Байлық дегенің не?
Әйелдердің бірі қалада жомарт болып танылған адамға келіп: – Осы қалада менен асқан кедей адам жоқ! Маған көмектес!? дейді. Жомарт адам
әйелдің қолындағы кішкентай баланы көріп, қолына алып, бетінен сүйеді де:
– Кедеймін де.. ең кедейімін дейсің ғой! Ондай болса маған баланның
саусағын сат. Әйел алдыменен бұны бір қалжын деп ойлапты, бірақ адамның қалжындап тұрмағанын көреді. Әйелге бір қап алтын көрсетіп: – Қолдың
саусағын қимасаң, аяқ саусағын беребер! дейді. Әйел осындай үсынысты
естіп, қорқудан қашуды ойластырып тұрғанда, адамның: – Мейлі, саусағын бергін келмесе ең болмағанда тырнағын жұлып алуыма рұқсат бер. Кейін жаңасы шығады ғой! – сөздерін естиді. Әйел есік жаққа жөнелгенде, адам оған: – Қандай кедей болғанынды түсіне алмадым. Қолындағы
байлықтың/құндылықтың бір тырнағын болса да, бір қап алтынға айырбастағын келмейді! – деген екен.