Хайямның өлеңдері

3 Хайямның өлеңдері

1859 жылы ағылшынның белгілі ақыны Эдвард Фицджеральд «Омар Хаям рубаяттары» деп аталатын өлеңдер кітабын жарыққа шығарды. Кітапқа әрқайсысы 4 жолдан тұратын жүзге тарта өлеңнің парсы тілінен аудармасы енген. Мұндай өлең формасы «рубалт» деп аталады. Қазақша оны кейде «төрттаған» деп те айтып жүр. Рубалт Шығыс ақындары арасында мол таралған өлең түрі. Мұнда әрбір өлең бас-алғы тқөрт жолмен (рубалттың түбірі арабша «төрт» дегенді білдіреді) шектеліп, белгілі бір бүтін ой топшысын білідіріп отырады. Міне, осы аударма кітап парсы-тәжіктің ұлы ақынын Европаға алғаш рет алып келіп, оны Батыстың оқушы қауымымен қауымтырған еді. Осыдан кейін Омар Хаям туралы, оның поэзиясы жайлы біріне-бірі қайшы, шым-шытырық пікірлер айтыла бастады. Оның ойлы, мұңлы өлеңдері көп көңіліне жол тапты. Дәл осы қарсаңда, атап айтқанда 1851 жылы неміс математигі Франц Вепке Парижде «Омар әл-Хайямидің алгебрасы» деген еңбек жариялады. Мұнда бұрын Европа ғылымына бүтіндей мәлімсіз орта ғасыр ғұламасының алгебралық трактатының арабша тексті мен французша аудармасы келтірілген. Тарихтағы аса көрнекті алгебралардың бірі Европа ғалымдарымен алыс заманнан аса талғын ұстап келіп осылай табысып еді.

         Алғашқы кезде ақын Омар Хаям және математик әл-Хайями екеуі екі басқа кісі саналып жүрді. Мәселен, 1897 жылы шыққан Брюкгауз бен Европаның энциклопедиясында ғалым, ақын болып, екі бөлек екі томда (42 және 73 томда) дара-дара жүр.

         Әрине, бұл жаңғастық кейін жөнелді. Ол ол ма, Омар Хайямидің ғылым мен өнердің өзге саларында да еңбектері үлкен екені ашыла бастады (философия, физика, астрономия, тарих, музыка, медицина т.б.). сөйтіп, Омар Хайям дүние жүзілік әдебиет және ғылым тарихындағы ұлы тұлғалардың біріне айналды:

Дүниенің бар түкпірін оймен шолдым,

Сатурнның сырын да танып болдым.

Сан тосқауыл, шиелер шешілгенмен,

О, ажал, жалғыз жұмбақ қалып қойдың.

        Өзінің өлмес рубаяттарының бірінде Омар Хайям дүние тану тұрғысындағы қолы жеткен біліктерін осылай бейнелейді. Мақтанға жоқ, сөзге сараң ұлы ойшылдың бұл сөздерінің асқақтық емес, ақиқат екендігі Омар Хайямнығң жан-жақты творчествасымен талыс әрбір адамға белгілі.

         Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик – Омар ибн Ибранем әл-Хайями (1048-1131) Хоросанның басты қаларының бірі болған Нишапурда туған. Алайда, ол өмірінің түрлі кезеңдерінде Орта Азия мен Иранның, Самарқанд, Мерв /қазіргі Мары/, Исфаған, Рей және басқа қалаларында тұрып, қызмет жасайды. Хайям туып-өсіп, өмірінің көбін өткізген Нишапур қаласы – шығыста ежелден белгілі шаһарлардың бірі. Оның атын тіпті «Мың бір түн» ертегілерінен де кездестіреміз. Ол қазір де бар. Харасанның басты қаларының бірі, Солтүстік-шығыс Иранда орналасқан. Хайямның тұсында Харасан қазіргі Ирандық Харасанмен бірге Түркменстанның және Ауғаныстанның территориясын алып жатқан үлкен өлке болатын. Оның тарихы, бір жағынан, жалпы Иранның, екінші жағынан, Орта Азия тарихымен тығыз байланысты болып келеді.

         ХІ ғасырда Харасанға түрік-сельджуктер басып кіреді. Олардың басшысы Тоғрул – бек (1063 ж өлген) Махмұд Ғазнауидің баласы сұлтан Масғұдтің әскерінің быт-шытын шығарып бүкіл Харасанға әмір болады. Осыдан кейін сельджуктер тоқтап қалмай Хорезмиді, бүкіл Иран мен Азербайжанды, ал 1055 жылы араб халифатының астанасы Бағдатты басып алады, Тоғрул-бек сұлтан болады. Басқыншылық саясаты Али-Арслан (1063-1072) және оның баласы Жәлелиддин Малик – шах кезінде онан сайын күшейіп, сельджуктер Қытайдан Жер Орта теңізіне, Кавказдан Иеменге дейін созылып жатқан байтақ мекенді иемденді. Осылай құрылған феодалдық мемлекеттің қай жағынан болса да нығаюына, көркеюіне ақылды да саясатшыл уәзір Низам әл-Мусик (1017-1092) көп еңбек сіңіреді. Ол мемлекеттің көтеруде ғылым мен мәдениеттің маңызын дұрыс түсінеді, ғалымдарға қамқорлық жасап, оқу орындарын ашуға себепші болады. Соның бірі Бағдаттағы әйгілі «Низамил» академиясы болды.

         Сельджуктер империясының орталығы ең әуелі Харасанның Мерв қаласы болып, кейін Исфаханаға көшіріледі. Хайям кезінде Харасан халқының көпшілігі парсы тілінде сөйленетін. Ақын өзінің бүкіл өлеңдерін және кейбір ғылми трактаттарын осы тілде жазған. Кейіннен бұл өңірді түріктер басып алған соң түркі тілінің әжептәуір ықпалы күшейтеді. әрине, араб тілі негізгі ғылми ортақ тіл болып қала береді.

         Омар Хайям Орта Азияда осы көшпелі түрік тайпаларының, яғни сельджук сұлтандарының дәуірлеп тұрған кезінде туып, өмір сүрген. Хаямның толық аты – жөні Гилседдин Әбу-л-Фатх Омар Ибн Ибрахим Хайям Нишапури. Омар — өзінің аты, Ибрахим- әкесінің аты, Нишапур – шыққан қаласы : Әбу-л-Фатх – Фатхтың әкесі дегенді білдіреді, бұған қарай оның осы есімді баласы болған деген үзілді –кесілді қорытынды шығаруға болмайды, мұндай қосымша ол кезде көбінесе жайдан – жай-ақ тіркеле салатын болған (мәселен, Әбунасыр Фараби т.б.). Ал Хайям деген әкесінің мамндығы болуы мүмкін деп топшылайды. Бұл туралы ақынның бір өлеңінде астарлап айтылған. Сөйтіп, Хайям қолөнершілер тегінен шыққандығы байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *