Абай өлеңдерінің ағылшын тіліне аударылуы

Қазақ әдебиеінде елеулі орын алатын Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің өзге тілге аударылуы қазақ тілінің дәрежесіне оң әсерін тигізеді. Себебі, барша қазақ сөзі қамтылатын Абай поэзиясы көптеген елдерге оның философиясының үздік екенін көрсетеді. Әрине оның кері жақтары да бар, мәселен түп мағынадан ауытқып сөздердің сапасы төмендеуі мүмкін. Осы сынды оңайлықтар мен қиындықтар жайлы зерттеушілер мақаласынан көре аламыз.

Абай өлеңдері көріктеу құралдарын өте ұтымды, өте әсерлі қолданған, соның ішінде лексикалық стилистикалық әдіс-тәсілдерді ерекше қолданған. Эпитет, метафора, теңеу секілді лексикалық әдіс – тәсілдердің қалай қолданғанына талдау жасайық: Сөздің тура, өз мағынасында емес, ауыспалы, өзге мәнде жұмсалуы метафора, яғни метафора кезінде сөздің ішкі не сыртқы ұқсастық белгілері негізге алынады. Бұл Абай өлеңдерінде метафора бір бейне тең секілді сөздер арқылы жасалынған. Мысалы:

Қайғың болар шермен тең,

Қара көңілім жермен тең.

Сенсіз маған жат төсек,

Болар бейне көрмен тең.

The sadness about you will turn to grief,

My soul will be brought crashing down to earth.

Another’s bed without you,

Will become my grave.

Бұл жерде біз тек метафора ғана емес, сонымен қатар эпифора үлгісі ретінде қарасақта нұсқасын әлдеқайда өзгеше, яғни, аудармашы жалпы мағынасын көрсеткен.

Анамыздай жер иіп емізгенде

Бейне әкеңдей үстіңнен аспан төнер.

When mother – earth fed us from her breast,

Our father in heaven thoughtfully inclined over us.

Материнскою грудью вскормила земля,

Все, что солнцем зачал в ней отец небосклон.

Көріп отырғанымыздай, бұл өлеңде теңеу бар ежелден бірталай халықтарға белгілі ескі аңыз – мифтерде, кездесетін бейнелеу үлгісімен ұштасады. Бұл сөйлемдердің қай-қайсысында болмасын аудармашы қазақ мәтінді сол қалпында сақтап қалуға тырысады. Ағылшын тілінде қолданылып отырған сөздер, баламалар қазақ тілінің көптік категориясын толығымен дерлік жеткізе алмады дегенмен де, олардан сөйлемдегі алар өзіндік салмағы бар. Сонымен қатар, белгілі бір ұғым әр түрлі тілде әр түрлі тәсілмен беріле беретінді, олардың әр түрлі тәсілмен беріле беретіндігі, олардың әр тілге тән өзіндік ерекшелігі, алар орны бар екендігі белгілі жайт. Ал ағылшын тіліндегі аудармаға қарасақ, біраз өзгерістер бар. Өйткені бұл аударманы тікелей қазақ тілінен аударылмай, орысша аудармасынан аударған секілді.

Күшік асырап ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды мені атты..

I brought him up from a puppy to a dog, he bit me on the leg.

I taught someone how to shoot, and he cunningly shot me down.

Собаку я вскормил из щенка

И зубу ее испытал

Меткости я обучил стрелка,

И сам мишенью стал.

Көріп отырғанымыздай, ақын бұл жерде ауыстыру немесе метонимия қолданған, ол іс-әрекетті жауыздыққа ұласқан «жалмауыз қанішер» жанды суреттейді. Ағылшын тілінде де аудармашы өлеңді сөзбе-сөз, дәлме-дәл жеткізуге тырысқан. Бұл аудармада шеберлік көрініп тұр. Орыс тілідегі сөзбе-сөз аударма болса да, керемет метонимия келтірілген. Ағылшын тілінде сөзбе-сөз аударма бірақ ұйқас жоғалған, және ырғақ та кіщкене ауытқыған.

Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,

Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.

Жат елде қайыршылық қылып жүріп,

Өз елін бай мақтар құдай қарғап.

Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,

Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап,

Қазаққа өлең деген бір қадірсіз.

Былжырақ көрінеді солар дандақ.

They troubled the language for profit, and filled up the soul,

Pleading for crumbs sometimes with deception, sometimes with flattery.

Begging in a distant, foreign land,

The cursed ones glorified the riches of their homeland.

They found everywhere the vain rich but didn’t get rich however much they took The poems seemed to be futile babbling

To those who saw and heard them.

Корыстью заженные лезли из шкур,

Смотря на хозяев сквозь хитрый прищур.

В чужой стороне без стыда побираясь,

Свой край воспевали, мудры черезчур.

Он шел туда, где баи и где и хвастун,

Но подаяньем не менял удела

И дешевeли звуки звонких струн

И жажда песни в людях все скудела.

Осы өлеңде Абай байларды мысалдап айтқан көріп отырғанымыздай, бай-шонжарларды мысқылдап астына алып, ашуы – ызасы сыр еткен сияқты. Ал ағылшын тілінде өзгеріске ұшырағаны анық, өйткені екі тілдік грамматикасында айырмашылық бар. Қазақ тілі мен ағылшын тілінде көп айырмашылық бар деп атауға болады. Жазбаша аударуда аударушыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын, мазмүнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып-толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып,мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бой ұсынуға міндетті болады. Сөз-сөйлемге, грамматикаға, нақтылыкқа, логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздіктерден пайдалану, қайта-қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады. Сонда да аудармашы сөйлем мағынасын мағыналы етіп жасаған. Оған орыс тілінен жанама аударылғаны да әсер еткен.

Қорыта келе, Абай поэзиясының аудару барысында біраз өзгерістер болған, яғни кейбір көріктеу құралдары жай сөйлемге айналып, жалпы мағынасын ғана сақтаған. Себебі, мұндай айырмашылық екі тілдің грамматикалық категориясының, бір-біріне сай келмейтіндігі арқылы түсіндіріледі. Оның үстіне, аудармашы қазақ тілінен тікелей емес, орыс тілінен жанамалай аударғаны үшін де өзгіріске ұшыраған. Қалай дегенмен де, әр ұлттың өз ерекшеліктері болады. Бұған дәлел, атап айтсақ, американдық лингвист Б. Уорф тілдік және ұлттық ерекшеліктерге байланысты түпнұсқағаға барабар аударма жасау мүмкін емес деген пікір айтқан. Қалай дегенмен де, әр түрлі тілдік, мәдени өзгерісті бастан кешіретіндігін, сөйтіп соңғы буын өміріне ұқсамайтын жаңа сипаттардың қалыпқа айналатындығын ескерсек, шығу тегі жағынан бірбіріне ұқсамайтын тілдерді аудару барысында, мейлі сөзбе – сөз болсын, үнемі бара –бар аударма жасау мүмкін емес. Жалпы аударма атаулысында екінші тіл арқылы үшінші тілге аударудан, әсіресе үш тілдің бір — бірімен туыстығы жоқ жағдайда ( Абай аудармалары сияқты) сәтті шыққан шығармалар болмаса, көбіне түпнұсқа авторын жатырқап тұратын өгей туынды туады.

Один комментарий к “Абай өлеңдерінің ағылшын тіліне аударылуы”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *