Түлкі мен ай

Түлкі мен ай
Аспандағы ай жарлы болып тұрушы еді. Мал дегенде өзінің бір ешкісі, бір бұзауы бар еді. Бір күні қасқыр Айдың жалғыз бұзауын сойып, түлкіні қонаққа шақырып алып, бұзауды жесіп, терісін жасырып қойысады. Сонан соң аспандағы Ай жоғалып кеткен бұзауын іздеп, даланы қыдырып жүріп, ешкісін үйіне кіргізіп, арқанменен мойнынан байлап кетіпті. Сонда далада аспандағы Айдың қарсы алдынан түлкі шыға келіп, құйрығын бұлғақтатып жіберіп, көзіне қарай беріп:
– Қалай тұрасың Ай, – деп сұрайды. Сонда Ай айтады:
– Тәуір тұрамын, бірақ бұзауымды жоғалтып іздеп жүрмін, – деген соң «Тез таба алмайсың, егерде қаласаң мен болыстық қылайын», – дейді. «Бірақ мені қонаққа шақыр, келістіріп тойғыз, сонан соң сенің бұзауыңды тауып берейін», – дейді. Сонан соң аспандағы Ай түлкіні үйіне шақырып, жанындағы ауылдастарынан қымыз, ет сұрап алып, ішкізіп, жегізіп тойғызады. Аздан соң түлкі тәңір жарылқасын айтып, іздеуге шығып кетіп, ағаш ішінде жүрген қасқырды тауып алып, бұзаудың терісін үстіне кигізіп жіберіп:
– Жүр, Айдың үйіне қонаққа барайық, ешкісін сойып қонақ қылады, кеш уақыты болып келеді, тамақ болып қалар, – десіп келіпті.
Сонда Ай қуанғаннан ешкісін үйіне қалдырып, ауылдастарына барып айтпақшы болып, «жоғым табылды» дегелі кеткен уақытта, үстіндегі терісін тастай салып жоғалып кете барады.
Қашанда болса қу, залым адамның қызмет қылып, жақсылық көрсетемін дегеніне сену керек емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *