Алғысты дәмету

Алғысты дәмету
Бір ауылда даналығымен танымал қария тұрыпты. Оған ақыл-кенес сұрау үшін көрші ауылдардан да адамдар келеді екен. Осындай көрші
ауылдың бірінен бір шал Қарияға барып: — Бай болмасақ та, сізге ең күшті тамақтардан жасап қонақ күткім келіп отыр, деп асқа шақырады. Қария қуана келіседі да қонаққа жиналады. Шалдың үйінде расында да дастархан неше түрлі астармен толып-тасып тұрады. Тамақты жеп алып, Қария дастарханнан тұрып кете бермекші болғанда, шал таң қалып:
Шал: Қария, мен сізге ас даярлап, қонақ күттім.. маған айтар еш алғысыңыз жоқ па сонда?
Қария: Сіз тамақ ішіп кет деп шақырдыңыз ғой, сізге алғыс айту үшін емес, деп үйден шығып кетеді.
Осындай жауапты күтпеген шал Қариядан өш алуын көздейді. Оған
қайткен күнде де алғыс айтқызу керек қой.. Осылай ойлап тұрған күндердің бірінде, оның үйіне Қария жүгіріп келіп: ―Далада қатты жаңбыр жауып тұр! Маған қолшатырыңды бере тұршы‖.
Шал сәтті түскен мүмкіндікке қуанып сыпайы түрде Қарияға керегін береді. Осы жолы міндетті түрде алғысын аламын деп ойлайды. Бірақ Қария қол шатырды өзі әкелмей, шәкірттерінен біреуінен жібереді. Шәкірті да
ұстазы тәрізді шалға еш алғыс айтпай қол шатырды ұстатып кете беріпті. Бірнеше күннен соң, шал мен Қария ортақ таныстардың үйінде кездеседі. Шал бәрін шешетін уақыт келді-ау деп, әңгімені жәйлап бастайды:

Шал: Өткен күні қатты жаңбыр жауып ауырып қалған жоқсыз ба?
Қария: Жоқ, айырмадым. Қалшатырыңызды шәкіртімнен беріп жіберген болатынмын. алған боларсыз?

Шал: Иә, әрине. Ұмытпай жібергеніңізге рахмет, — деді да, Қария орнына өзі алғыс айтып отырғаның байқап ашуланады.
Қария шалға қарап күлімдеп отырды. Одан әрі шыдамай шал орнынан ұшып тұрып:
Шал: Қария, сізді да дана дейді-ау елдер! Түк тәрбие көрмепсіз!
Жасаған осыншама жақсылығыма кем дегенде бір рахметіңізді айтсаңыз неңіз кетеді!
Қария: Мен сізге болған алысымды ұдайы ішімнен айтып,
жақсылығыңызды ұмытқан емеспін. Егер де адам жасаған жақсылығы үшін алғыс дәмететін болса, жасағаны шынайы жақсылық болмайды. Сіз
жақсылықтың ақысына елдің ризашылығын не болмаса алғысын алам деп дәметпеуіңіз керек. Жақсылық жасағаныңыздан алатын қуаныш жеткілікті болуы керек. Жақсылықтың негізі осы. егер де ақысын күтетін болсаңыз,
ешкімді емес өз-өзіңізді алдаған боласыз. Адамдардың болмысы мақтаншақ болады. Менменшілдікке де. Жақсылықты жеке өзіңіздің мақсатыңызға
сүйеніп жасасаңыз, қате жасаған боласыз. Егер де еш алғыс дәметпей
адамдарға жақсылықты тек жақсылық болсын деп жасасаңыз ешкімнен ешқашан көңіліңіз қалмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *