреткен жоқсыз. Сіз алдаушысыз, қалада барлығыда Сізді солай
атайды. Сіз тек қана ақшаны ойлайсыз, ал Сізге жұмыс істеп
жүргендер туралы ойламайсыз. Мені көп күтуге мәжбүр еттіңіз және
мені сыйламайсыз. Мен кішкентай баламын, бірақ маған дұрыс
қарауға құқығым бар. Көз қарасы өткір еді.
— Жаман емес,- деп жауап берді ол.
— Бір айға жетпей, менің көп жұмыскерлерім сияқты сөйлесуге
үйреніп қалыпсың.
— Не? -дедім мен таңданып. Мен, оның не айтқанын түсінбей,
одан әрі шағымдануымды жалғастыра бердім.
— Мен, Сізді шарттағы өз уәдеңізді орындап, оқытады ғой,- деп
ойладым. Соның есесіне енді мені қинағыңыз келді ме? Бұл
қатыгездік.
— Дегенмен, мен сені оқытудамын ғой, -деді бай әкем баяу үнмен.
— Неменеге Сіз үйреттіңіз!
— Ештеңеге! -дедім назаланып. Мен Сізге тегін дерлік жұмыс
істеуге келіскеннен бері, Сіз менімен бір ретте сөйлескен жоқсыз.
— Сағатына 10 цент.
— Ха! Маған Сіз туралы тиісті орынға хабарлауым керек еді.
— Айтпақшы, біздің елде бала еңбегі туралы Заң бар. Сондай-ақ
мені әкем мемлекетке қызмет етеді.
— Охо!-деп үн қатты бай әкем.
— Енді сен, менің бұрынғы көп жұмыскерлерім сияқты сөйлейтін
болдың. Оларды мен жұмыстан босаттым, немесе өздері кетті.
— Ия, енді сіз не айтқыныз келеді маған? -деп жалғастырдым мен.
Мен кішкентай балаға артықтау, өте батырланып кеттім. Сіз мені
алдадыңыз. Мен Сізге жұмыс істедім. Сіз сөзіңізде тұрмадыңыз. Сіз
мені түкке үйреткен жоқсыз.
Ал, сені ешнәрсеге оқытпағанымды қайдан білдің? деді бай әке.
шімірікпестен қызықтай қарап.
— Сіз, менімен бірде-бір рет сөйлескен жоқсыз. Мен үш апта
жұмыс істедім, ал Сіз ештеңеге үйреткен жоқсыз, -дедім мен
бұртыйып.
— Ал оқытқанда міндетті түрде сөйлеу немесе нотация оқу керек
пе? деп сұрады бай әке. Әрине,- дедім мен.
Осылай сені тек қана мектепте оқытады, — деп жауап берді ол
күлімсіреп.
— Бірақ, өмір олай оқытпайды, мен айтар едім: “ Өмір ең жақсы
ұстаз”. Өмір сенімен ешуақытта сөйлеспейді. Ол сені тек қана соғады:
бірде бір жағынан, бірде екінші жағынан. Әрбір соққы ол өмір.
— «Оян. Мен, сенің бірдеңені түсінгеніңді қалаймын» -дейді өмір.
-Бұл не айтып отыр? ,-деп сұрадым өзімнен-өзім үндемей. Сонда,
өмір мені соққылағанда, ол менімен сөйлесе ме? Енді мен жұмысты
тастау керектігіне кәміл сендім. Менімен сөйлесіп отырған адамды,
есуастар ауруханасына жіберу керек.
Егер Сен өмірден оқысаң, оның оқытқанын үйренсең онда сенде
барлығы жақсы болады. Оған үйренбесең ол сені соққылауын
жалғастыра береді. Адамдар жайшылықта екеудің біреуін істейді: өмір
соққыларына мойын ұсынып, көндігеді немесе ызаланып және
қарсылық білдіре бастайды. Бірақ, өкінішке орай, олар бастыққа
жұмысқа, әйеліне немесе еріне қарсыласады. Олар соққылаушы
осындай нақтылы тұлғалар емес, өмірдің өзі екенін түсінбейді. Мен
түкке түсінбедім.
— Өмір бізді соққылайды. Кейбіреулері беріледі. Басқалары
күреседі. Ал, енді біреулері, берілген сабақты игеріп, одан әрі
қозғалады. Ондайлар өмір соққыларына қуанады. Олар үшін мұндай
жағдайлар, жаңа бірдеңеге үйрену болып табылады. Қорытынды
жасап, ілгері жүреді. Көпшілігі жәй беріле салады, ал сен сияқтылар-
күреседі. Бай әке орнынан тұрып, әлдеқашан жөндеуді қажет еткен
сықырлауық терезені жапты.
— Егер, сен осы сабақты игерсең, сауатты, бай және бақытты жігіт
боласың. Егер бұлай болмаса, сен ғұмыр бойы өз басындағы
қиыншылықтарды жұмыстан, жалақыдан немесе бастықтан көріп,
кінәләйсың. Сен өмір бойы ақша тапшылығын, оны бір ғажайыр нәрсе
шешіп беретіндей сенімде жүресің. Бай әке сен тыңдап отырсың ба
дегендей, маған қарады. Көздеріміз бір-бірімен кезікті. Біз бір-
бірімізге карап, не ойлап отырғанымызды көздерімізден аңғардық.
Оның айтқан ең соңғы сөзін түсініп, мен көзімді басқа жаққа бұрдым.
Мен түсіндім, оныкі шындық еді. Мен оны айыпқа бұйырдым,
расында мені оқытқанды қалап едім. Мен күрестім.
Бай әке әрі қарай жалғастырып:
— Сонымен, егерде сенде мықты тегеурін болмаса, өмір қысымын
бастағанда, сен әр қашан беріле бастайсың. Сен осындай адам болсаң,
ғұмыр бойы ереже бойынша өмір сүресің, бәрін дұрыс істейсің,
дүниеде болмайтын бір жағдайларды күтіп, өзіңді сақтайсың. Содан
кейін дәрменсіз шал болып, өмірден өтесің. Сенде көп достар болады,
олар сені тамаша және іскер жігіт болғаның үшін жақсы көреді. Сен
өмір бойы ережелер бойынша және қалыптасқан түрде қимыл
жасайсың. Алайда, нақтылығында, сен өмір соққыларына үнемі мойын
ұсынумен ғана боласың. Іштей тәуекелге басуға қорқасың. Рас, сен
женгің келеді, бірақ жеңіліп калу қорқынышы, жеңіс қуанышыңнан
басым болады. Мұндай шешімге келе алмағаныңды, сенің жан
дүниеңнің ең түкпірінде жатқан сезімді, тек қана өзің білесің. Сен
тәуекелге баспайтын, қимыл жасауға бейім боласың. Біздің көздеріміз
тағы кездесті. Менің түсінгенімді, ол көргенше, 10 секундтей бір-
бірімізге қарап отырдық.
Онда Сіз, мені өмір сияқты соққыладыңыз ба? -деп сұрадым мен.
Кейбірулер солай айтқан болар еді, -деді бай әке күліп. Мен,
саған өмірдің не екенін көрсеттім, -деп айтуыма болады.
— Бұл калай? -дедім мен, әліде болса ашулы түрде, бірақ
қызығушылықпен.
— Балалар, сендер, менен: “Ақшаны қалай жасауға болады?”деп
сұраған ең бірінші адамсыңдар. Маған 150 ден астам адам жұмыс
істейді, бірақ олардың бірде-біреуі еш уақытта менен ақша жөнінде не
білетінімді сұрап көрген емес. Оларға менен тек қана чек керек, ақша
жөніндегі білім емес. Сондықтан, олардың көпшілігі өмірлерінің ең
жақсы кезеңдерінде ақша үшін жұмыс істеп, кімге және неменеге
жұмыс істеп жүргендеріне түсінбей өтеді.
Мен оны үлкен ілтипатпен тындадым.
Маған, Майк, Сендердің ақша жасауды үйренгілерің
келетіндіктерің туралы айтқанда, мен нақтылы өмірге бейім,арнайы
оқыту жүйесін ойластырдым. Мен сендерге көзім қарауытқанша
айтқан болар едім, алайда сендер ештеңе ұқпаған болар едіңдер.
Сондықтан, өмір сендерге өз соққысын берсін, деп есептедім. Міне,
сол себебтен, мен сендерге 10 центтен ғана төледім.
— Сонда, мен барлығы сағатына 10 цент үшін жұмыс істегенімнен
қандай сабақ алып, қортынды шығаруым керек еді?- деп сұрадым мен.
Сіз, өзі сараң, әрі балалар еңбегін қанаушы ретінде ме? Бай әке
шалқалап тұрып, шек-сілесі қатқанша күлді. Содан кейін ол
тынышталып, айтқаны;
— Дұрысы, саған қөз қарасыңды өзгерту керек. Мені
айыптай беруіңді тоқтат.
— Егер, сен барлық проблема менде десең, онда мені өзгертуге
тура келеді. Ал проблемалар өз басыңда екенін түсінсең, өзіңді өзің
өзгертуге тиіссің, сонда бір нәрсеге үйренесің және ой-өрісің еседі.
Жұрттың көпшілігі әлемдегі барлық өзгерістерді өмірбақи күтумен
болады, бірақ өздері өзгеріссіз қалады. Сондықтан, барлығының
езгерілуін күткенше, өзіңді өзгерткен жеңіл болады,- деп айтар едім.
— Түсінбеймін, -деп үн қаттым.
— Дегенмен, Сіз маған 10-ақ цент төлейсіз ғой.
— Ол, сені неге үйретеді? -деп сұрады бай әке жымыйып.
— Сіздің сараң екеніңізді, -дедім мен кекесінмен.
— Міне, көрдің бе? сен барлық проблема менде деп есептейсің,-
деді бай әке.
— Ол солай.
— Жәрәйді, егер сен әрі қарай осылай ойлайтын болсаң, ештеңеге
үйренбейсің. Егер проблема менде десең, онда сенің қалауың қандай?
Әрине, егер Сіз маған кебірек төлемесеңіз, сыйластықпен
қарамасаңыз және оқытпайтын болсаңыз, мен кетем. Жақсы айтылған
сөз,- деді бай әке.
Жұрттың көпшілігі нақ осылай істейді. Олар істеп жүрген
орындарынан кетіп, барлық проблемаларды жақсы жұмыс пен үлкен
жалақы шешеді, -деп ғұмыр бойы соны іздеумен болады. Дегенмен,
мұндай жағдай көпшілігінде бола бермейді.
— Ал, сонда проблемаларды не шешеді? деп сұрадым мен. Мен
осы сорлы 10 центті алып, қуануым керек пе? Бай әке күлді.
— Ондай да адамдар бар. Олар өз отбасыларындағы ақша
қиындықтарының болатынын біліп, амалсыздан чекті алады. Бұлай
істейтіндері, олар жалақының көтерілуін күтеді, сөйтіп барлық
проблемалар шешіледі,- деп ойлайды. Көпшілігі осыған көнеді,
кейбіреулері екінші жұмысқа барады, онда да азғантай жалақыға ие
болып чек алады.
Мен төмен қараумен болдым. Байқаймын, бай әкенің маған
қандай сабақ бере бастағанын түсінгендеймін. Ол мені өмірде болатын
нақтылы жағдайлармен таныстырып отырғанын сездім. Мен басымды
көтеріп, өз сұрағымды қайталадым:
— Дегенмен, проблемаларды не шешеді?
— Мынау, деді ол, саусағымен менің басымды жеңіл нұқып.
Сенің екі құлағыңның арасындағы зат.
Нақ осы сәтте, бұл кісінің, өз жұмыскерлері және менің кедей
әкемнен қандай айырмашылықтары бар екенін көрсететін, ой-
пікірлерімен, тұжырымдарымен менімен бөліскенін аңғардым.
Осының нәтижесінде ол Гаваядағы ең бай адамдардың бірі болды, ал
менің жоғары білімді кедей әкем ғұмыр бойы ақша проблемаларымен
күресуде болды. Осы ұғым маған негізгі өзек болды. Бай әке осындай
жәйлер туралы бірнеше рет қайталайтын. Бұл менің бірінші сабағым
еді.
“Кедейлер және орта класс өкілдері ақша үшін жұмыс істейді.
Байлар ақшаны өздеріне жұмыс істеуге мәжбүр етеді”
Сол сенбі күнгі таңда, менің кедей әкемнің үйреткенінен үлкен
айырмашылығы бар және өзекті жаңа ой-пікірдің бар екенін білдім. 9
жастағы маған екі кісінің өз білімдерін бергілері келгендерін көрдім.
Екеуіде менің оқығанымды қалады бірақ, әртүрлі мақсаттарға.
Менің жоғары білімді әкем, өзінің жолымен жүру кеңес ететін:
“Балам, сенің ұқыпты оқып, жоғары бағада алып, содан кейін үлкен
компанияда тұрақты жұмыс істетуіңді тілеймін. Бірақ, онда үлкен
жеңілдіктер болу керек”,- дейтін.
Менің бай әкем, мен ақша принциптерін түсініп, оны өзіме қалай
жұмыс істетуге мәжбүр етушілікті біліп үйренуді қолдайтын. Бұл
сабақты мен, оның басшылығымен түсіндім, бірақ класс бөлмесінде
емес.
Бай әкем өзінің бірінші сабағын жалғастыра берді. Сенің
сағатына 10 центке бола, жұмыс істеткені үшін ызаланғаның мені
қуантады. Егерде сен ренжімей жәй қуанышты түрде сол 10 центті
үндемей ала салғанында, онд сені оқыта алмаймын,- деп айтуға тура
келетін еді.
Нақтылы білім алу үшін: жігер, құштарлық, күшті талпыныс
керектігін түсіну маңызды.
Ашу- бұл формуланың үлкен бір бөлігі, себебі: құштарлық және
ашу сүйіспеншіліктің тепе-теңдігі. Жұрттың көпшілігі ақша туралы
сөз көтерілгенде, босқа ұрынбауды қалайды, тәуекелдікке баспайды.
Өйткені, оларды талпынушылық емес, үрей билейді.
— Сол себебтен, олар аз төлейтін жұмысқа бара ма?,- деп сұрадым
мен.
— Ия, солай, -деді бай әке. Кейбіреулер мені адамдарды қанаушы
дейді. Оның себебі: мен, қант плантациясы немесе мемлекет
төлеген көлемде, жалақы бермеймін. Керісінше, мен оларды өздерін-
өздері қанаушы,- деп есептеймін. Бұл олардың қорқақтығы, менікі
емес.
— Дегенмен, оларға көбірек төлеуге болатындығын байқамайсыз
ба?- деп сұрадым мен.
— Неге? Бәрібір көп ақша, олардың проблемаларын шешпейді. Өз
әкеңе қарашы. Ол көп табыс табады, бірақ есеп-шоттарын уақытында
жабуға үлгірмейді. Көп кісілер үлкен ақша таба отырып, қарызға
белшесінен батумен болады.
— Бәсе, сондықтан маған сағатына 10 центтен ғана төлеген екенсіз
ғой деп мен күлдім. Ол сабақтың бір бөлігі ме?
— Дұрыс, -деді бай әке күлімсіреп.
— Түсінесің бе? Сенің әкең мектепте оқыды және тамаша білім
алды, бұл оған жоғары ақылы жұмыс тауып алуына мүмкіндік берді.
Ол, солай істеді де. Алайда, онда қашанда ақша проблемалары бар,
себебі: мектепте және университетте оны ақша жөнінде ештеңеге
оқытқан жоқ. Оның сыртында ол ақша үшін жұмыс істеу керек,- деп
есептейді.
— Сіз, олай емес,- деп есептейсіз бе? -дедім мен.
— Ия, есептеймін, -деді бай әке. Егер, сен ақша үшін жұмыс
істегің келсе, онда сол мектепте қал. Олар оған тамаша оқытады. Ал,
егерде сен ақшаның өзің үшін, жұмыс атқаруға мәжбүр етуді білгің
келсе, мен оған сені үйретем. Ал бұған кез келген адам үйренгісі
келмей ме? -дедім мен таңданып.
— Жоқ, -деді бай әке.
— Ақша үшін жұмыс істеу жеңіл, әсіресе ақша жөнінде әңгіме
болғанда, сені бірінші кезекте үрей билейді.
