Өлшемнен ауып кетпеңіз

Өлшемнен ауып кетпеңіз
Араларынан кыл өтпейтін екі дос бар еді. Тату-тәттілігіне ел
қызығатын. Екеуінің сыртқы кескін-келбеттері ғана бөлек еді. Бірі екі күнде бір рет ауыз ашатын өте арық болса, екіншісі тамақ жегенді ұнататын толық еді. Бір күні осы екеуі бір елге сауда мақсатымен жол тартты. Біраз күн жүріп бір мейманханаға аялдап, сол жерге түнейді. Кезек тамаққа келеді.

Тапсырыстарын беріп, дастарханды неше түрлі тамаққа толтырып тастады. Осы кезде көрші дастарханда отырған кісі алдында отырған біреуден «Бір күнде негізі канша жеу керек?» – деп сұрады. Түрінен ғалым екендігі
байқалған ол «Үш жүз грамм жеткілікті ғой», – деді. Бергі дастархандағы толық кісі сөз өзіне тиіп отыр деп түсінгендіктен, «Соншалықты аз нәрсе адамға не күш береді?» – деді. Ғалым кісі болса оған күлімсіреп:
«Осыншалықты ғана жесең, ол сені көтеріп жүреді, ал бұдан көп жесең сен оны көтеріп жүресің. Осыны ғана жеуің сенің бойыңды тіктеуіңе жетеді.
Бұған не қоссаң, соны көтеріп жүретін жүк тасушысына айналасың. Тамақ
өмір сүру үшін керекті, болмаса тамақ үшін өмір сүруді білдірмейді», – дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *