Ешкім естімесін!
Сахараның ыстық күнінде бір бедуин адам түйеге мініп келе жатыпты.
Жолдан шөлдеп, үзақ жолдан әбіржіп келе жатқан бір жолаушыны
кездестіреді. Жолаушы бедуинден су сұрайды. Бедуин түйеден түсіп, су
беріп жатқанда, жолаушы оны етеріп қойып соның түйесіне мініп алады да қаша жөнеледі. Бедуин оның артынан былай деп айқайлапты:
— Жәрәйды, түйені алсаң ал! Бірақ бір өтінішімді орындашы – осы болған оқиғаны ешкімге айтпа!
Мұны естіген адам таң қалып, тоқтайды да себебін сұрайды. Сонда бедуин:
— Егер оқиғаны біреуге айтатың болсаң, бұл елдің бәрінің құлағына жетеді.
Кейін адамдар жолда жәрдем сұрағандарға көмек көрсетуге қорқатын болады да көмектеспейді!