Қоянның төрелігі

Қоянның төрелігі
Бір аш қасқыр ну орманды тіміскілеп жүріп, аңшының қазған орына байқамай түсіп кетіпті. Ол қанша арып талса да, ордан шыға алмай бар даусымен:
– Құтқарыңдар! Құтқарыңдар! – деп айқай салады. Осы кезде, дес
бергенде, бұл араға бір ешкі келе қалыпты. Оны көрген қасқыр:
– Мені құтқара көр қайырымды ешкі, мен өлсем бір сәрі, бала-шағам
аштан қырылады ғой, – деп еңіреп қоя беріпті. Сонда ешкі:
– Атама, сені құтылдырам деп, өзімді арандатар жайым жоқ! – депті.
Қасқыр:
– Мені құтылдырсаң, ендігәрі тиіспеуге ант-су ішейін! – депті.
Қасқырдың жалынып- жалбарынғанына қабырғасы қайысқан ешкі бір
арқан тауып әкеліп, бір ұшын өз мүйізіне байлап, тағы бір ұшын орға тастап қасқырды шығарып алыпты.
Еркіндікке қолы жеткен соң, қасқырдың ниеті бұзылып, ешкіні жегісі келіпті. Бірақ ол ешкіге бірер ауыз тіл қатуды жөн көріп:
– Қайырымды ешкі, сен мені ордан алып шықтың, оныңа рақымет, бірақ енді аштықтан өлетін сияқтымын, жақсылықты түбіне жете қыл, – депті.
– Ендігәрі тиіспеймін деп ант-су ішпеп пе едің! – депті ешкі.
– Мен ет жеуге жаралған жан тұрсам, сені қайтып қолдан шығарайын,
– депті қасқыр.
– Ешкі қасқырдан қалай құтыларын білмей қысылып тұрғанда бір
қоян келе қалыпты, ешкі оған:
– Ақылды қоян, мына бір іске төрелігіңізді айтыңызшы! – депті.
Қоян қасқыр мен ешкінің айтқандарын естіген соң:
– Әр екеуіңнің сөздерің қисынды екен, бірақ мен сендердің
айтқандарыңа сеніңкіремей тұрмын, екеуің істің барысын маған қайтадан істеп көрсетіңдер, мен өз көзіммен көріп, одан кейін төрелігімді айтайын, – депті. Сонан қасқыр орға қайта секіріп түсіпті, әрі ешкіге, мені құтқара көр деп баяғысынша айқайлапты. Қоян ордың аузына таман келіп, қасқырға:
– Жақсылыққа жамандық сыйлаған сұмпайы. Енді аңшының сойылын
күтіп, осы арада жат, – депті.
Сөйтіп, бәледен құтылғанына қуанған ешкі қоянға ілесіп, өз жөніне кетіпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *