Журналистің құқықтары мен міндеттері

Журналист ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқықты. Журналист мемлекеттік органдарға, барлық меншік нысанындағы ұйымдарға баруына және өзінің қызмет бабындағы міндеттерін жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткізу туралы шешім қабылданғаннан басқа жағдайда өзін тіркеген орган өткізетін барлық шараларға қатысуға құқықты. Журналист ҚР Заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның ішінде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсіру құралдарын пайдалана отырып жасауға құқықты. Журналистің куәлігін көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингілер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де білдіру нысандарына қатысуға құқықты. Журналист құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар үзінділерін қоспағанда олармен танысуға рұқсат алуға құқықты. Журналист алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге кезінде мамандарға жүгінуге құқықты. Журналист өзі дайындаған хабарлар мен материалдарға талап қойып, шартты атын (бүркеншік атын) көрсетіп таратуға құқықты. Журналист материалдың мазмұндық редакциялық түзетуден кейін оның жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға құқылы. Журналист авторлық және ақпарат көздерінің құпиясы соттың талап етуімен жарияланған жағдайларды қоспағанда бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.

         Журналистің міндеттері:

1) Журналист ҚР заңдарын басшылыққа ала отырып, өзі шарттық қатынастарда тұрған БАҚ қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға міндетті. 2) Журналист шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға міндетті. 3) Журналист ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтініштерді қанағаттандыруға міндетті. 4) Журналист жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге міндетті. 5) Журналист ҚР заңдарына сәйкес өзіне жүктелген өзге де міндерді орындауға міндетті.         

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *