Журналистік  шеберлік  пен  тәжірибе

Журналистік  шеберлік  пен  тәжірибе

         БАҚ – тың түрлеріне орай творчество да өзінше қалыптасып отырады. Журналист газет, радио, телевидениеге қай жағынан алғанда да материалды бірдей етіп дайындай алмайды, олай етудің қажеті де жоқ. Бұл ретте оның әрқайсының ерекшеліктері мен өзгешеліктерін ескеру бұлжымас шарт. Мысалы бір ғана очерк жанрын алайық. Осы очеркті газетке жазғанда басқаша, радиода басқаша, телевидениеде басқаша қалыпта беруге тура келеді. Өйткені мұның әрқайсысының өзінің табиғатын, сипатын аңғару қажет. Газет  очеркінде әбеби – көркем сөз нормаларын сақтаудың әдіс – тәсілі бөлек болса, радио, телевидениеде бұл жай техникалық құралдарды пайдалануға байланысты басқаша қырынан келуі мүмкін. Баспасөзде оқиға, факті сөзбен суреттеліп, оқырманның оқуына негізделсе, радиода тыңдаушы мүмкіндігі ескеріледі. Себебі, радионың материалын газеттегідей әркім өзі қолына ұстап оқымайтыны түсінікті. Радио хабары көру, оқу арқылы емес, тыңдау арқылы қабылданады. Оның материалдары диктофонға жазылып, не диктордың оқуымен ғана беріледі. Онда кейіпкердің өз сөзі, дауысы жанды түрде жазылып алынса, газетте кейіпкер сөзін автор диалог, монолог арқылы прозаға түсіреді. Ал телевидениенің бұл екеуінен де айырмашылығы бары белгілі. Теле хабарлар адамның көру қабілетіне негізделеді. Экрандағы бейнекөріністердің берілуінің өзіндік әсері бар. Мұндай көріністерді газет баяндау, бейнелеу арқылы сөзбен жеткізсе, телевидение ондай сөздерді баяндап жатпай – ақ киносуреттерді көрсетудің өзі жетіп тұр. Жас журналистер мұны үнемі ескере жүрулері керек. Бүгінде журналистика ел шеңберінде қала алмайтындығы. Оның аясы кеңейіп, халықаралық дәрежеде жұмыс істейтіні туралы. Тәуелсіз Қазақстан енді жер жүзілік өркениетке қосылу үшін шетелдер мен журналистика салаларында да жан – жақты байланыстар орнатып жатқандығы. Осы ретте журналистік творчествода дамыған елдер журналистикасымен тәжірибе алмасу қажет екендігі. Европа, Америка, Шығыс елдері журналисьтикасымен қарым – қатынас жасап, әлемдік ізденістерге қосылу керектігі. Әлемнің ірі ақпарат құралдары қазірдің өзінде Қазақстан хабарларын және өздері де бізге хабар беріп жатқандығы жөнінде. Мұның пайдасы мен тврчестволық әсерлері туралы. Бірақ олардың кемшілік жақтарын қабылдамауымыз шарт екендігі. Жер жүзілік құндылықтардан шет қалмауды қазірден ойластыру қажеттігі. Бұл орайда ұлттық БАҚ – н дамыта отырып, творчестволық ізденістер жасаудың артықшылығы.

         Бүгінгі күнде тағы бір үлкен проблема – халықаралық журналистика тәжірибесіне назар аудару болып отыр. Шындығында журналистика шекараны білмйтін сала. Әрбір ұлттың, халықтың өз мәдениетін дамытып, өз журналистикасын өркендетуі үлкен болыш болуымен бірег, өз шеңберінде, өз аясында қалып қоюына да болмайды. Онсыз өсу- өркедеу, алға басу болмақ емес. Томаға – тұйықтық жараспайды. Басқа да дамыған елдердің жақсы жағын үйреніп, нашар жағынан жиреніп отырудың артықтығы жоқ. Осындайда айта кетер нәрсе – журналистикадағы халықаралық байланыстардың арасында творчествоны байытуға мол мүмкіндік ашылады. Қазіргідей барыс – келіс, алыс –беріс орнап жатқан заманда мұның өзі керек жағдай. Бұдан былай да қарым –қатынастар жиілемесе, азаймайтыны рас.

Қорыта келгенде, журналистің шеберлік  лабораториясы жайлы көп айтуға болады. Күнделікті өзімізбен қатар өмір сүріп, редакцияларда еңбек етіп жүрген есімдері елге белгілі журналистердің творчестоволық лабораториясына ден қойып, олардың қалай жазып, ұқалай еңбек ететінін білу – болашақ жас журналистерге үлкен сабақ боларын сөз басында айттық. Әрине, творчество теңіздей терең, таудай шың – құздары бар мол қатпарлы, көп сырлы болғандықтан барлық мән – маңызын ашып тастау да мүмкін емес. Шеберлік үнемі даму, өзгеру, жаңару үстінде болғандықтан да оған біржолата «нүкте» қойып қорытындылау да келісімсіз болары ақиқат . Бір сөзбен айтқанда – творчество шексіз!… Сондықтан біздің мақсатымыз – оның кейбір қырларын ғана студенттерге бағыт – бағдар ретінде ұсыну еді.

Шеберлік туралы ұғым. Ол қалай пайда болатын жайлы. Шеберлік жолындағы ізденістер. Тәжірибе жинау шарттары. Көрнекті журналистер еңбектерінен мысалдар келтіру. Қаламгерлік машықтың өсу сатылары. Журналистің кәсіби тұрғыдан толысуы. Білім мен білік. Жақсы шығарма қалай жазылады? Тартымдылық, әсерлік, қызықтылық. Құнды матеиал дегеніміз не? Творчестолық шеберлік мәні.

Әдебиет:

  1. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974
  2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967
  3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991

Семинар сұрақтары:

  1. Журналист және компьютерлік технология

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *