Біз қандай мұсылманбыз?

Біз қандай мұсылманбыз?
Көршісі аш, өзі тоқ, кездескенде сәлем жоқ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Араларыңызда сәлемді таратыңдар» дегеніне қарамастан бейқам жүрген бір мұсылманбыз ба?
Теледидарда жарнамалардан кейінгі телесериалдың басталуын, намазға шақырған азандай күтетін, Раббымыздың уақытыңды қалай жұмсадың дейтін сұрауынан бейхабар жүрген бір мұсылманбыз ба?
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): ―Ақыр заманда сүннетімді ұстанғанға шейіт сауабы беріледі‖ деген сүйіншісінен мақрұм қалған бір мұсылманбыз ба?
Раббымыз: «Міне осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол
көрсетуші» деп бұйырса да, Құранды өлілерге бағыштаған мұсылманбыз ба?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Менің сахабаларым көктегі жұлдыздардай, кімде-кім қайсысының артынан жүрсе адаспайды» десе де, саңлақ
сахабалардың өміріне үңілмейтін, қараңғылықта калып қойған мұсылманбыз ба?
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер» деген үгіт- насихатына құлақ аспай пайда қуған дүниеқоңыз мұсылманбыз ба?
«Аллаһ және періштелер Пайғамбарға салауат айтады, сендер де оған салауат айтыңдар» деген аяттан бейхабар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) аты аталғанда салауатты есіркеген сараң мұсылманбыз ба?
Иә, шынымен де біз қандай мұсылманбыз, бір сәт ойлансақ…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *