Молекулалық масса

Молекулалық масса, салыстырмалы молекулалық масса – заттың бір молекуласының массасы. Молекулалық масса молекуланы құрайтын барлық атомдар массаларының қосындысына тең.

Массаның атомдық бірліктері жиынтығымен өлшене отырып, заттағы бүкіл атомдар массасының қосындысымен сипатталатын молекула массасы. Массаның атомдық бірлігі ретінде көміртектің он екінші изотопы (12С) атомы массасының мөлшері 1,66043.10−24 г-ға тең келетін 1/12 бөлігі алынған. Молекулалық салмақ затты құрайтын элементтердің бүкіл изотоптық құрамын ескере отырып анықталған молекуланың орташа массасы болып табылады. Синонимі — «молекулалық масса». Молекулалық салмақ терминінен гөрі осы «молекулалық масса» терминін пайдаланған орынды, себебі алғашқысы ескірген термин

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *