Ерекше көзқарас
Атақты аргентиналық гольфшы, Роберт Винчензо, кезекті жүлделі орын алады. Үйге қайтар жолда да клубына кіріп, заттарын жинап автотұрақ жаққа бет бұрады. Сол сәтте алдынан бір әйел шыға келеді. Робертті алған медалімен құттықтап, кішкентай баласы барын, ол баланың қатты ауырып,
ауруханаға жатқызайын десе, ақшасының жоқтығын, сол себептен де
кішкентай сәбидің күн өткен сайын өлімге жақындағаның көру қаншалықты қиын екенің айтады. Әйелдің айтқандарынан Роберт қатты елжіреді да, дереу чек дәптерін шығарып, турнирден ұтып алған соманың жартысын жазып береді. Чекті әйелдің қолына ұстатады да ―балаң тезірек жазылып, оған
жақсы өмір қамтамасыз ету үшін жаратарсың‖ дейді.
Бір апта өтіп, Роберт клубта түстеніп отырған кезде, гольф клубының бір мүшесі қасына келіп ―автотұрақтағы жігіттер өткенде турнирден шыққаныңызды көріп бір әйелдің келіп сөйлескенің айтты‖ дейді. ―Иә, рас солай болды‖ дейді Роберт – ―оның несі бар?‖.
―Жо, ештеңе емес қой, жәй бір нәрсе айтайын – жаңағы әйел аферист, алаяқ екен. Сіз сияқты бай адамдарды әдейі күтіп алып ауру сәби жайлы айтып
ақша жасайтын көрінеді.‖
Робер таң қалып: ―яғни, өлейін деп тұрған сәбі жоқ па сонда?‖ деп
сұрайды. ―Жоқ, ол әйелдің ойдан шығарғаны‖. Роберт: ―Осы айтқаның соңғы апта естіген ең жақсы хабар болды!‖ деп рахметін айтады.