- Сабақтас құқық объектісі болмайтын туындылар.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограмммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына қолданылады. Фонограмма жасаушы, хабар таратушы ұйым фонограммаға жазылған эфирде немесе кабель бойынша берілетін туындыны орындаушымен және оның автормен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегінде жүзеге асырады.
Орындаушы туынды авторларының құқықтарын сақтайды. Фонограмма жасаушы және орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін фонограммманың әр данасында және оның әрбір қорабында көрсетілетін, үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдаланады.
Қоршауға алынған латынша “р” әрпі.
Айрықша сабақтас құқықтар иесінің есімі.
Фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
Эфирлік немесе кабельдік хабар хабар тарату ұйымның құқықтары заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жері бар болса және хабарларын Қазақстан аумағында орналасқан хабар таратқыштар көмегімен жүзеге асырса танылады, мойындалады.
Ал шетелдік орындаушылар мен фонограмма жасаушылардың эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары Республика аумағында Қазақстанның халықаралық шарттарына сәйкес қорғалады. Эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымына оның хабарына қатысты хабарларды кез келген нысанда пайдалануға және мұндай рұқсат бергені үшін сыйақы алу құқын қоса есептегенде, хабарды пайдалануға айрықша құқықтар беріледі.