Өмір

Өмір

Әрбір таң шуақтап атқан сайын, Африкадағы ұйқысынан оянған киіктің басында бір ғана ой болады. Ең жылдам жүгіретін арыстаннан жылдам
жүгіру. Жүгіре алмаса жыртқыштың жемтігіне айналады.
Әрбір таң шуақтап атқан сайын, Африкадағы ұйқысынан оянған
арыстанда бір ғана ой болады. Ең жай жүгіретін киіктен жылдам жүгіру. Әйтепесе, аштан өледі.
Мейлі киік бол, мейлі арыстан бол, ол маңызды емес. Ең бастысы күн ұясынан шыққанда жүгіру керектігін әрі кешегіден де жылдам жүгіру
қажеттігін біл. Өмір атты жарыста кешегі күннен де жылдам жүгіруге тиіспіз.
Өйткені кеше ғана жай жүгіретін киікті аулаған арыстан болсаң, бүгін
жылдам жүгіретінін аулауға тура келеді. Олай болса, жылдамдықты арттыру керек. Ал егер киік болсаң, кеудеңде жаның бар кезде жылдамдықты күн
сайын арттыра бер. Өйткені кезек саған келуі мүмкін.
Яғни … Өмір жарысында бір ғана шарт бар Кешегіден де жылдамырақ жүгіру. Олай болса, кешегіге қарағанда бүгінгі жылдамдық қандай?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *