Бәрі де өтпелі
Ерте ерте ертеде.. бір бай болыпты. Бай болғанын қайтесіз, өмірі түк тыныш еместі – уайым мен қайғыға толы болатын. Бір күні бай жасы үлкен ақсақалды шақыртып: ―Ақсақал, маған кеңесің керек – осы сарайымда көп
нәрсеге жыным ұстайды, ашуымды келтіреді. Осыдан келіп, еш хұзур тапқан емеспін. Ашулаңқы болғанымнан, айтарымды айтып алып, кейін үнемі өкініп жүремін. Осыдан қалай құтыламын!‖ Байды тыңдап алып, ақсақал
қолыңдағы жүзікті шешіп, байға береді де: ―Осы жүзікті тағып ал – жүзіктің үстінде бір-ақ сөйлем жазылған: ―Бәрі де өтпелі!‖ Бір нәрсеге қатты
ашыланып, немесе қатты қуанғаныңда мына жазуды оқы дағы тауба ет. Осы арқылы жамандан арынған боласың!‖.
Уақыт өте байдың өмірі ақсақалдың кеңесі арқасында түзеле бастайды. Бірақ бір күні жүзікке қарағанның өзінде сабыр сақтай алмай қалады. Жүзік оны одан әрі ашуландырады. Қолынаң жүзікті жұлып алып, тастамақшы болған кезде жүзіктің ішкі жағында да бір жазу бар екенің көреді. Алып оқыса, ―Бұл да өтпелі…‖ деп жазылған екен.