Дүние – айна
Ерте ерте ертеде… Бір сұлтан үлкен сарай салыпты. Сарайдың ішіне де мықдаған айна қойыпты. Барлық бөлмелердің асты-үсті айна болған екен. Бір күні сарайдың ішіне сұлтанның иті жүгіріп кіріпті. Айналасына қараса,
мыңдаған ит қоршап алыпты. Барлық жақтан оған иттер қарап тұр. Иттерден қорқса да, қорқаның білдіртпеу үшін, тісін ақситті. Осылайша басқаларды
қорқытпақшы болады. Сүйтсе, барлық иттер де тістерін ақситті. Ит ырылдаса
– басқа иттер де ырылдады. Енді ит басқа иттерге қарсы үре бастайды. Бар күшін салып үрді. Бір қараса жан жағынан басқа иттер де, оның үргенінен мық есе қатты үре бастайды. Ол қанша үрсе, иттер қоймай оған үрді.
Таңертең бөлмеге кірген сұлтан иттің өлгенің көреді. Бөлмеде иттен басқа ешкім жоқ, тек қана мыңдаған айналар. Ешкімде итке қарсы үрмеді, ешкім
оны қорқытпады. Айналарға қарап өз өзін көрген ит, айнадағы өз бейнесінен қорқып, өз өзімен шайқасқан болды.
Ішіңіздегі кедергілерден басқа, сырттағылар еш кедергі бола алмайды. Қандай болсаңыз – айналаңызды да сондай етіп көресіз. Дүние – ішіңіздегіні көрсететін үлкен айна.