- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң Конституцияға негізделеді. Тіл заңы Қазақстандағы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Республикада қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру республиканың әрбір азаматының парызы.
Ал мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында – орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.