«Жоңғария очерктері»

«Жоңғария очерктері»

Шоқан 1837 жылы Ақмола облысы, Көкшетау уезінде Сырымбет

деген жерде туған. Шоқанның кітапша шын аты Махмұд Қанапия екен, Шоқан бала күнінде еркелетіп қойылған ат.  Шоқанның ата тегі : Шоқан орта жүздің атақты ханы Абылайдың шөбересі, Уәлиханның немересі, Шыңғыс төренің үлкен ұлы. 19 ғасырдың 30 жылдарында үкімет Уәлихановтарға Сырымбетте ағаштан мешіт үй салып берген. Шоқан балалық дәуірін сонда өткізген Шоқанның оқуы: Шоқан Омск кадет корпусына 1847 жылы күзде 10 жасында түскен. Бір ауыз орысша білмейтін бала тез жаттығып, зеректігін көрсеткен. Шоқан зерттеуші ғалым, жолсапар очерктерін жазушы.

Шоқан Уәлиханов өзінің «Жоңғария очерктерін» 1860 жылы Петербургте жазған. Шоқанның бұл еңбегі жеке оқулықтарда, зерттеулерде «ғылыми мақала» делініп жүр. Ал, шынында бұл – жолсапар очеркі. Қашқария мен Жоңғарияға бару сапары, содан көрігендері мен түйгендері – Шоқан шығармасына қазық. Очерктің басты кейіпкері – автордың өзі. Саяхатшы, ғалым өз атынан сөйлеп, көбінесе «мен», «біз» деп отырады. Мұндай әдіс жолсапар очеркіне, саяхатшыларға тән нәрсе. Шоқан Уәлиханов очерктерінде көзге түскеннің бәрі тізіле бермейді. Автор халықтардың тіршілігін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын терең зерттей келе типтік фактілерді жинақтап алады. Мысалы: Қырғыздар мен Жетісу қазақтарының, Қытайлардың шаруашылығы, тұрмыс-салт санасындағы көңіл қоярлық бұрын Европа жұртшылығына мүлде беймәлім жағдайларды ғана Шоқан «Жоңғария очерктеріне» өзек етеді. «Жоғария очерктерінің» 1-ші бөлімінде түгелдей дерлік жалпы ғылыми мағұлмат беруден, зерттеу пікірінен тұрады. 2-ші бөлімінде бірнеше шағын сюжет бар. Талантты ғалым қырғыз халқының этнографиясы, тарихы, мәдениеті жөнінде көптеген мұра қалдырды. Мұндай этнографиялық деректер «Жоңғария очерктерінде» баршылық. Шоқан осы еңбегінде «Манас» жыры туралы сөз қозғайды, оның қысқаша мазмұнын түсіндіреді. «Манас» пен оның жалғасы «семетейді» бүкіл қырғыз мәдениетінің аңыз-ертегілерінің энциклопедиялық жиынтығы деп бағалайды. Шоқан манасты – даланың-Иллиадасы, ал Семетейді – қырғыздың одиссеясы тәрізді дейді.

Шоқанның енді бір қыры публицист екендігі. Оның орыс достарына жазған хаттарында нағыз бұқарашыл публицист екені аңғарылады. Дост-ге 1862 жылы 15.Х. жазған хатында өзінің қараңғы халқына іс жүзінде көмек көрсету үшін, қалың бұқараны чиновниктер мен бай қазақтардың озбырлығынан қорғау үшін аға сұлтан болғысы келетіндігі айтады, сол жылы 6.ХІІ. А.Н.Майковқа «Жергілікті сұлтандар мен қарадан шыққан байлармен келісе алмай жүрмін, өйткені, олар өздерінің бұрынғы құлдарын жаман ұстайды, бұл құлдар азат етілгеніменде қайда барарын білмей, сол бұрынғы қожайындарының қолдарында жүр. Мен оларға еңбекақы төлеңдер деп айттым, заңмен қорқыттым, бұқара халықпен доспын», — деп жазды. Басқа хаттарында да парақор чиновниктер мен қиянатшыл байларға деген өшпенділігін білдіре отырып, бұқараның мүддесі үшін қоғамдық-саяси маңызы бар мәселелер көтеріп отырады. Публицистикалық және ғылыми-зерттеу мақалаларында Шоқан қазақтың әдебиеті мен тілін дамытудың жолдарын айтып, жөн сілтейді. Журналистикамен шындап шұғылданғысы келетіндігін Шоқан 1862 жылы А.Н.Майковқа жазған хатында былай дейді: «Санкт-Петербурские ведомостидің» Орта Азиямен қазақ даласындағы істер жөніндегі тілшісі болғым келеді. Редакторымен сөйлесуіңізге де болады», — .деген. Осы хатында «Современикке не болды?» — деп Сов-ң 1862 ж 8 ай бойы шығарылмай тасталғанына реніш білдіреді.

Шоқан — өз халқының перзенті. Ол  аталы қазақтың ауыз әдебиеті жасаған халықтың публицистиканы жастайынан зерттеді, содан нәр алды. Ол Абылай хан туралы, Қазақтың ертегі, өлеңдері, ақындары туралы, Қазақ шежіресі туралы құнды деректер жазды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *