Бір жіптің сұрауы
Бір бай кісі қатты ауырып төсек тартып жатып қалады екен. Дәрігерлер келіп, ауруына шипа таба алмай бір ауыздан ―көп болса, екі ай ғана өмірі
қалды‖ дейді. Бай кісі өлімден қорқпаса да, мазар ішіндегі алғашқы түні
келетін Мүнкер мен Некир періштелерінің сұрақтарынан қорқады екен. Сол себептен ауыл арасында мынандай бір хабар таратады ―кімде кім мен қайтыс болып менімен бірге бір күн мазарда өткізсе, ертеніңе байлығымның
жартысы сол кісіге беріледі.‖ Ел шу-шу етіп, естігеніне сенімсіздікпен
қарайды. Бір кезде ауылдың отын тасып күн көріп жүрген кедей бір кісі ―мен барайын, бір жанымнан басқа түгім жоқ. Сол қорқудан өлер болсам осы дүниеде көрген қиыншылықтардан құтылған боламын. Өлмей тірі қалсам,
байдың ақшасына ие боламын‖ деп, бай қайтыс болған күні сонымен бірге мазарға кіруге келіседі. Бір-екі апта өтпей бай кісі қайтыс болады. Жаназа
намазы оқылып, жерлеуге барады ауыл жамағаты. Байдың мазарының қасына да кедей үшін кішігірім бөлме жасалынады. Түнде сұрақ қоюға міндетті
Мүнкер мен Некир періштелері келеді. Қараса мазарда бір адам емес екі кісі жатыр: бірі – тірі, екіншісі – өлген. ―Өлген адам ешқайда кете қоймас,
алдыменен тірінің сұрауын алайық‖ деп, сұрақтарын жаудырады. Ең
алдыменен ―классикалық‖ сұрақтар сұралады: Тәңірің кім, Пайғамбарың кім? сұрақтарынан кейін кезек дүниедегі істеріне келеді. Кедей ―ең баста
ешнәрсем болған жоқ еді. Үйссіз-күйсіз көше аралап жүретінмін. Сосын бір күні орман жаққа барып отын жинап, ауылдағыларға саттым. Түскен
ақшаның жартысына нан алып, қалғанына жіп алдым. Қайтадан орманға барып, отын жинадым. Отынды жіппен байлап ауылға әкеліп саттым. Түскен ақшаға бір киім алдым, кейін одан да көп отын жинауыма көмектесетін бір балта алдым. Ақша түскен сайын ыдыс-аяқ, көрпе-төсек деп аз аздан мүлк
жинай бастадым. Кейін ағаштан кішкентай ғана үй салдым өзіме‖ деп қалай өмір сүргені жайлы түк қалдырмай айтады кедей. Жіпті қалай алдың?
Балтаны қалай алдың? Қалай жұмсадың? Адамдарға қалай саттың? Қымбатқа сатып ренжіткенің болды ма? т.б. сұрақтарға жауап беруге үлгере алмай
қиналып жатқанда, таң атты. Ауылдастары мазарды ашып, бір түн ішінде шашы ағарып, қорқудан екі аяғы тір-тір еткен кедейді шығарып ―Сен баймен бірге бір түн түнеп шықтың, енді байдың жарты байлығы сенің болды!
Құттықтаймыз!‖ дегенде, кедей ―Жooooқ‖ деп екі қолың сілтеп,
―қаламаймын‖, ―Мен бір жіптің сұрауын таңға дейін бере алмадым,
осыншалықты байлықтың сұрауын еш бере алмаспын!‖ деп қаша жөнеледі- мыс.