Автор ЮНЕСКО журналының деректерін сүйене отырып, қатаң құпия жағдайда жүргізілген інішара мед. зерттеулердің көрсеткіштерін жазады. Бұл көрсеткіштер бойынша, 1959 жылдан 1987 жылдар аралығында өз қанмен ауырып қайтыс болғандар 3 есе, өлгені расынан көз жұмғандар 8 ееге дейін өскен екен.
Бұл – рас, ақ қан (лейкоз), жүрек- қан тамырлары сияқты нешетүрлі ауруларды қоздырып, қаншама қазақты баудай түсіріп, қанын шығармай радиациямен бауыздады деген сөз. Автор: «Шын мәнінде қазір зейнет жасына келіп қалғандар кезінде полигонды атом бомбасы ашық жарылғанда туғандар. Олардың денсаулықтары қандай екені айтпаса да белгілі: еңбектерінің зейнетін көре ме, әлде радиация сырқаты меңдеп, бұл өмірлен ерте өте бере ме, ойлай беріңіз. Заңда бұл жеңілдік те көзделген. Бірақ орындалатын түрі көрінбейді» деп, проблеманы ашық айтады.Егемен Қазақстан 2004, 27 ақпан.
Ал, осы газеттің 2002 жылғы санында ұлы конденсаторларды Семей полигоны аумақта көшу мәселесі көтеріледі:
Екібастұз электр стансасынан алып әкелінген конденсаторлар құрамында трихлордефиния деген өте қауіпті зат бар. Сондықтан оны Семей полигонының аумағында пайдаланылмай атқан алқапқа көшу жөнінде шешім жасалған екен.
Конденсаторларды көшудің жобасын жасаған — ҚР ұлттық ядролық орталығының радиациялық қауіпсіздік институты. «Бәрі дұрыс-ау. Бірақ бұл хабарды естіген соң полигон аймағындағы қазақ ауылдарының тұрғындарымен тапты да маза кете бастады. Осы маңда мал өсіріп, күнкөріс жасап отырған қандастарымыздың жүрегі шайылыпты, алаңдайтын да жөні бар. өйткені, күндердің күнінде, жыл артынан жыл өтіп, көшілген конденсаторлар келешек ұрпақтарының өміріне қауіп төндірмес пе екен? Осылай болмасына тиісті орындар кепілдік бере ала ма?» деп жазады мақала авторы Ғ.Омархан.
Иә, шынымен-ақ бұл ядролық қалдықтар қауіпсіз болса, келе оны басқа жерге көмбеске. Семей халқының сынақ кезінде шеккен зердекті аз еді, оған қоса зәлал қылуға да болады екен. Бір аурудан құтыла алмай жүргенде, басқа ауру жабысты…
Соңғы деректерге қарағанда, қазіргі Абай, Май, Бесқарағай, Қарқаралы аудандарында қалқан безінің ұлғаюы қалыпты жағдайға айналған. Осыдан он жыл бұрын Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты М.Жұматованың жазғанын оқысақ: «Полигоннан 30 км жердегі Знаменка ауылында болғанда жағамды ұстадым. Жүгіртіп жүрген балалардың бейнесі тірі аруақтай, әлжуаз, шүдеу. Ауруханаға кіргенімде дене мүшесінің кемісті бар балалар да көп екен. әуелде жергілікті басылымдар маған әдейі ақыл-есі, дене мүшесі кем, жарымтан балаларды жинап қосқан екен деп қалдым. Олай емес екен. Облыстық жикнатриялық аурухананың бас дәрігері Щербаконь бұл облыста ақыл-есі кем осындай аурулар республиканың орта көрсеткішінен 2-2,5 есе көп дегенді айтты. Мен бұған таң қалғаным жоқ. өзін көріп, куә болған жағдайлар».
Ажалдан кейінгі ақиқат осы. Келесі мақаланы алар болсақ Жас Алаш газетінің 2002 жылғы санында жарияланған ҚазҰУ теология факультетінің деканы, профессор Рахметқали Терсімбаевпен сұхбат.
Әңгімені оқып болғаннан білетініміз: еуропалық коммисияның қолдауымен соңғы 3 жыл төңірегінде Қазақстанның Ұлыбританияның, Финляндияның және АҚШ жиындары Семей аймағы тұрғындарына радиация әсерін анықтау үшін генетикалық зерттеулер жүргізеді. Мақалада бұл жұмыстардың қалай өткізілетіні, нәтижелер туралы сөз қозғалады. Сандық көрсеткіштермен, графиктермен радиция әсері көрсетіледі. Соның бәрі айтыла келе, полигон өңірінде тұрып жатқан елге әні де ерекше қамқорлық пен жете көңіл болу қажет деген қорытынды шығарылды.
Шынында, полигон жабылуына 10 жыл-дан аса уақыт өтсе де, халық оның зардабын бүгінде де көріп жатыр. Әлі жазылмаған жараның адам сайын асқындауына мемлекет шенеуліктерінің үлес тигізіп отырғандарына шаруасы жоқ.
1999 жылы октябрь қозғалыстың тегеурінді әсеріне 19-шы қазанда Совет үкімет Семей полигонындағы сынақтарды тоқтатты. Бұл «Невада — Семей» қозғалысының жеңісі еді. Қазақстан халқының жеңісі еді.
Әрине, бұл жеңістер оңайлықпен келген жоқ еді. Оған еңбек сіңірген, күш-қуат жұмсаған қоғам қайраткерлері де аз емес еді.
Жалпыға мәлім, полигонның жабылуына қалың жұртшылықтың наразалығы оны бастаған «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының тегеурінді әсері болды.
Қозғалысты қазақтың адам ұлы, ақын, публицист Олжас Сүлейменұлы бастады. «Невада-Семейдің» қыруар жұмысы туралы көп жазылды. Бірақ сонда да ядролық жарылыстарға қарсы, үкіметтің бұл жөніндегі ұстанған саясатына қарсы халықты ұйымдастырғандардың әрқайсысының орны бөлек.
Мысалы, Сұлтан Омарұлы Картаев «Невада-Семей» ядролық сынақтарға қарсы халықаралық қозғалысының Шығыс Қазақстан облысы бойынша үлестірушісі. Ол Шульба поселкесіне Олжас келіп, өз ойын айтқан бетте-ақ қоғамыдқ қозғалысқа белеске қатысқанымен білдірген. Абай аудандық партия комиетінің бірінші хатшысы Хафиз Матаев, Мәркен Шайжүнісов, Одақтық Кеңесінің депутаты болған белгілі қайраткер Александр Княшкин секілді білімді азаматтар осы ұлыхалықтық шеруді бастады. Олардың арасында Семей медицина институтының проректоры Мұрат Оразалин, оның інісі Болат, профессор Майра Жөнгелова, Мәрия Әлімова, жанасемейден Марат Ногеров, Семейден Әсел Симбиренова т.б. жігерлі ұлдарымыз бен қыздарымыз қолдап, бүкіл республиканың халқын жұмылдырды. Қозғалысқа Қарағанды, Павлодар облысының азаматтары, Алматының білікті мамандар тілектес болды. Білімін, еңбегін, күшін алмай күресті.
Сонымен, бүгінде Семей полигоны үнсіз. Дегенмен де оның зардабы қазір де халыққа әсерін тигізуде. Бұған дәлел ретінде баспасөз беттерінде жарық көретін материалдарды айтуға болады. «Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды» демекші қоғам шындығын бейнелейтін БАҚ-да Семей полигоны туралы мәселенің көрініс табуы бұл проблема әлі де жойылмаған екендігін көрсетеді.