— Түсінбедім,- дедім мен қабағымды түйіп.
— Әзір мұнымен басыңды ауыртпа. Есіңде болсын, жұрттың
көпшілігі жұмыстарынан айырылып қалуға қорқады. Әр түрлі
төлемдерді дер кезінде төлей алмай қаламыз,- деп үрейленеді.
Жұмыстан шығарып жібереді,- деп сескенеді. Ақша жетпеушілігі
жүйкелеріне тиеді. Бір қолайсыз жағдай болып қалса, қайтадан бастау
керек,- деп түңіледі. Бұл, бір мамандық алып, ақша үшін жұмыс
істеушіліктің, сол үшін олардың тарапынан төлеу ақысының құны
болады. Көп адамдар ақшаның құлына айналады…сөйтіп өз
қожайындарына назалана бастайды.
— Ал, ақшаны өз игілігіне жұмыс атқаруға мәжбүр етуге
үйренушілік.
— Бұл тіптен басқа ма?- деп сұрадым мен.
-Түбегейлі басқа,- деп жауап берді бай әке. Түбегейлік біз үнсіз
отырдық. Сыртта Гаваяның тамаша сенбі күнінің таңғы кезеңі еді.
Менің достарым осы уақытта бейсболдан кіші лиганың ойынын
бастап еді. Бірақ, мен бір себебпен сағатына 10 центтен ғана жұмыс
істеуге келіскеніме енді қуанышты едім. Менің достарымның
мектепте біле алмайтындықтарының біразын, білуге үйренетінімді
сезіндім.
— Оқуға даярсың ба? -деп сұрады бай әке.
— Әлбетте,- дедім мен сиқырланып.
— Мен, өз сөзімде тұрдым. Мен, сені алыстан бастап оқыта
бастадым, деді бай әке. Сен тоғыз жасыңда ақша үшін, жұмыс істеудің
қалай екенін сезіндің. Енді осы соңғы айды 50 жылға көбейт, сонда
сен адамдардың көпшілігі ғұмыр бойы немен айналысатынын
түсінесің.
— Түсінбеймін,- дедім мен.
— Кезекте болып, мен шақырғанға дейін, күтуде отырғанда, өзіңді
қалай сезіндің? Бірінші рет- жұмысқа кіру үшін және екінші рет көп
ақша сұрау үшін келгеніңде?
— Айтпаңыз,- дедім мен.
— Егер, сен ақша үшін жұмыс істесең, сенің өмірің де, көптеген
адамдардікіндей болады, -деді бай әке.
-Ал, Мартин апай, саған 3 сағаттық жұмысың үшін 10 тиын
бергенде, сен қалай сезіндің?
-Маған, бұл аз сияқты көрінді. Ол тіпті ештеңе емес еді. Мен
түңілген едім.
— Көптеген жұмыскерлер, өз чектерін қолдарына алғанда нақ
осылай сезінеді. Әсіресе, барлық салықтар мен төлемдерді ұстап
қалғанда. Сен дегенмен 100 процент алдың ғой.
— Сонда, Сіздің айтуыңызша, жұмыскерлер өз жалақыларын
толық алмай ма? -дедім мен танданып. Әрине! Алдымен мемлекет өз
үлесін алады. Ол оны қалай істейді?
— Салықтар, -деп түсіндірді бай әке. Сен табыс тапқанда, сенен
салық алады. Сен ақша жинасаңда, өлсеңде сенен қай уақытта
болмасын салық алады.
— Онда жұрт мемлекетке мұны істеуге неге мұрсат береді?
— Байлар жібермейді, -деді бай әке күліп.
— Мұны жасауға кедей адамдар және орта класс өкілдері ықпал
етеді. Мен сенің әкеңнен көп табыс табам, бірақ ол салықты көп
төлейді, солай екендігіне мен бас тігуге даярмын.
— Бұл қалай болады? Оны 9 жасар балаға түсіну тіптен қиын еді.
— Алайда, неге адамдар, Үкіметке солай істеуге мұрсат береді?
Бай әке үнсіз қалды. Шамасы, мен былшылға ұрынбай, әрі қарай
тыңдасын деген болар.
Аяғында мен сабама түстім. Бірақ, естігенім маған ұнаған жоқ.
Менің әкем соншама салық төлеуіне тура келетіндігі жөнінде ылғи
шағынатын, бірақ олар жөнінде ештеңе істемейтін. Сонда оны өмір
солай соққылаған ба? Бай әке маған үнсіз қарап, отырған
орындығында ырғалумен болды.
— Оқуға даярсың ба?
— Мен үнсіз басымды изедім.
— Менің айтқанымдай, саған көп дүниеге үйренуге тура келеді.
Ақшаны өзіне жұмыс істетуші тұлға бұған ғұмыр бойы оқиды.
Жұрттың көпшілігі 4-жылдық колледжде оқиды да, сонымен олардың
білім алуы тоқтатылады.
Менің түсінгенім, енді өзімнің барлық өмір жолымда ақшаны
зерттеймін, себебі: білгенімнен, одан да артық білуге тырысуым
қажет. Ал көпшілік мұнымен ешуақытта айналыспайды.
Олар жұмысқа барады, жалақы алады, төлемдерін төлейді
сонымен іс бітеді. Содан кейін ақшаның жетпейтіндігіне таңданумен
болады. Бұл қиындықтар, қолдарына көп ақша түскенде жойылады,-
деп елес, арманда жүреді.
— Сондықтан да, менің әкемде салық проблемаларының болуы,
оның ақшаның не екенін білмеуінен бе?- деп сұрадым мен таң қалып.
— Мынаны түсін,- деп жалғастырды сөзін бай әке.Салық төлеу
ақшаны өзіңе жұмыс атқаруға мәжбүр етуді үйренудің- бір кішігірім
бөлігі ғана. Бүгін сенен білейін дегенім: ақшаның не екенін білуге
арналған, сенің ынталығың басылған жоқ па? Негізгі мәселе осында.
Көпшілікте мұндай ынта жоқ. Олар оқығылары келеді, көп ақша табу
үшін, өздеріне ыңғайлы және қызғылықты кәсіби мамандық алуға
тырысады.
Күндердің күнінде олар ақша тапшылығын сезінеді, проблемалар
туындай бастайды, міне, осыдан кейін ешуақытта жұмысты тастай
алмайды. Сөйтіп, олар тек қана ақша үшін жұмыс істеуді біледі, ал
ақшаны өзіне қалай жұмыс істетуге болатындығы жөнінде оқымайды,
ұмытылмайды, сондықтан бұл олардың өз сауатсыздықтары үшін
төлеу бағасы, құны.
— Сен, әліде болса, осыларды игеріп, оқуды қалайсың ба?- деп
сұрады бай әке. Мен басымды изедім.
— Жақсы,- деді бай әке. Онда жұмысқа бар. Енді саған ештеңе де
төлемеймін..
— Не?- дедім мен таң қалып.
— Не естідің, сол түкте. Сен бұрынғыдай әр сенбі сайын жұмыс
істейсің, бірақ сен енді 10 центті де алмайсың.
— Сен ақша үшін жұмыс істемеуге үйренгім келеді дегенсін,
сондықтан мен саған ештеңе төлемеймін. Мен өз құлағыма сенбедім.
— Мен, Майкпен бұл туралы сөйлестім. Ол жұмыс істеуде:
консервілердің шаңын сүртеді, қайтадан орындарына қояды, бәрін
тегін істейді. Бар абдырамай қосып оған.
— Бұл әділетсіздік!- дедім мен ышқынып. Сіз бірдеңе төлеуіңіз
керек.
— Сен, оқығым келеді дедің ғой. Егер сен бұған оқығың келмесе,
келешекте жаңағы менің кабылдау бөлмемде кезек күтіп отырған екі
әйел мен мосқал еркектей боласың. Олар ақша үшін жұмыс істейді,
мен оларды жұмыстан босатпайды,- деп сенеді.
— Немесе өз әкеңдей боласың, көп ақша табасың, қарызға
белшеңнен батасың, барлық проблемалар ақшам көп болғанда
шешіледі, деп армандаумен боласың.
— Егерде, сен осыны қаласаң, онда алғашқы шартқа, сағатына 10
центтен төлеуге оралайық. Немесе, жұрттың көбі не істесе, солай істе.
Аз төлейді, -деп арыздан, шағын, жұмыстан боса, жаңа жұмыс іздеуді
баста.
— Онда, мен не істеуім керек?
Бай әке ақырын менің басымды нұқып, мынаны пайдалан деді ол.
Егер, сен осыны пайдалануды үйренсең. Жақын уақытта менің
сабағым үшін рахметіңді айтасың. Сен өсесің және бай адам боласың.
Менің тағыда алцанғаны не сенерімді, не сенбесімді білмей, мықшиып
тұрып қалдым. Мен жалақыны көбейтуді сұрағалы келгенімде, енді
тегін жұмыс істеуім керек.
Бай әке менің басымды нұқып: осыны пайдалан, бар жұмысыңды
істе,- деді.
Мен өзімнің кедей әкеме, енді маған түкте төленбейтінін
айтқаным жоқ. Ол оны түсінбеген де болар еді, өзім түсінбегенді оған
түсіндіруге мен қмтылмадым.
Біз, Майк екеуіміз тағаша үш апта бойы, әр сенбі сайын 3
сағаттан ақысыз жұмыс істедік. Жұмыс жеңіл еді, мен оған үйреніп те
қалып едім. Өкініштісі сол, бейсбол ойындарына қатынаса алмауым,
комикстерді енді сатып ала алмаушылығым болды.
Үшінші аптада, түске қарай бай әке дүкенге келді. Сыртта
машина моторынын сөндіріліп жатқан дыбысын естідік. Ол дүкенге
кіріп, Мартин апаймен жылы амандасты. Жұмыстың мән-жәйін сұрап
болғаннан кейін, ол ақшасын төлеп, мұздатқыштан 2 балмұздақ алып,
Майк екеуімізді өзіне шақырды.
— Балалар жүріңдер бір азрақ серуендеп қайтайық. Біз көшеден
өтіп, жасыл алаңда бейсбол ойнап жатқан ересектердің қасына келдік.
Жайғасып отырғаннан соң, бізге балмұздақтарды беріп жатып,
сұрағаны:
— Ия, халдерің қалай?
— Қалыпты,- деді Майк. Мен басымды изедім.
— Жаңа бір нәрсеге үйрендіңдер ме? Майк екеуіміз бір-бірімізге
қарап, иықтарымызды қомдап, жоқ дегендей басымызды шайқадық.
— Өмірдің ең қатерлі дұзақтарына қалай килікпеуге болады?
— Енді, балалар, сендерге ойланатын уақыт келді .Сендердің
алдарыңда, өмірдің ең бір маңызды сабағы тұр. Егерде, сендер осы
сабақты игерсеңдер, онда бостандықта және тыныш өмір сүре
аласыңдар.
— Игере алмасаңдар, онда Мартин апай және анау саябақта
бейсбол ойнап жүргендердің көпшілігіндей боласыңдар. Олар
жұмысты көп істейді, ақшаны аз табады. Тұрақты жұмыс сағымына
ілесіп, жыл сайын берілетін 3 апталық демалысын шыдамсыздықпен
күтуде болады. Ақырында 45 жыл жұмыстан кейін, азғантай мөлшерлі
зейнетақысы бар зейнетке шығады.
— Олар жақсы және еңбекқор адамдар.
— Сіз, не оларға күлесіз бе?- деп жауап беруін сұрадым. Бай әке
күлді.
— Мартин апай маған, шеше тәрізді. Мен, ол кісіге қалай
озбырлық жасай алам?
— Мүмкін, бұл ащы шығатын шығар, бірақ мен барлық күшіммен
сендерге өз тәжірбиемді көрсетуге тырысудамын. Мен сендердің
маңайда не болып жатқанын көріп білу үшін, ой-өрістеріңді кеңейткім
келеді. Бұл жағдайларды жәйшылықта жұрттың көбі көрмейді,
аңғармайды, білмейді себебі: олардың көру, білу қаблеттіліктері
шектелген. Жұрттың көпшілігі құрылған дұзаққа қалай түсіп
қалғандарын сезбейді де.
Майк екеуіміз, оның айтқандарын түсінуге тырысып, үнсіз
отырдық. Бұлар құлаққа жағымсыз еді, бірақ оның қайткенде де,
біздің өмірлік мәні бар бірдеңені біліуімізді қалайтындығын көрдік.
— Бай әке күліп, былай деді:
— Ал, сендерге 25 цент сағатына төлеу, сендерше қалай,
тартымды баға ма? Бұдан сендердің жүрек қағыстарың жиіленбей ме?
Мен, басымды шайқап, жоқ,- дедім, дегенмен шынымды айтпап едім.
Сағатына 25 цент, мен үшін көп ақша болған болар еді.
— Жәрәйді, мен сендерге сағатына 1 доллардан төлеймін,- деп
жалғастырды бай әке, сиқырлы күлкімен.
Енді менің жүрегім жиі соға бастады. Іштей:
«Келіс келіс деп өзіме-өзім айғайлаумен болдым.
Мен өз құлағыма сенбедім. Бірақ үнсіз тұрдым.
— Жәрәйді, 2 доллардан сағатына. Менің, тоғыз жастағы баланың
миымен жүрегі жарылып кете жаздады. Қалайда бұл 1956 жыл еді,
сағатына 2 доллар жалақы, мені әлемдегі ең бай бала қылар еді.
Мұндай жалақы аламын деп, ешуақытта ойлаған емеспін.
Мен, ия дегім келді. Мен келіскім келді. Көз алдыма: жаңа
велосипед, жаңа бейсбол қолғабы және достарымның таң қалушылық
бейнелері елестей бастады. Осыдан кейін, Джимми және оның
достары, енді мені кедей, деп айта алмайды.
Дегенмен, қасарысқан адам тәрізді әлі үнсіз тұрдым.
Мүмкін менің миым қайнап кеткен шығар, сондықтан бірде-бір
сөз айта алмадым. Алайда, тереңде жатқан пікірім, сағатына 2
долларға келісім беру еді. Балмұздақ еріп болып, қолымызға ағып,
исіне құмырсқалар қаптай бастады.
Бай әке осы сәтте, көздері бақырайып, бастарында ешқандай ой
жоқ, өзінен көздерін алмай отырған екі балаға қарады. Ол бізді сынап
отырғанын және оның ұсынысын қабылдауға, біз жартылай
даяр болып қалғанымызды білді.
Ол әрбір адамның жан дүниесінде әлсіздік пен сараңдықтың бар
екенін, солар арқылы оны сатып алуға болатынын білетін еді. Адамда
осы екі сезімнің қайсы басым, мәселе сонда. Ол өз өмірінде мыңдаған
адамдарды сынап көрді. Мұны ол әрқашан жұмысқа қабылданушылармен
әңгімелескенде жүргізетін.
— Жәрәйді, 5 доллар сағатына.
Нақ осы сәтте, іштей бір өзгеріс болғандай, сабама түстім.
Бірдеңе өзгерген сияқты. Ұсыныс орынсыз өте жоғары болды,
сондықтан ол дөрекі еді. Мендегі барлық аласапыран басылды. 1956
жылы үлкен адамдардың некен-саяғы ғана сағатына 5 доллардан
жалақы алатын қызығушылық жоғалды, салқынқандылықпен асықпай
басымды бұрып, Майкке қарадым. Ол маған қарады. Менің жан
дүниемнің әлсіз сараң жақтары үнсіз қалды. Сатып алуға көнбейтін
түйсік бел алды. Менің басым мен жүрегімде тыныштық орнап,
сенімділік пайда болды. Байқаймын, Майкте осындай құбылыс үстінде
еді.
— Жақсы,- деді бай әке ақырын.
— Көп адамдардың өз бағасы бар. Ол адам баласының ішкі жан
дүниесінің қорқыныш және сараңдық, -деп аталатын сезімдердің
нәтижесінде туады. Алдымен ақшасыз қалу қатері бізді табанды
жұмыс істеуге мәжбүр етеді, ал еңбекақы алғанда, сараңдық немесе
дүниеқоршылыққа, яғни ақшаға сатып алуға болатын, көптеген
салтанатты мүліктер мен заттарға қол жеткізуге армандап
итермелейді. Осыдан барып дәрменсіз жаман шеңбер пайда болады.
— Ол неғылған шеңбер? деп сұрадым мен.
— Олар азанда тұрады, жұмысқа барады, төлемдерін төлейді, тағы
тұрады, тағы жұмысқа барады, төлемдерін төлейді.
Мұндай жағдайда, оларды екі сезім билейді: үрей және сараңдық.
Оларға көп ақша ұстатып көріңізші, бәрібір өз шығындарын көбейте
отырып, осы шеңбер айналымынан шықпайды. Мұны мен
“егеуқұйрық жүгірісі” деймін.
— Ал, басқа жол бар ма? ,-деді Майк.
— Ия, бар-деді бай әке даусын созыңқырап.
— Ол қандай жол?- деп сұрады Майк қызыға.
— Оны менімен бірге жұмыс істей және оқи жүре, түсінесіңдер,-
деп сенемін. Сондықтан, мен сендерге ақша төлеуді тоқтаттым.
— Онда, біз не істеуіміз керек, тым болмаса соны айт,- деді Майк.
— Білесің бе?- өзі ақысыз осыншама жұмыстан шаршадық.
— Жәрәйді, бірінші қадам- ол шындықты айту,- деді бай әке.
— Біз алдаған жоқпыз,- дедім мен.
-Сендер алдадыңдар,- деп менде айтып отырғаным жоқ. Мен
шындықты айту,-дедім.
— Не жөніндегі шындық?
— Ол сендердің не ойлап тұрғандарың жөнінде. Оны біреулерге
айтудың қажеті жоқ. Тек қана өз-өздеріңе.
— Сонда Сіздің айтпағыңыз, мына парктегі адамдар, Сіздің
қызметкерлеріңіз, Мартин апай олар оны жасамай ма? -дедім мен.
— Байқауымша, солай,- деді бай әке. Оның орнына олар ақша
болмай қалады, деп қорқады. Бұл үреймен күресудің орнына,
ойланбай қимыл жасайды.
— Олар ақылмен емес, эмоциямен қимыл жасайды,- деді бай әке
біздің басымызды нұқып.
— Содан кейін олардың қолдарына тағы 2 доллар тигенде, оларды
қайтадан қуаныш пен арман билейді, қайтадан ойланбай әрекет етеді.
— Сонда оларды ақыл емес, сезім билейді екен ғой, -деді Майк.
— Дұрыс, -деп жауап берді бай әке.
— Өздері не сезіп тұрғандары туралы шындықты мойындаудың
орнына, сол сезімдердің ықпалымен, ойланбай қимыл жасайды.
Оларды үрей сезімі билейді, содан барып жұмыс істейді, әр уақытта
Ақша болса, бұл сөзім жойылады, деп ойлайды, бірақ
ойлағандарындай болмайды. Ақша жетпеушілігі үрейі, оларды тағыда
қудалай бастайды, жұмыс істеу мұқтаждығы одан әрі арта түседі, көп
ақша мәселені шешеді,- деп ойлайды, алайда өзгеріс жоқ, бәрі баяғы
қаз-қалпында.
Осындай үрей оларды дұзаққа айдап енгізеді: олар жұмыс
істейді, ақша табады және бұл үрей қашан жоғалады деп күтуде
болады.
Жұмысқа бару үшін таңертең орындарынан тұрады, олармен
бірге баяғы үрей қоса оянады. Миллиондаған адамдар ақшаны ойлап
түнімен ұйықтамайды алаңдаушылықпен төсегінде дөнбекшумен
болады. Жандарын күйзелткен, жүйкелерін тоздырған осы үрейді жою
үшін, ақша табуға жұмысқа барады.
Сөйтіп, олардың өмірін ақша билейді, дегенмен оны олар
мойындағысы келмейді. Барлық сезімдерін ақша билейді, ал ол
түгелімен жанын биледі деген соң, естігендерімізді қорыту үшін, бай
әке біраз үнсіз қалды. Оның айтқандарын Майк екеуіміз түгел
тыңдадық, бірақ толық түсіне алмадық.
Үлкен кісілер жұмысқа неге соншалықты асығады екен,- деп, жиі
таңданатындығымды енді есіме түсірдім. Меніңше, жұмыс оларға аса
ұнамайтын, одан бақытты да сияқты көрінбейтін. Әйтеуір бір нәрсе
оларды жұмысқа асықтыратын. Шамамыз келгенше бірдеңе
ұққанымызды байқаған бай әке былай деді:
-Балалар, Мен сендердің осындай дұзақтарға түсіп
қалмауларыңды қалаймын. Менің сендерді нақтылы үйретейін
дегенімнің өзі осы еді. Жәй ғана бай атану үшін емес, себебі: байлық
құр өзі бұл проблемаларды толық шешпейді.
— Шешпейді?,- дедім мен таңданып.
-Жоқ, шешпейді. Мен сендерге әлі екінші сөзім ынтызарлық
(бірдемені қажетсіну) туралы ештеңе айтқаным жоқ. Кейбіреулер
мұны сараңдық дейді, бірақ маған «ынтызарлық» деген көп ұнайды.
Адам өзіне жақсы, әсем, қызғылықты бірдеңені қалаушылық өмірдегі
қалыпты жағдай. Осы қалауларын қанағаттандыру мақсатында,
адамдар ақша үшін жұмыс істейді. Оларды ақшаға сатып алып,
орындауға болады деп ойлайды. Алайда, мұндай құмарлықтары қысқа
мерзімді болып, қайтадан олардың орнына, одан да үлкен, жақсы
тұрмыс құру, салтанатты үй болуы, жаңа машина және т.б.с.с. үлкен
сұраныстар пайда болады. Сөйтіп, әрі қарай жұмыс істеулерін
жалғастыра береді. Күндердің күнінде көп ақша олардың жанын
күйзелтіп жүрген үрей мен мұқтаждықты жояды деп сенеді. Алайда,
ақша мұны істей алмайды.
— Сен бай адамдар жөнінде де айтып отырсың ба?,- деп сұрады
Майк.
-Ия, байлар жөнінде де, -деп жауап берді бай әке! Дегенмен, көп
бай адамдардың байуына ықпал еткен мұқтаждық емес, қорқыныш.
Олар ақша кедейліктен құтқарады, деп есептейді, сондықтан көп ақша
жинайды, бірақ үрей одан сайын күшейе түседі. Енді байлықтарын
жоғалтып аламыз ба, -деп қорқады. Былай да жеткілікті ақшалары
бола тұра, жұмыс істеуді тоқтатпаған менің достарым бар. Мен
миллиондаған ақшалары бар адамдарды білем, олардың қазіргі үйлері,
кедей кезіндегі үйлерінен әлдеқайда басым, содан үлкен зардап
шегуде.
— Олар жинаған ақшаларын жоғалтып аламыз ба, -деп, өлердей
қорқады. Баюға ықпал еткен қорқыныш күшейе түседі. Адам
жанының қорқыныш және сараң сезімдері берекелерін алады.
Ақшамен келген зәулім үйлерін, қымбат машиналарын, байлықты
тұрмыстарын жоғалтқылары келмейді. Егер де барлық ақшаларын
құртып алса, жұрт не дейді, деп толқиды.
Сырт көрініске бай және алаңсыз өмір сүріп жатқан адамдардай
көрінгенімен жүйкелері тозып, іштерінде ит өлгендей қалыпта болып,
ауруға шалдығады.
— Онда, кедей адамдар бақытты ма?,-деп сұрадым мен.
— Олай ойламаймын,-деді бай әке.
-Ақшадан алшақтық оң іс емес, сондай-ақ оған аса табынушылық
та абырой бермейді. Осы кезде әдейі ұйымдастырғандай, біздің
жанымыздан қаланың бір мүсәпір шалы өтіп, қоқыс жиналған жерге
барып, бірдеңелерді қопарыстыра бастады. Біз оның қимылын міз
бақпай, танданып қарап отырдық, бұрын мұндайға мән бермейтінбіз.
Бай әке әмиянынан 1 доллар ақша алып, ишаратпен шалды
шақырды. Ол ақшаны көріп лезде жетіп келді, оны алып, көпке дейін
рахметін айтып, төбесі көкке жеткендей болып шапшаң кетіп қалды.
— Бұл кісінің менің көптеген жұмыскерлерімнен айырмашылығы
шамалы,- деді бай әке.
— Мені ақша қызықтырмайды, дегенді жиі айтатын адамдарды
көп кездестірдім. Дегенмен, сол ақша үшін, күніне 8 сағат ғұмыр бойы
жұмыс істеуге даяр. Олар шындықты жасырады.
— Егерде оларға ақша қажет болмаса, онда неге жұмыс істейді?
Мұндай пиғыл, ақшаны қапшықтап жинаушы адамның пиғылымымен
салыстыруға келмейтін сорақылық еді. Бай әкенің сөзін тындай
отырып, өз әкемнің: “Мені ақша қызықтырмайды”,- деп жиі айта
беретін бейнесі көз алдыма елестеумен болды. Оның тағы бір жиі
айтатыны: «Менің жұмыс істейтін себебім, өз жұмысымды қатты
ұнатамын» дейтін.
— Енді біз не істеуіміз керек?,- дедім мен. Онда біз үрей және
сараңдық сезімдерінен арылғанша, ақша үшін жұмыс істемеуіміз
керек пе?
-Жоқ. Бұл уақытты босқа өткізгендік болар еді,- деп жауап берді
бай әке.
-Эмоциялар адам баласының бойындағы ерекше қозғау салатын
құбылыс. Сондықтан өз эмоцияларыңды сезініңдер, салыстырыңдар
және пайдаланыңдар, барлық ақыл-ойларыңды өз бастарына зиян
келтірмей, игіліктеріне бағыттаңдар.
— Охо!- деді Майк.
-Менің бар айтқандарым, сендерді әзір онша мазаландырмасын.
Соңынан бұлар сендерге түсінікті болады.Өз эмоцияларыңды
бақылаңдар, асығыс қимыл жасауға асықпандар. Жұрттың көпшілігі
бір жағдайларда ақылға емес, эмоцияға жүгінеді. Эмоция
эмоциялығымен, бірақ ойлануға үйрену керек.
— Сіз бұған мысал келтіре аласыз ба? -деп сұрадым мен.
— Әрине, Мысалы, адам: “Маған жұмыс тауып алу керек” дегенде
оны эмоция билеп тұрады. Мұндай эмоция,онда ақша болмай
қалушылық үрейін туғызады.
— Дегенмен, шындығында адамдарға ақша қажет емес пе, мысалы,
уақытылы төлемдерін төлеуге?-дедім мен.
— Әрине қажет, -деп күлді бай әке. Менің айтып отырғаным,
жайшылықта осындай сезімдердің оларға үрей туғызатындығы
туралы.
— Түсінбеймін,- деді Майк ренішпен.
-Мысалы,- деп бастады бай әке. Оларды ақша жетпейді деген,
үрейшілік сезімі билегенде, оны жою үшін бас салып, құны 2-ақ
долларлық жұмыс іздегенше, өзіне мынандай жәй сұрақ қоюға бола
ма: “Ал ұзақ мерзімді перспективалық тұрғыдан қарағанда жұмыс
жақсы шешім болып табыла ма?
— Мен, жоқ, -деп есептеймін. Әсіресе адам өмірін бір тұтас
алғанда, жұмыс ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, тек қана
қысқа жолы.
Бірақ, менің әкем үнемі: “Мектепте оқы, жақсы бағалар ал,
түбінде тұрақты жұмыс табасың”, деуші дедім мен міңгірлеп: қалыпты
жағдайдан шығып қалғандай сезініп.
— Ия, мен түсінемін, деп күлді бай әке. Мұндай кеңесті көп
адамдардан естуге болады және ол көпшілігіне сәйкесте келеді.
Дегенмен, мұндай кеңес, алдымен қорқыныш салдарынан беріледі.
— Онда менің әкем, мұндай кеңесті қорыққанынан айта ма?
— Ия,- деді бай әке. Ол, сен табыс таба алмай қаласың ба, сөйтіп
қоғамның бір белсенді мүшесі бола алмайсың ба, деп өте қорқады.
Мені дұрыс түсін. Ол сені өте жақсы көреді және саған дүниедегі
барлық жақсылықты тілейді. Менің ойымша, оның қорқушылығы
құптарлық жағдай. Білім мен жұмыс маңызды. Алайда, олар үрейді
жеңуге көмектесе алмайды. Түсінесің бе, оның саған мектепті бітіруді
нығыздап айта беруге мәжбүр ететін, өзін таңертең ерте жұмысқа
куатын баяғы үрей сезімі.
— Ал, Сіз не кеңес бересіз?
— Мен, сендерді ақша күшін қалай меңгеру керек, соған үйреткім
келеді. Бұл дүлей күштен қалай қорықпауға болады сол туралы.
Мектепте бұған оқытпайды. Егерде сендер бұған үйренбесеңдер, онда
ақшаның құлы боласыңдар.
Енді менің басымда бірдеңе айқындала бастаған сияқты. Оның
шындығында, біз ақша проблемаларын кеңірек және толығырақ
түсініуімізді қалайтыны көрініп тұрды.
Ол, Мартин апай, өз жұмыскерлерінің көпшілігінің, сонымен
катар менің әкемнің де нені көрмейтіндіктерін, неменеге мән
бермейтіндіктерін көрсеткісі келді. Ол бізге өте қатал амалдарды
пайдаланды бірақ мен оларды өмір бойы ұмытқаным жоқ. Сол күні
менің білім деңгейім біраз өсті, шындығында көптеген адамдардың
алдарында қаншама жасырын дұзақтардың бар екенін түсіндім.
— Дегенмен, біздер қайткенде де біреуге қызмет етеміз. Мұны біз
әртүрлі деңгейлерде жасаймыз, деп сөзін жалғастырды бай әке.
— Балалар,мен сендерге баяғы сол үрей және ниет сөзімдерінен
туындайтын дұзақтардың шырмауына қалай түспей өтуге болатын
мүмкіншілікті көрсету, менің парызым, деп есептеймін. Бұл сезімдерді
өздеріңе зиян емес, пайда әкелетіндей ғылып жүгіндіру керек. Міне,
сендерді осыған оқытқым келеді.
— Менің айтайын дегенім: ақшаны қайткенде қапшықтап табу
жөнінде емес. Ол бәрібір сендерді, үрей мен мұқтаждықтан
құтқармайды. Егерде сендер ең алдымен осы түйсіктерді ауыздықтай
алмасаңдар, бай болсаңдар да, онда тек қана жоғары төлемді құл
боласыңдар.
— Онда бұл тұзақтан қалай құтылуға болады? -дедім мен.
Кедейлік пен қаржылық қиындықтардың негізгі себебтері: ол
үрей және надандық. Әрине, мұндай сезім экономикада, мемлекетте
және байларда жоқ. Адамдар бұл дұзаққа үрей мен надандықтың
сандарынан түседі, оның басты себебі өздері.
Сондықтан, Балалар әзірше мектептегі оқуларыңды
жалғастырыңдар және колледжде оқыңдар.
Ал, мен сендерді, Роберт менен нені сұрады, соған оқытам.
Біртіндеп бұл бас қатырушылық ойлар бір салаға жиналып, біртұтас
ұғымға айнала бастады. Менің әкем қызмет бабында үлкен лауазымға
ие болды. Бірақ, мектепте оны ақшаны қалай қолдану керек және өз
үрейіңмен қалай күресу керектігі туралы ешкімде оқытқан жоқ.
Енді мен екі әкеден біріне-бірі қарама-қарсылықты бірақ өте
Маңызды мәселелерді білетіндігім айқын түсінікті болды.
— Сонда сен, адамда ақша болмай қалған жағдайда туындайтын
үрей туралы айттың ба? Ал, ақшаның қажеттілігі біздің сана-
сезімімізге қалай әсер етеді?-деп сұрады Майк.
— Мен сендерге жоғары баға ұсынғанымда, калай сезіндіңдер?
Тілеулеріңнің бірден қалай өскенін сездіңдер ғой? Біз басымызды
изедік.
— Сендер қызу қандылыққа баспадындар, ұстамдылық жасап және
ойландыңдар. Бұл өте орынды. Біздің барлығымызда да, үрей мен
сараңдық сезімдері бар. Бұл табиғи құбылыс. Осы сәттен бастап,
осындай түйсіктерді өз игіліктеріне, ғұмыр бойы бейімдеуді игеру, аса
маңызды шарт. Өз сезімдеріне, өздерін тәуелді болмай, оларды ақыл
оймен басқаруға үйрену қажет. Жұрттың көпшілігі үрей мен
сараңдық, өздеріне қарсы жұмыс істейтіндігін анғармайды осыдан
барып надандық туады. Олардың көпшілігі үрей мен ішкі
тілеушіліктің екпінді ықпалының салдарынан жалақыны, қосымша
төлемақы және жеңілдіктерді ғұмыр бойы қуумен болады, ал мұндай
пиғылдар қайда апарып соғатынын өздерінен сұрамайды.
Мұны, Мынандай мысалмен салыстыруға болады.
Есек өз салмағынан бірнеше есе ауыр жүкті күнде сүйретеді,
себебі: оның иесі онын тұмсығының алдынан таяқ үстінен ылғида
қызыл сәбізді көрсетумен болады. Есек иесі қайда бара жатқанын өзі
біледі, ал есек сағымды қуушылықпен болады! Есекте ертең жаңа
қызыл сәбіз тағы пайда болады.
— Сонда маған айтпағың, сол сәтте мен көз алдыма жаңа бейсбол
қолғабын, кәмпиттерді, ойыншықтарды елестетіп отырғаным да, бұлар
маған, есекке көрсеткен сәбіз сияқты болды ма? -деп сұрады Майк.
— Ия. Ал, сен өскенде, сенің ойыншықтарың одан да қымбат
болады. Жолдастарыңның алдында мақтану үшін, саған жаңа машина,
яхта, үлкен үй қажет болады, -деп күлді әкесі.
Үрей адамды есік сыртына шығарады, ал қажеттілік өз
талаптарына үңілуді мәжбүр етеді. Содан барып оны тасқа соғады.
Міне, қайда дұзақ.
— Онда не істеуіміз керек?- деді Майк.
— Үрей мен қажеттілік надандықпен арта түседі. Міне сондықтан,
ақшасы көп бай адамдар байыған сайын, үлкен үрейдің құлы болады.
Ақша- ол “сәбіз”, сағым. Егер, есек барлық жағдайларды сезіп, біліп
отырса, ол ойласар еді де, сәбіздің соңынан жүгірмеген болар еді.
Адам өмірі күрестен тұрады, деп қайта түсіндіре бастады бай әке. Бұл
надандықтың біліммен күресі. Біз күн сайын, әр минут сайын шешім
қабылдаймыз өмірде болып жатқан жаңа құбылыстарды, ой елегінен
өткізіп, көңіл аударамыз ба, әлде мән бермей соқыр сезімнің
ықпалында қаламыз ба? Әңгіме сонда. Адам өзіне терең үңіліп және
жаңа ақпараттарды іздеушілікті тоқтатқан сәттен бастап, надан бола
бастайды.
— Сендер, мынаны түсінуге тиіссіңдер. Мектепте оқу- аса
маңызды іс. Сендер мектепке жақсы мамандық алу үшін және түбінде
қоғамның саналы және сауатты азаматы болу үшін барасыңдар. Әрбір
қоғамдық өмірге: мұғалімдер, дәрігерлер, механиктер, суретшілер,
аспазшылар, бизнесмендер, полицейлер, өрт сөндірушілер, солдаттар
және т.б. керек. Біздің мәдениетіміз өркендеп гүлденуі үшін мектептер
сендерді негізінен осыларға дайындайды Өкінішке орай, көптеген
адамдар үшін, бұл бастау емес құлдырау болып шығады. Біраз
уақытқа дейін үнсіздік орнады. Бай әке күлді. Сол күні оның барлық
айтқандарын түсіндім. Өмірде бізді көп жылдар бойы оқытқан нағыз
ұстаздардың айтқан сөздері, өздері дүниеден өтіп кетседе, ешуақытта
маңызы жоғалмайтындай, бай әкенің айтқан сөздері мен үшін осы
уақытқа шейін аса маңызды.
— Мен сендерге бүгін қатал мәселелерді айттым, деді бай әке.
— Оған себебтер де баршылық Бұл әңгімені сендер ғұмыр бойы
естеріңде сақтаңдар. Мартин апайды ұмытпаңдар. Сол сияқты есекті
де.
— Осыларды естеріңде ұстаңдар, себебі: егерде сендердің
саналарыңды үрей мен сараңдық билеп кетсе, олар дұзаққа түсіруі
ықтимал. Қаталдық менің айтқандығымда емес. Ғұмыр бойы,өз өмірін
үрейде өткізіп, бірде-бір арманын орындай алмаушылық-барып тұрған
қаталдық осы. Өмір бойы ақша табу үшін маңдай терді сыпырып,
еңбек етіп, тапқан табысына керекті дүниені сатып алып, сөйтіп,
бақытты боламын деушілік, нақ осы қауіпті. Түн ортасында суық
терден селт етіп оянып: “О, Құдай төлемдерімді, төлей алмай қалсам,
не болам!” -деп ойлаушылық міне, өмір азабы.
Жалақының мөлшерімен бағаланатын өмір- ол өмір емес.
Жұмысты қауіпсіздік кілті, деп ойлайтындар, өз-өздерін алдайды. Бұл
өте қорқынышты, сондықтан мен сендерді осындай дұзаққа түсіп
қалмауларыңды қалаймын. Ақша адам өмірін қалай билейтінін, мен
талай рет көрдім. Бұған өздеріңді жібермеңдер. Сендерден
сұрайтыным: өз өмірлеріңді ақшаға билетпеңдер. Біз отырған столдың
астына доп келіп түсті. Бай әке оны қолына алып, ойыншыларға қарай
лақтырды.
-Ал, надандықтың, сараңдық және үреймен қандай байланысы
бар?
-Үрей мен сараңдықтың пайда болуы, ол адамдардың ақша
туралы дәнеңе де білмеушілігінен туындайтын қүбылыс. -деп жауап
берді бай әке.
Мысалы, дәрігерді алайық. Оған отбасын қамтамасыз ету үшін,
көп ақша керек, сондықтан ол өзі көрсететін қызметінің бағасын
көтереді. Осыдан кейін дәрігерлік көмек барлықтары үшін қымбат
болады.
Бұл ең алдымен кедей адамдарға соққы болып тиеді. Одан кейін
заңгерлер бағаны көтереді енді мұғалімдер де жалақының көтерілуін
қолдайды.Сөйтіп бізден көп салықтар алынады және т.с.с.
Ақырында, тез арада кедейлер мен байлардың арасында үлкен
алшақтық пайда болады да, аяғы былыққа, қақтығыстарға әкеліп
соқтырып, өркениетілікттің түбіне жетеді.
Міне, осындайлардың салдарынан, өмірде талай өркениеттілік
(цивилизация) күйреген болатын.
Америкада осы жолға түсіп, тарихтың қайталанатындығын
дәлелдеуде, себебі: біз тарихтан ешқандай қортынды шығармаймыз.
Біз тек қана даталар мен адам есімдерін жадымызда сақтап, нақтылы
материалды игермейміз.
-Ал бағалар көтерілмеуге тиісті ме?- дедім мен.
-Жоқ, егерде ақылды үкіметімен өркениетті қоғам болса,
бағалар керек болса төмендеуге тиісті. Әрине, бұл жалпы теория
ретінде болады. Бағалардың қашанда көтерілуін үрей мен
сараңдықтың салдарынан шығын нандандықтың керсеткіші болады.
Егерде мектептерде, ақшаның не екенін түсіндірсек мемлекетте
ақша көп болып, баға төмен болар еді, бірақ мектептер ақша үшін
жұмыс істеуге оқытады, керісінше ақшаның күшін пайдалану үшін
емес.
-Ал, бизнес колледждері ше? -деп таңданды Майк. Сонда сен,
менің бизнес колледжді аяқтап, диплом алуымды, құптамайсың ба?
-Рас, бизнес-колледждер бар,-деді бай әке.
Бірақ, олар әрдайым ақша санау машинкасынан айырмашылығы
шамалы мамандарды ғана дайындаумен болады. Мұндай маманның
компания басқаруынан. Құдай сақтасын!
Олар тек қана, цифрларды бағаналық тәртіппен жазып,
қызметкерлерді жұмыстан босатып, компанияны банкроттыққа
ұшыратуды біледі.
Мен, мұны жақсы білемін, себебі: менде мұндай мамандарда
жұмыс істейді. Олар шығындарды азайтып, бағаны көтеруден басқаны
білмейді.
Ал, бұл керісінше жаңа проблемаларды тудырады. Ақшаның
есебін жүргізу өте маңызды іс, мұны білетіндер аса көп емес, бәрі-бір
ол жағдайды толық суреттей алмайды.
-Ал осыдан шығар амал бар ма?-деп сұрады Майк. Бар, деді бай
әке.
-Өз сезімдеріңді ойлану үшін, пайдалануға үйреніңдер. Керісінше
асығыс сезімдер негізінде ойлану үшін емес, деді. Сендер бірінші
ретте, өз сезімдеріңді билей отырып, құны тегінге жуық жұмыс істеуге
келісімдеріңді бергенде, мен сендердің дәрменсіз емес екендіктерінді
байқағанмын.Ал, мен сендерге көп ақша ұсынғанымда да,
қызуқанлылыққа ұрынған жоқсыңдар, сезімге берілмей тағыда
ойландыңдар.
-Бұл бірінші қадам.
-Ал, бұл қадам неге сонша маңызды?-дедім мен.
-Мұны, өздерің білуге тура келеді. Егерде оқығыларың келсе,
сендерді топ шеңгелге апарам.
-Ол жерден барлығы да қашқақтап жүреді. Сендер жұрт
жуымайтын жерге барасыңдар.
-Егер сендер менімен болсаңдар, ақша үшін жұмыс істеу
пыйғылынан айырыласыңдар, сөйтіп ақшаның өздерің үшін, жұмыс
істетуге үйренесіңдер.
-Ал, бізге не болады, егер біз Сізбен болсақ? Сізден оқуға
келіссек? Біз не аламыз?-деп сұрадым мен. Қоянның не алғанын,
аласыңдар-деді бай әке.
-Ол қарамай қуыршақтан бас тарттық.
-Ал, өмірдің топ шеңгелі барма?-дедім мен.
-Ия, — деді бай әке.
-Топ шеңгел-ол біздің қорқынышымыз және сараңдығымыз.
Шығу жолы-өзіңнің үрейіңді талдап, білу. Сөйтіп өзіңнің
әлсіздігіңмен күресуге үйрене білу. Мұндай шығу жолы ақылмен,
терең ой-пікірді таңдаумен, салыстырумен табылады.
-Ойды таңдаумен бе?- деп сұрады Майк салмақтылықпен.
-Ия. Ойды таңдау арқылы, бас салып сезімге ұрынбай.
Төлемдерді уақытында төлей алмай қалам-ау деген үрей, сені бозала
Таңнан тұрғызып, ақша үшін жүмыс істеуге қуалайды.
Ал, ойланушылық өзіңе, бір мәселелер бойынша жан-жақты
салыстырып, зерттеп бір шешімге келуіне мүмкіндік береді. Мысалы,
мына мәселе бойынша: «Проблемаларды шешуде-жұмыс ең жақсы
түрі бола ала ма?» Жұрттың көпшілігі, оларды үрей билейтіндігі
жөніндегі шыңдықты мойындамайды, сондықтан терең ойлау
қабілеттілігінен айырылады да, үрейлікпен жүмысқа жүгіреді. Солай,
қарамай қуыршақтың тұтқынында болады. Өз ойларыңды таңдап
алуларың керек дегенімде, осыны ескерген едім.
-Оны қалай істеуге болады? -деді Майк.
-Міне, бұған мен сендерді үйретем. Мен, сендерге, таңертең ерте
асығыс кофе ішіп, жұмысқа жүгірушілік асығыс сезіміне ұрынбай, көп
ойлардың ішінен қайсысын қалап алуды, таңдауды үйретем.
Естерінде болсын, қайталап айтам: жұмыс ұзақ мерзімді
проблемаларды шешудегі барып тұрған ең қысқа жол. Жұрттың
көпшілігінің басында бір-ақ проблема, оның өзі қысқа мерзімді. Ол
айдың аяғында, төлемдерді төлеу-бұл олардың қарамай қуыршағы.
Олардың өмірін ақша билейді. Немесе дәлірек айтсақ, үрей және
ақшаның мәнін түсінбеушілік. Олар өздерінің ата-аналарының
істегендерін қайталап: күнде тұрып, ақша үшін жұмысқа кетеді.
Өздеріне мынандай: «Басқа тәсіл бар ма?» — деген сұрақ қоюға
уақыттары жоқ. Олардың ойларын эмоциялар билеген, ақын емес.
-Ал эмоциялар ықпалымен пайда болған ойларды, ақылмен
пішкен ойлардан қалай айыруға болады? — деп қызықтады Майк.
-Өте оңай. Кейбір адамдар мұндай ойларды жиі қайталайды, —
деді бай әке.
-Мысалы: «Heci 6ap, біз бәрімізде жұмыс істеуіміз керек» немесе
«Барлық байларды соттау керек» және «Мен басқа жұмысқа кетемін»,
«Менің жалақымнын өсірілуінеқақым бар, маған бұлай қарауға
ешікімді де тырп еткізбеймін» немесе «Маған бұл жұмыс ұнайды,
себебі ол тұрақты» деген сияқтылар, ал керісінше «Мен мүмкін
бірдеңені түсінбейтін шығармын?» — дегенді, олар айтпайды.
Нақ осы сұрақ, эмоцияларға біздің ойымызды билеп кетуге
тосқауыл болады және байыпты, әрі жан-жақты ойлауға уақыт береді.
Мойындауымыз керек, сол күні бізге маңызды сабақ берілді. Бұл,
адамдардың сөйлеуі немесе іс-қимылы эмоциялардың ықпалымен бе,
әлде ой елегінің ықпалымен болып тұр ма?-соны қалай ажыратып білу
сабағы еді. Осы сабақ маған өмір бойы пайдасын тигізді, әсіресе
өзімді ақыл емес, эмоциялар билеп тұрғандарын сезінгенімде.
Біз қайтадан дүкенге кеттік. Жолшыбай бай әке. Байлардың
шындығында «ақша жасайтындығын» түсіндірді. Олар ақша үшін
жүмыс істемейді. Біз, Майк екеуіміз, жезден бес центтік ақша
жасағанымызда, біздің ойымыз, байлардың ойына өте жақын еді.
Мұның проблемасы-тек қана заң жүзінде рұқсат етілмеуі еді. Оны
банктер мен мемлекет қана жасай алады, бірақ біз емес. Ол ақша
жасаудың заңды да, заңсыз да жолдары бар екенін түсіндірді.
Содан кейін айтқаны: байлар ақшаның-қиял, сағым екенін біледі.
Яғни есекке көрсеткен сәбіз секілді теңеу-деді.
Миллиондаған адамдар ақшаны ақиқат, деп есептейді және
олардың үрейлері мен сараңдықтары осы қиялды қандайды.
Шындығында, ақша-бұл жалған. Ол ойын картасынан жасалған үй
тәрізді оның құламай түрған себебі: оған көпшілік сенеді.
-Ал шындығында, деді ол «сәбіз» құны, ақшадан жоғары. Ол
Американың алтын стандарты туралы және әрбір долларлық банкнот-
күміс сертификаты екенін айтты. Бір көздерде, біздің алтын стандарты
құнсызданып және доллар сертификаты болуын тоқтатады,-деген
есек-аяң оны қатты мазалайтын.
-Егерде, балалар, бұл бір кезде болатын болса, нағыз ақырзаман
сонда басталады-деді.
Әсіресе, кедейлер, орта класс өкілдері және хабары жоқтар
мұның құрмалдықтары болады себебі: олар ақшаның ақиқаттылығына
сенушілікті жалғастыра береді және үкімет пен компаниялар, өздеріне
қамқорлық жасайды, -деп сенеді.
Сол кезде, оның айтқандарын толық түсіне алмадық бірақ
жылдар өткен сайын, оның айтқан сөздері біз үшін, үлкен терең
ақиқатқа айналған еді.