Қаныш Сәтбаевтың алғашқы мақаласы «Жезқазған ауданының мыс кендері» деп аталады. Ол еңбегінде, бұл жаңғырыққа қуат беруші орталыққа орналасуы, қазақ халқының білуге құмарлығы, керек десеңіз оның ән творчествосына тарихи бейімділігі» — деді.
М.Қаратаев: «Жезқазған мыс – кен ауданы және оның мейрамдық қоры» мақаласы нағыз ғылыми публицистік еңбек. Қаныш Сәтбаев «Қай жұрттың болсын өмір негізі – ауыл шаруашылығына, өндіріс кәсіптеріне байланысты. Ал өндіріс кәсіптерін түзу жүріп өркендеу жолдары, бұл шарттың ең негізгісі өндіріске қажет болатын шикізат шамасы мен олардың іске асырудың бәрі жеңіл пайдалы түрде болуы. Шикізаттың Қазақстанда ең тұнығы жер асты. Қаныштың «Көркейген қазақ халқының ғылымы мен мәдениеті» деген мақаласы 1945 жылы жазылған. Еңбекте «онда толып жатқан жоғары дәрежелі мекемелер, ғылыми зерттеу институттары Қазақстанда ғылымның өркендеуіне әсер етті. Республиканың шаруашылығы мен мәдениетін өркендетуге орасан зор үлес қосқан.»
Букетов Сәтбаев туралы былай деп жазған: «Қ.И.Сәтбаев оқымысты геолог қана емес, ойлауға керекті таза ойлауға талап ететін ғұлама еді».
А.Жұбанов: «Біздің өнер айналасындағы әдетте кітапты көп оқып, көзінің майын тауыса алмайтын замандастар Қаныш екенін аса көп білетінін әдебиетте де, өнерде де айтатын сөзінің бар екендігі таң тамаша қалдырады.
Қаныш ұлы жазушылар Сәбит, Ғабит, Мұхаңмен сөйлесіп отыра олардың әдебиеттегі жетістіктерінің ғылым үшін үлкен мәні бар екендігін, ол адамдардың ғылым мекемесіне жақындай түсуінде екендігін айтады. С.Мұқанов: «Ол жан-жақты ғалым болатын. Көркем әдебиетті көп білетін өнердің сан-саласына көз жіберіп жақсы пікірлер айтатын. Ғылымның бәр саласынан бес саусақтай хабардар еді».
Қ.Жұмалиев: «Академик Сәтбаев қазіргі әдебиеттегі табыстарға шын жүректен сүйсіне, кемшіліктеріне күйіне сөйледі, кемшіліктерді сынады… Мына Сәбит те, Ғабит те, менде өндіріс тақырыбына әлі терең бара алғамыз жоқ. Әр қайсымыздың әр кезде әр жағдайда байланысты жазған желе жортқан очерктеріміз бар. Бірақ олар өзімізді де, оқушыларымызды да қанағаттандыра алмады, » — деген. 1959 жылы «Біздің ғылым академиясының институттарда, лабараториялар мен экспедицияда, құрылыстарда, колхоз, совхозда жұмыс істеген жастар, өмірде тәжірибесі бар жастар көп істесе екен деймін». 1984 жылдан бері күннен 2223 астрономиялық қашықтықта (332 млн) диаметрі 11 километр түсі қара қоңыр өзі ашқан Жезқазған мысындай жер аймағынан 11 жыл 5 айда келеді. 2402 номерлі планета «Сәтбаев» деп аталады.