Орға түскен есек

Орға түскен есек
Күндердің бірінде бір есек орға түсіп қалады. Орға қалай, не үшін түскені белгісіз. Есектің аты – есек. Есек бірнеше сағат бойы өз тілінде
бақырып, ордан шыға алмай қиналады. Дауысыны естіген иесі жүгіріп келеді ордың басына. Есегінің аяғы да сынық, қарны да аш.. тоқтамай бақыра бергеннен шаршап та қалды. Иесі өз күшімен шығарайын деді әуелі. Шығара алмайтынына көзі жеткен кезде, есегіне жаны ашып көмекке ауылдастарын шақырады. Бәрі жабылып есекті қалай шығарсақ екен деп былай да былай ойласа да ешқандай шешім таба алмайды. Ең соңында ордың өтғ үлкен, ал
есектің жаралы екенің көзге алып; есекті құтқару тұрмайтын іс екеніне иесін көндіреді. Жасалынатын тек шара – орға топырақ тастап, есекті көміп тастау. Осылайша есек одан әрі қиналмай тез өліп қалады. Иесінің келісімін де алған соң, күректерді алып, орға топырақ лақтыра бастайды. Есек болса үстіне
түскен топырақты үстінен сілкіп тұрды. Осылайша бір талай топырақ аяғы астында жиналып қала берді. Есек жерге түскен топырақтың үстіне шығып тұрды. Адамдар есектің үстіне топырақ шашса, есек оған мән аудармай
үстінен сілкеп, үстінен түскен топырақтың үстіне нықтап тұра береді де ордың ең үстіне дейін көтеріледі. Топырақ үстінде ордан шыққан есекті көрген адамдардың ауызы ашылып қалады. Есек болса – аман сау.
Өмір де кейде үстімізге жығылғандай болады (тіпті кейде емес, көбіне).
Емтихан болған соң кедергі мен өзіндік тас-топырақ аз болмайды. Бәрін
жеңіп шығудың жалғыз амалы – отырып тағдырға өкініп жылап-сызлау емес, ойланып, кедергілерден сілкіну және құтылу. Үлкеееен орға түскен болсақ та..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *