Махаббат пен Уақыт

Махаббат пен Уақыт
Бір кездері барлық сезімдер бір аралда тұрған екен: Қуаныш, Қайғы, Ақылдылық, Махаббат т.б. Бір күні арал бата бастады да, барлық сезімдер кемелерге отырып аралдан алыстауға асықты. Тез арада бос кеме қалмай
қалды. Махаббат кемеге отырып үлгермеді де, кемесіз қалып қалды. Аралдың тез батып бара жатқаның көріп, Махаббат басқа сезімдерден көмек сұрауға
жөнелді.
Байлық өте үлкен кеме ішінде жалғыз отыр екен. Махаббат:
— Байлық, мені қасына алшы, маған кеме жетпей қалды.
— Жоқ, ала алмаймын. Кемемде алтын мен күміс өте көп, саған орын жоқ! – деді Байлық.
Махаббат өте әдемі кеме ішінде кетіп бара жатқан Тәкәппарлықты көріп оған:
— Тәкәппарлық, маған көмектесші, жалғыз қалып барамын!

— Саған көмектесе алмаймын, Махаббат. Үсті-басың су болып қалды, кемемді кірлетесін!
Қастарынан Қайғы өтіп бара жатыр екен, Махаббат Қайғыға дауыстап:
— Қайғы, сенімен барйыншы..
— Уф, Махаббат, сондай қайғылымын.. жалғыз қалғым келеді – деді Қайғы Қуаныш та Махаббаттың қасынан өткен екен, бірақ қуанышынан
Махаббаттың сөздерін естімей өте берген екен..
Бір кезде Махаббат ―Кел, Махаббат, сені қасыма алайын‖ деген біреудің дауысын естиді. Бұрылып қараса, жасы үлкен ақсақал екен оны қасына шақырған. Махаббат қуанып оның кемесіне отырып алады. Жаңа аралға
жеткен кезде Махаббат ақсақалдың кім екенің сүрауды ұмытқанын түсінеді. Ақсақал болса баяғыдан-ақ кетіп қалған болады. Махаббат Ақылдылықтың қасына барып сұрайды:
— Маған көмектескен ақсақал кім болды екен?
— А-а, ол ма.. ол – Уақыт!
— Уақыт? Маған неге көмектескенін білесің ба?
— Өйткені, тек қана уақыт Махаббаттың қаншалықты үлкен екенін түсіне алады..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *