СОҚЫР, ТАЗ ЖӘНЕ ЖАЛАҚ
Бір соқыр, бір таз және жалақ – үшеуі жолдас болыпты. Бұлар жолаушылап бір жат елге келе жатқанда үшеуі соқыр, таз, жалақ екенімізді білдірмей, жай отырысалық; соқыр көзін сүртпесін, таз басын қасымасын, жалақ ернін жаламасын деп, серт қылысыпты. Бір үйге қонып отырса, таздың басы қышып, жыбыршып, отыра алмапты. Сонда таз әңгімеге кірісіп:
− Әкеміз асқан ат үстіне мықты болған кісі еді. Қамшыдай қатқан жүйрікке мініп, қайың сатылды қолға алып, бөрікті біресе мына шекеге, біресе мына шекеге киіп алып, араласқанда… – деп, басын әбден үйкелеп, қасып алыпты. Мұны соқыр біліп, менің де әкем құралайды көзге ататұғын мерген еді, сары құлаш садақты бетке осылай ұстап, сығалап тұрып, былай бір тартып, бұлай бір тартып жібергенде аң жау жапырақтай түсуші еді, − деп, көзін қасып алыпты. Мұны көріп отырған ерні тырысқан жалақ:
− Бәлду-бәлду бәріңдікін де білдім, − деп, ернін екі жалап алыпты.