Жолаушы
Өмірдің мәнің түсіну үшін дүниені аралап жүрген бір жас, барған- көрген елдердің бірінде аты танымал бір ғұламаға жолығады. Жолаушы бозбала ғұлама тұрған үйінің барлық қабырғалары кітаптарға толы екенін көреді. Кітап шкафтарынан, бір қабырғаның қасында ескі төсектен және
бөлме ортасындағы домалақ үстелден басқа ешқандай жиһаздың жоқ екенін де көреді.
Таң қалып, ғұламадан сұрайды: ―Неге еш жиһаз алмағансыз? Көрпе- төсек, телевизор, кілем.. үйіңізде түк жоқ қой..‖
Ғұлама бұл сұраққа сұрақпен жауап берді: ―Сенің арқанда кішкентай рюкзагін бар екен, балам, қалған заттарын қайда?‖
Саяхат жасап жүрген бозбала өзін ақтағандай: ―Ата, мен жолаушымын ғой.. көп заттың маған керегі не?‖
Ғұлама күлімдеді де: ―Мен де солмын, балам, мен де‖ деп жауап берді