1 ГЛОССАРИЙ
Журналистика – қоғамдық институт, қоғам айнасы. Қазіргі заман тақырыптары мен проблемаларын қамти отырып, оқырман қауымның әртүрлі өкілдерінің қажеттілігін күнделікті қоғамдық ақпаратпен негізінен публицистика формаларын пайдалана отырып, қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қоғамдық өзекті проблемаларды қозғаған ғылыми, көркемдік әртүрлі туындыларды жариялайды. Журналистика қоғамдық пікірді қалыптастырушы, жасаушы бірден-бір қоғамдық институт.
Журналистиканың қызмет түрлері – коммуникациялық қызметі, ұйымдастырушылық қызметі, идеологиялық қызметі, мәдениағартушылық қызметі, жарнамалық анықтамалық қызметі, рекреативті қызметі.
Редакторэдиториалист – редакцияда отырып, тілшілер әкелген материалды әдеби өңдеумен айналысады. Тілшілерді бақылайды. Оларға тапсырма береді.
Конгломераттар — коммерциялық қызметтің әр түрін қамтитын кәсіпорындар.
«Сарыжағал баспасөз» – көпшілікке арналған бульварлық басылымдар. Бұл басылымдар негізінен қалтасы жұқалтаң, талғамы төмендеу, орта білімді оқырманға арналған және айқай шулы сенсацияны, өсекаяңды жазуға құмар, инсинуациясы иен иллюстрациясы мол газеттер.
БАҚқа гибридтік иелік – массмедианың әр түрінің, яғни газетжурналдардың, радио және телестансалардың бір адамның иелігінде болуы. Мәселен, Р.Мэрдоктың қол астында газет те, журнал да, телестанция да, киностудия да, баспа үйі де бар.
Ақпарат (Информация. Information) – ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап ақпарат мәселесіне өзгеше көзқарас пайда болды. 1948 жылы АҚШ ғалымы Клод Шэннон ақпарат теориясының негізін жасағаннан кейін оның мазмұны байып, ғылыми категорияның деңгейне көтерілді.
Ақпараттық бостандық (Свобода информации. Freedom of Information) – Әр адам заңмен рұқсат етілген тәсілмен ақпарат алуға, қабылдауға және таратуға құқылы. Ақпараттық бостандық сөз еркіндігімен тығыз байланысады.
Ақпарат көздері (Источники информации. Sources of Information) – Ақпарат көзі дегеніміз айналамызда, бүкіл әлемде күнделікті болып жатқан оқиғалар, көріністер, нақты деректер. Сондай-ақ, журналистің жазған материалына, дайындаған бағдарламасына арқау еткен дәйегінің түп негізі.
Ақпараттың лиді (Лид информации. Lead of news) – Журналистикада хабардың бірінші сөйлемі немесе алғашқы абзацы, мәселенің тоқ етері мағынасында қолданылатын термин.
Бұқаралық ақпарат құралдары (Средства массовой информации. Mass Media) – Бұқара халықты журналистік туындылардың көмегімен объективті ақпаратпен жедел әрі тұрақты қамтамасыз етуді мақсат еткен мерзімді баспасөз, радио, телевизия, ақпараттық агенттік, деректі фильм, онлайн басылымдар.
БАҚ-тың коммерциялық сипаты. (Коммерциализация СМИ. Commersalization of Mass Media) – Газет-журнал басу, бағдарлама дайындау үрдісінің ақпараттық өндіріске айналуы, аудиторияның қажеттіне сай іскерлік сипаттың, тиімді қызмет атқарудың менеджменті мен маркетинг стандарттарының қалыптасуы. Коммерциялық журналистиканы «profit seeking» деп атайды.
БАҚ ақпаратын қабылдаушылар (Аудитория СМИ. Audience of Mass Media) – Негізінен объективтік және субъективтік әртүрлі жағдаймен біріккен БАҚ материалдарын қабылдаушы қауымның жекелеген топтары. Олардың сипаттарын сана механизмдері анықтайды. Оларды салыстырмалы түрде тұрақты және ауыспалы деп бөлуге болады.
Газет (Газета. Newspaper) – Күнделікті немесе апталық түрінде тұрақты шығарылатын, ақпаратты, тың жаңалықтарды, танымдық материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөздің бір түрі, ақпарат құралдарының атасы. Сөздің түп төркіні ХҮ ғасырда Венецияда таратылған парақшаларды La gazetta деп манеттің атымен атаған атаудан туған.
Газет дизайны (Дизайн газеты. Newspaper design) – Нақты мақсат пен қажеттілікке арналған, өзіндік сипаты бар, айырықша кескін-келбет пен форманы біріктірген және баспасөздің әртүрлі элементтерін газет бетіне шеберлікпен орналастыру үрдіс әрі өнер.
Журналистика тарихы (История журналистики. «History of Journalism») – Журналистика тарихы жалпы тарихпен бірдей әлемдік және белгілі бір ұлттың тарихындағы журналистиканың ағымдарын, типологиясын, бағытын, тәсілдерін, әр кезеңдегі үлгілерін, өрлеуі мен құлдырауындағы заңдылықтарын уақыт реті бойынша зерттейтін ғылым.
Телевизия (Телевидение. Television) – Гректің «tele» – алыс, шалғай, латынның «viseo» – қарау, көру деген сөздерінен пайда болған. Көрермендерге бағдарламаны бейне, дыбыс, дауыс арқылы жеткізетін техникалық және бұқаралық ақпараттың құралы.
Радио (Radio) – Латынның «radiare» – жарық шашу, сәуле тарату деген сөзінен шыққан. Бағдарламаны дауыс, дыбыспен шексіз кеңістікке тарататын техникалық құрал. БАҚ-тың бір түрі, журналистиканың ажырамас бөлігі.