ҚОЖАНАСЫР ӘҢГІМЕЛЕРІ

ҚОЖАНАСЫР ӘҢГІМЕЛЕРІ
Бір күні Қожа Насредден ас пісіруге көршісінен қазан сұрап алыпты да, ас пісіріп болған соң ішіне өзінің темір шөмішін салып, көршісіне апарып беріпті:
– Қазаның аман-сау туды, – деп. Көршісі:
– Бір темір шөміш пайда қылдым, – деп ішінен ойлап, қала беріпті.
Екінші – Қожа Насредден тағы көршісінің қазанын сұрай барады. Көршісі тағы сөз айтпай, беріп жібереді. Қожа Насредден асын пісіріп болған соң қазанды ортасынан қақ жарады да, көршісіне апарып тұрып, айтады:
– Алла қайырын берсін, қазаның пәни дүниеден бақи дүниеге көшті, – деп. Көршісі шошып кетіп:
– Пәни дүниеден қазан көшетін бе еді? – дейді.
Сонда Қожа Насредден айтыпты:
– Қазан туды дегенде нанып, менің темір шөмішімді алып қалып едің, енді қазаның өлді дегенде неге нанбайсың? – деп, үйден шығып кетті.
***
Бір күндері Қожа Насредденнің бұзауы жамырап кетіпті. Артынан қуып, ұстай алмаған соң үйдің қасындағы көлеңкеде жатқан өгізді сабапты.
– Неге сабайсың? – деп сұраған кісіге айтқан сөзі:
– Үлкен өгіз үйретпеген соң кішкене бұзау ненің мәнісін білсін? – депті.
***
Бір күні Қожа Насредден түн ішінде ұйықтап жатқан қатынын «тұр-тұрлап» оятып алыпты:
– Көңіліме бәйіт келді, – деп.
Қатыны сөзін қайырмай, тұрып, шамын жағып беріпті. Сонда қолына алып жазған бәйіті мынау екен.
– Ақ қағаз, қара сия,
Көк жапырақ, қызыл алма, – деп жазыпты да, қайта жатыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *