Ананың көңілі балада
Аспаздықты жақсы көріп үнемі дәмді тамағымен үй ішін қуантатын бір әйел, қонақ асқа келетін үлы мен жас келіні үшін дастархан даярлайды. Сол күні отбасының ескі бір досы да шақырылады. Қонақтар келіп, дастархан
басына жайғасып қараса үйдің бәйбішесі жасаған тамақтар бүрындары
жасалынғанға ұқсайды тұрмақ, тіптен сүйкімсіз де дәмсіз. Десерттен сода дәмі шығып, картоптың асты күйіп, ет болса шала піскен болады. Әйелдің баласы, келіні және отбасы досы тамақтың жақсы болмағаның білдіртпеуге, жасағанның көңілкүйін құртпау үшін қолдарынан келген нәрсенің бәрін
жасауға тырысса да, тәбетсіз жеп отырғандары көрініп тұрды. Тамақтан соң, баласы мен келіні ата-анасымен қоштасып үйлеріне қайтады. Оңашада
қалған кезде отбасы досы үйдің бәйбішесінен: ―Ұзын жылдар бойы араласып келеміз. Сенің керемет аспаз екеніңді білемін. Құдай үшін айтшы, бүгінгі
асыңа не болған?! Ауырып қалдың ба әлде бір нәрселер мазалап тұр ма?‖ деп сұрайды. Әйел күлімдеді де былай жауап берді: ―Жоо, ешнәрсе болған жоқ.
Әдейі солай жасадым. Балам қайта қайта анасының тамағын еске алып әйелінің жүрегін ауыртпай тату-тәтті өмір сүруі үшін жасадым―