Ауызша – бұл көпшілік алдында айтылған сөз

Авторлық құқық мақсаты, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет, өнер және публицистика туындыларына қолданылады. Авторлық құқық объектісі: 1. Жазбаша болуы мүмкін. Мысалы, қолжазба немесе машинкаға басылған текст. 2. Ауызша – бұл көпшілік алдында айтылған сөз. 3. Үнжазба немесе бейнежазбалар.

         Ал нақты атағанда мынадай туындылар авторлық құқық объектілері болады. Әдеби туындылар, сценарийлер, дыбыс-бейнежазу туындылары, соның ішінде телетуындылар. Сонымен бірге туынды шығармалар: мәселен аудармалар мен өңделген дүниелер.

         Ал авторлық құқық объектісі болмайтын туындылар мыналар: ресми құжаттар, заңдар, сот шешімдері, әкімшілік және дипломатиялық мақсаттағы мәтіндер. Халық шығармашылығы туындылары, оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асуы үшін туындыны тіркеу өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлдебір шарттылықтың орындалуы талап етілмейді. Ал айрықша авторлық құқықтардың иесі өзінің құқықтарын хабарлау үшін авторлық құқық қорғау белгісін пайдалануына болады. Ол белгі туындының әр данасына қойылады және мынадай үш элементтен тұрады:

  1. Қоршауға алынған @ әрпі.
  2. Айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі.
  3. Туындының алғаш жарияланған жылы.

         Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретінде көрсетілген адам туындының авторы деп саналады. Автордың туынды құқығына қатысты жасалған шарттарды куәландыру үшін оны кез келген уақытта ресми тізімдерге тіркей алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *