Қазақ тіл білімінде сөйлемді құрудың негізгі сипаты ретінде модальділік категориясының орны және рөлі анықталмаған және модальділіктің берілу тәсілдері аяғына дейін жүйеге келтірілмеген. Қорытындылай келе, қазақ тіл біліміндегі тілші ғалымдардң зерттеу жұмыстарынң жаңашылдығына қарамастан қазақ тіл біліміндегі модальділік категориясы аз зерттелген болып саналады.
Тілдік модальділік жайлы сөз болғанда ең алдымен осы категорияны білдірудің бір жолы болып саналатын рай категориясының маңыздылығы айтылады. Рай категориясы әлемдегі көптеген тілдерінде модальділік функционалды-семантикалық тұтастығын парадигмаға түскен морфологиялық көрсеткіші есебінде түсіндіріледі.
Қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы етістік райының он бес түрін көрсетеді: тұйық, билік, ашық, шартты, ереуі, реніш, қалау, сенімді, сенңмсіз, болжал, мұң, көніс, қайрау, азалы, теріс.
Модаль сөздер-тілдегі модальділік пен предикаттылық құбылыстарымен тығыз байланысты тіл-тілдердің барлығында бар, тілдік бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптары қатарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан экспрессивтік және эмоционалдық мәніне байланысты сөйлем мәні құрамына енгенін, оның анықтығын көрсетумен қатар, күмәндылығын не болжамдылығын білдіреді. Бұндай сөздерге қазақ тілінде мүмкін, шамасы, рас, әрине, тәрізді, сияқты, әлбетте, бәлкі сөздері жатады. Профессор С.Исаев атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді.
Қазақ тілінде бар, жоқ, керек, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, бәлки, әлбетте, қажет деген сияқты біраз сөз бар. Бұл сөздер басқа топтарға қарағанда сан жағынан аз болғанымен, мағынасы мен қызметі жағынан тіпті ерекше деп айтуға болады. Осы ерекшеліктеріне қарай негізгі сөздер мен көмекші сөздердің аралығында тұратын өз алдына категория модаль сөздер деп аталады. Модал сөздер адамның өзі айтпақшы болып отырған ойына қалай қарайтынын, көзқарасын, қандай пікірі барлығын білдіреді. Мысалы: терезені ашу керек, терезені ашу қажет деген сөйлемдердегі керек, қажет сөздері арқылы сөйлеген адам терезені ашудың керек, қажет екендігін айтып, өзінше пікір түйеді, бірақ не ашылады деп хабарламайды не аш деп бұйырмайды немесе ойға қатысты мәндер қосатын сөздер екенін айтып, оны көмекщі сөздер қатарына қосады.
Модаль термины латынның шама, тәсіл, көрініс деген модальдық деген мағынаны білдіреді. Модальділік пікірдің субьектісі мен обьектісі арасындағы байланыстың сипаты, яғни пікірлер. Пікірлерді модальділігіне қарай бөлуді тұңғыш рет Аристотель.
Модальділік сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын және сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Тіл білімінде модальділік категория сыртқы синтаксистік модальділікке жататын обьективті, субьективті және ішкі синтаксистік модальділік мағына тұрғысында қарастырылады. Обьективті модальділік мағына сөйлеушінің ақиқат шындыққа реалдылық-бейреалдылық көзқарасын, ал субьективті модальділік мағына сөйлеушінің мүмкін, қалауы, қажетті, міндетті, бұйрықты іс-қимыл ретіндегі бағасы беріледі.
Модальділік категориясы-негізінен субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. Осы сияқты әр түрлі қатынастарды білдіретін категория. Басқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа. Ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлем мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өз қатынасын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады.