СӘМЕН ҚУ

СӘМЕН ҚУ
Сәмен мен Бақтияр дейтін замандасы кеңесіп отырып, әңгіменің арасында Бақтияр өзінің әйелін мақтайды. «Әйелім өзіме сенеді, мен арамдық істемейім, о да аман, кісі сөзіне ермейді», – дейді. Сәмен:
– Ол бекер, ол ашуланады да, сөзге де ерер, – дейді. Ақыры, екеуі сөз байласады. Сәмен азғырмақшы болады.
Бір кезде Сәмен Бақтиярдың үйіне келіп, ешнәрсе күтпестен Құран оқиды. Артынан көңіл айтады. Сонда отырған 4-5 адамға:
– Е, Бақтияр анаугі ана елден әйел алмай, басқа елден әйел алған ба? – дейді. Отырғандар аң-таң болып, «жоқ, ондай, мұнда [й] өзгеріс болған жоқ», – дейді.
Сәмен:
– Неге Бақтияр… ана қалхоздан бір әйелге сөйлесіп жүр еді, –– дейді. Сол кезде Бақтияр келеді. Бақтияр кірісімен әйелі алдынан тұра жүгіріп:
– Е, мені тірідей өлді деп, Құран оқытып, әйел алмақшы болып жүр екенсің ғой, әйеліңді барып ал, – деп, ұрысады.
Бақтияр басында түсінбей, аң-таң болып отырады. Сәменге қарайды, жан-жаққа қарайды. Аң-таң. Сонда Сәмен:
– Ә, Бақтияр, сенің әйелің ашуланбайды екен, – дейді. Сонда Бақтияр:
– А, Құдай ұрған екен! – деп, сонда түсінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *