Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару.

  1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару.

 

         Ғылым, әдебиет, өнер және публицистика туындыларының авторлары, орындаушылар, фонограмма жасаушылар немесе өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік құқықтарын іс жүзінде асыру мақсатында олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар құруға құқылы. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқаруға өкілеттікті тікелей авторлық және сабақтас құқықтар иелері жазбаша шарттар негізінде ерікті түрде, сондай-ақ осындай құқықтарды қарайтын шетелдік ұйымдармен жасалған тиісті шарттар бойынша беріледі.

         Аталған басқару ұйымның жарғылары заң талаптарына сай келетін ережелерден тұруға тиіс. Бұл ұйымды тіркеуден бас тарту заң тәртібіне қайшы келген жағдайда ғана болады. Аталған ұйымның қызметіне басшылықты мүліктік құқықтарын оның өзі басқаратын авторлық және сабақтас құқық иелері жүзеге асырады. Сый ақының мөлшеріне және пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу ережелеріне, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу әдісіне, сондай-ақ мұндай ұйым қызметінің өзге де принциптің мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауды тек қана авторлық және сабақтас құқық иелері жалпы жиналыста алқалы түрде жүзеге асырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *