Не жасалса да – жақсылыққа

Не жасалса да – жақсылыққа
Қыстың суық бір күнінде бір ауылдың балықшылары балық аулауға шығады. Кешке қарай қатты дауыл соғып, күн күркірейді. Теңізге шыққан балықшылар жол таппай ауылға қайта алмай қалады. Түні бойы жақындары, жұбайлары мен балалары уайым ішінде ұйықтай алмай Құдайға кеткен
балықшылардың амандығы үшін жалбарынады. Түннің ортасында үйлердің бірі жанып кетеді. Өртке қарсы күресе алмай жарты сағат ішінде үй толығымен жанып күл болады. Ертеңіне күннің бірінші сәулелерімен
балықшылар үйлеріне аман-есен оралады. Ауылдастардың бәрі келген
балықшыларды қуанышпен қарсы алса, араларында бір кісі көңілсіз болып қала береді. Бұл кісі өрттен үйі жанып, зардап шеккен балықшының әйелі
болатын: ―Құдайым-ау, енді қайттік! Үйіміз ішіндегі заттарымен бірге жанып күл болды!‖, үйдің өртенгенің көрген балықшы болса: ―Өртті бергенге
мыңдаған шүкір болсын! Өртенген үйіміздің жарығы арқасында ғана барлық қайықтарымыз жолды тауып аман оралды!‖ дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *