Заман және дәстүр мен жаңашылдық
Журналистер де жазушылар секілді творчествомен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір-біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатадыы Шығармашылыққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лабаратория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. міне, содан бері, осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. онымен қоймай, бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады. мұның өзі, әрине заңды нәрсе еді, өйткені журналистің де еңбегі туралы осылай айтуға толық мүмкіндік береді. сондықтан «журналистің творчестволық лабараториясы» деген ұғымдағы сөз тіркестерін қолдануды ғылыми ортада жатсынбай, қайта өмірдің қажеттілігі ретінде өзінен-өзі қалыптасып келеді.
Егер қазақ журналистикасының тарихына үңілсек, жалпы публицистиканың дамуына назар аударсақ, көп жайды аңғаруға болады. Ал мұның бәрі өздігінен болған нәрсе емес, қайта көптеген тұлғаларымыздың басқа да еледердегі секілді, қазақ журналистикасының негізін салып кеткеніне байланысты. өткен ғасырдағы Шоқанның «Жоңғария очерктерінен» бастап, Абай мен Ыбырай еңбектеріндегі публицистикалық сарындар мен элементтер қазақ журналистикасының бастау бұлақтары десе де болады. Одан соң мерзімді басылым ретінде дүниеге елген «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттерінің, «Шолпан», «Сана», «Садақ журналдарының» атқараған рөлі қалай айтуға да тұрарлық.
Бүгінде құрғақ ақпараттың заманы өткен. Ендігі мәселе, журналист материал жазғанда терең аналитикалық талдауларға барып, өзіндік ой түйіндері болмаса, еңбегі бағаланбайды, құны төмендейді. Журналистикадағы замана тынысы, тиімді әдіс-тәсілдер, адамзат күткен рухани мәселелер шеберлік пен тәжірибені, тер төккен маңызды еңбекті қажет етеді. сонымен бірге, халықаралық журналистиканың да осы заманғы даму деңгейіне көтерілу-журналистік творчествоның өзекті міндеті болып саналады.
Творяество жолы –қиын жол. мұны әркім де түсінеді. жас журналист кәсіби тұрғыда мамандану үшін асығыстық жасамай, байыппен, ерінбей-жалықпай творчество тәсілдерін үйренуі тиіс. бір қарағанда бәрі де жеңіл көрінгенімен, нақты іске кіріскенде әлі де көп нәрсенің жетіспей жатқанын жас маманның өзі де сезеді. мысалға, ой қалай туындайды, тақырып қайдан алынады. мәлімет қалай жиналады, кейіпкермен әңгімелесу психологиясы қалай болмақ, ақыр соңында материал жазу процесін орындап шығу жауапкершілігі қандай? бұған қоса, тіл, стиль, логика бірден уысқа түсе қоя ма? Ал композиция мен сюжет құру, оны үйлестіру қолдан келе ме? Жазған дүниең ойлап қарағанда, талай сырдың астарын аңғартпақ.
Журналистің өмірді тануы, оны көріп-біліп, барлық әсермен қабылдауы өте керек қасиеттердің бірі. Адамдармен қарым-қатынас жасай жүріп, өмірдің таңғажайып сырларына қанығу, оған құмарлана қарау арқылы өзінің ой-түйсігіңді, ішкі сезіміңді дамытудың мәні зор. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға көмектеседі, рухани әлеміңді байтады.
Журналист өз заманының шежіресі. Заман ағымын түсіну, өткенге көз жіберу, болашақты болжау. Дәстүр жалғастығы. Өткеннен үйрене отырып, жаңаша іздену. Қалыптасқан дәстүрді жаңарту. Тың тәсілдер мен әдістерді қарастыру. Жаңаша ойлау, жаңаша жазу. Тынымсыз ізденіс және еңбек. Творчествоның ұдайы даму үстінде болатындығы. Заман талабы мен халық күткен мақсаттарға сай еңбек ету міндетті. Таным, көзқарас, автор позициясы.
Материалды жазу процесінде журналистен көп нәрсе талап етіледі. Яғни, журналистің жазу өнеріне деген қабілеті қандай екені де осы тұста байқалады. Әркімнің қабілет деңгейі әрқалай, бәрі бірдей емес. Табиғат берген дарын біреуде жоғары, біреуде орташа болуы да мүмкін. Бірақ бұл да нағыз мәселе шешетін нәрсе десек, біржақты пікірге ұрынамыз. Өйткені, дамытпаған дарынды өшіруге болады, ал орташа дарынды өсіруге болады. Мұны өмір көрсетіп жүр. Демек, білік – білімдіарттырмаса қандай талат иесі болса да жоғары шеберлікке жете алмай, орта жолда қалуы мүмкін. Сондықтан қыр – сыры көп творчестволық ізденіс тоқырамай, үнемі диалектикалық даму үстінде болуға тиіс. Ғалымдардың айтуынша шамамен талант 20-30 процент болса еңбек 70-80 процентті құрайтын көрінеді.
Әрине, жас журналистерге бұл орайда тынбай іздену міндеттері қойылатыны белгілі. Олардан жоғары шеберлік талап етілмесе де бірте –бірте творчестволық өсу эволюциясын бастан өткеру керектігі бұлжымайтын талап.
Жазу өнерін толық меңгеру үшін творчестволық заңдылықтарды, әсіресе публицистикалық жанрларды жан – жақты білудің, оның ерекшеліктерін сезінудің маңызы зор. Бұл жайлар студенттерге аудиторияларда барынша түсіндіріледі. Бірақ сол теориялық мәселенің практикалық жүзеге асырылуы қалай болмақ? Бұл жағы оқытушы ғана емес, студент -журналистің өзнің қабілет қарымына да байланысты екені сөзсіз.
Зерттеуші В.М. Горохов «Закономерности публицистического творчества» деген еңбегінде журналист туралы : «…ол неғұрлым сенімді түрде әдеби публицистикалық еңбекті игерген сайын, соғұрлым оның алдынан объект толық ашыла түседі», — дейді. Шындығында автордың потенциалы кең болған сайын, оның қарымы да ұлғая түспек.
Журналист өз заманының жаршысы. Оның ескіше жазуға, ескіше ойлауға, ескіше қолтанба қалыптастыруына хақы жоқ. Кешегі творчестволық табыс бүгінге өлшем емес. Ендеше журналист әркез жаңа қарынға таңылырп отыруы тиіс. Ол заманнан артта қала алмайда. Ол — әркез алғы шепте тұлға.
Кольцовтің мына бір пікіріне назар аударып көрейікші: “Журналист болу тек сапар шегу, көру, материал алу , жазу ғана емес — бұл ерекше өмір сүру деген сөз ”. Иә, бұған алып — қосар пікірдің қажеті шамалы. Үлкен журналистің түиінді ойы ғой. Журналист еңбегі қалай орындалды, ол үйде немесе редакцияда, жазу үстелінде қалай творчестволық процесті басынан кешірді – мұнда оқырманның ісі жоқ, оқырманға керегі журналистің газет бетіне шыққан материялы, шығармасы ғана. Мұны творчество иесі ұмытпауы керек, үнемі есте тұтуы қажет. Оқырман журналистің үйдегі ажзу үстіндегі қиналысын көріп – білмейді. Ендеше ол автодың творчествосын жариялаған дүниесіне қарап қана бағалайды.
Журналистің творчестволық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай белгілі бір жүйе де қалыптасқан. Ғылыми еңбектердегі солардың кейбірі былай жіктелген:
- ақпарат тарату құралы түрлері: радио, баспасөз, телевидение;
- жергілікті орнына байланысты: орталық, облыстық, аудандық, аймақтық, халықаралық;
- функциясы бойынша: арнаулы немесе жалпы саяси, жалпы ұлттық…;
- қай әлеуметтік топқа арналғаны: балаларға, жастарға, әйелдерге, т.б.
- мерзім бойынша: күнделікті, апталық, айлық, кешкі;
- салалар бойынша мамандау: саясат, мәдениет, ауыл шаруашылығы, экономикалық;
- жарлық мамандану; очеркші, репортер, фельетоншы.
Қазіргі кезде журналистиканың негізгі міндеті – информатциялық қызметпен бірге, қоғамның саяси — әлуметтік мәселелеріне бұрынғыдан да батыл араласу болып отыр. Оның жиі айтылып жүргендей “төртінші өкімет” рөлі қоғамдық өзгерістер мен тәуелсіздік жағдайында онан сайын бел ала түсуі – заман алға қойып отырған талаптан туындайды. Соныдықтвн беріліп жатқан әрбір хабар маен әрбір сөздің саяси өткір, творчестволық көркем, әлеуметтік актуальді әрі проблемалы болу кезек күттірмейтін мендеттер. Журналистің ойы, сөзі мірдің оғынадй көдеген жеріне дөп тиіп жатуы жөн. Оның әсер – ықпалы өлшеусіз жігер — қайратқа құрылса дұрыс. Мұның өзі оперативтікке, жедел де, жылдамдыққа ұласып жатса журналист еңбегінің жанағаны деп ұғу керек. Журналистің өз инициативасы, белсенді әрекеті де көп нәрсені шеше алады. Ол қоғам дамуына қызу атсалысып, жұртшылықтың қоғамдық пікіріне зор әсер етеді.