Генетикалық код
Синтезделушi белоктың құрылымын анықтауда ДНҚ негiзгi роль атқарады. ДНҚ-ның жiп тәрiздi ұзын молекуласында сол клеткадағы бiр қатар белоктардың бiрiншi реттiк құрылымы туралы информациясы болады. Бiр белоктың бiрiншi реттiк құрылымының информациясы болатын ДНҚ молекуласының кесiндiсi ген деп аталады. Белоктағы әрбiр аминоқышқылға ДНҚ тiзбегiнде (бiрiздi) орналасқан нуклеотидтердiң үш үйлесiмi сәйкес келетiнi: 43=16*4=64. 4 элементтен үш-үштен әр түрлi 64 үйлесiм жасауға болатыны, ал олардың барлық 20 аминоқышқылдарға код жасауға артығымен жететiнi дәлелдендi. Аминоқышқылдың әрқайсысына код бола алатын үш нуклеотид – триплеттердiң құрамы дәл анықталды. Сонымен генетикалық код дегенiмiз – хабарды төрт әрiптi нуклеотидтi тiлден жиырма әрiптi аминоқышқылды тiлге аудару кiлтiн айтамыз. Генетикалық кодтың бiрнеше ерекшелiктерi бар:
- Кодтың триплеттiгi.
- Кодтың бiрмағыналылығы, арнайылығы.
- Кодтың шектен тыс көптiгi.
- Кодтың коллианеарлығы, м-РНҚа кодондарының реттiлiгi полипептид тiзбегiндегi аминоқышқылдардың реттiлiгiн анықтайды.
- Кодтың тұтастығы.
- Кодтың жабылмауы.
- Кодтың универсалдылығы (код бәрi үшiн универсалды)