Падишах қайтыс болғанда берерсің

Падишах қайтыс болғанда берерсің
Жүрегі жұмсақ, ақ көңілді бір уәзір қайыр не көмек сұрап алдына келген әр адамға мемлекет қазынасынан қарызға ақша беретін. Қарызды қашан қайтару керек деп сұрағандарға да ―Падишах қайтыс болғанда берерсің‖ дейді екен.
Осы жағдайды көрген біреу Падишахтың алдына барып, ―Падишахым, сіздің уәзіріңіз мемлекет қазынасынан ақша алып қайыршыларға таратып
жүр, қайтару уақыты да сіздің өліміңіз деп айтып жүр. Ниеті жаман, сіздің өліміңізді қалап жүрген көрінеді, қайтыс болғаныңызда да барлық ақшаны өзі жинап алмақшы‖ деп айтады.
―менің сенімді уәзірім осындай қастандық жасай алмас‖ деп
айтылғандарға падишах сене алмайды. Дереу уәзірін шақырып, жағдайдың рас-өтірігін сұрайды. Уәзір: ―Әділетті патшам! айтылғандар өтірік емес. Мен расында да қазынадан ақша алып қатты қиналғандарға қарызға беріп,
қайтаруын сіздің өліміңізден кейін жасауларың сұраймын. Бірақ та бұл сіздің өліміңізді қалағаным емес, керісінше ұзақ өмір жасауыңызды тілегенімнен.
Төлеуді кешктіру үшін қарыз алған адамның бәрі де сіздің ұзақ өмір
сүргеніңізді тілейді. Қиналып жүргендердің тілектері қабыл болатынын білесіз ғой. Қалағаным – өміріңіздің ұзақ, денсаулығыңыздың жақсы болуы ғана.‖

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *